Ертегі "Жер мен Аспанның достығы"

Жер мен Аспанның достығы

Тым ерте заманда жердің бетіне ештеңе өспейді екен. Өсімдіктермен ағаш тамырлары болмаған соң ауа ластанып барша тіршілік иелері адамдар, аңдар жерді таптап топырағын бұрқыратып жер — көкті шаң-тозаңға айналдырыпты. Топырағы құрғаған жер адамға жалынып:
— Ей адам баласы сен ақылдысыңғой маған ақыл айт не істейін-депті. Сонда адам:
— Жер сен өзіңе дос ізде саған көмектесе алатын, басқа амалың жоқ.
Сол күннен бастап Жер өзіне дос іздепті. Бір-ақ ешкім жермен дос болғысы келмепті. Бір күні не істерін білмей шаң-шаң болып келе жатып Жер жылап отырған Аспанға кезігіп қалыпты.
Жер:
-Ау аспан неге жылап отырсың- деп сұрапты.
Сонда Аспан:
— Менімен ешкім дос болғысы келмейді бәрі «сен тым алыстасың, сені сағынсақ саған жете алмаймыз» дейді. Енді ешкімге пайдам тимеген соң жылап отырмын –депті Аспан мұңын шағып. Сонда Жер қуанып кетіп:
— Кел екеуміз дос болайық. Меніменде ешкім достаспайды бәрі аяқтарымен таптап төмендете береді -дейді. Сонда аспан:
— Сен жерсің мен аспанмын арамыз тым алыс қалай дос боламыз?
— Сен мені сағынғанда жыласаң көз жастарың маға түседі ал мен сол арқылы сенің достығыңды сезінемінде көз жасыңды бойыма сіңдіріп аламын сосын сенің көз жасыңнан түрлі өсімдіктер шығарамын – депті Жер ағынан жарылып.
Аспан Жердің ақкөңіл, жомарттығына таң қалып онымен дос болыпты. Сол күннен бастап Аспан досы Жерді сағынғанда жылайды екенде ал Жер досының көз жасын жұтып алады екен. Сөйтіп Жер мен Аспанның достығының арқасында табиғи өсімдіктер пайда болған екен.

3 пікір

ereke_enu
қызық ертегі екен. Бұл ертегіге сенсек, біз жақта Жер мен аспан қырысып қалған-ау дим)
Kan
Айтпа достықтары бұзылған шығар
AKA
Жақты, достықтан бөлек сезімдерге де жол көрсетілген сияқты…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.