Жол апаты!

Жол апаты

Қыс мезгілінің орта кезі. Жер көктің бәрі тайғақ. Қала ішінде көлікпен жүру мүмкін емес. Тайғақтың салдарынан түрлі апаттар орын алып, көлік қозғалысы тіптен қиындап кетті. Осындай қауіпті білсемде, анасы ауырып қалған досымның үйіне дәрі апарып беру керек болған соң көлігімді оталдырып жолға шықтым. Қанша жерден сақтықпен жүргізсем де көлігім тая береді. Зорға жүріп келем. Абай көшесімен келе жатып Кенесары дағылының бұрысынан бұрыла бергенім де көлігімнің арты тайып барды да жол шетіндегі жолақта кетіп бара жатқан жолаушыны қақтым да кеттім.
Шошып кеткенім сонша көліктен атып шығып қағып кеткен жап-жас жігіттің қасына барып «кешіріңізші» дей беріппін. Құлап жатқан ол байғұс «аяғымай, аяғымай» деп жылап жатыр басы қан-қан шамасы жарылғанау деймін. Не істерімді білмей жедел жәрдемге қоңырау шалдым. Әлде біреулер «өзі неге алып бармайды ауруханаға» деп жатыр. Қалай алып барам жер тайғақ көлік жүргізу мүмкін емес, оның үстіне беті — басы қанға малынып жатқан жігітті көтеріп көлікке салуға дәтім жетпеді.
Көп ұзамай жедел жәрдем де келді. Іле мертіккен жігітті көліктеріне салып алып кете барды. Жеделжәрдеммен қоса келген жол палициялары мені өз көліктеріне отырғызып алып бөлімшелеріне әкетіп барады.

Қорқып келем, жүрегім атша тулап мазам қашып келеді. Бейне өмірім тоқтап қалғандай. Енді шынымен қылмыскер болып түрмеге тоғытылам ба? Шамамен қанша жыл береді екен? Мүмкін жазаға тартылмайтын шығармын. Мүмкін абайсызда болған жай деп ескеріп жазадан босататын шығар. Білмеймін, білмеймін басым қатты. Санамда сайраған сансыз сұрақтарға еш жауап таба алар емеспін. Не істеймін, нендей шара қолдансам болады?

3 пікір

Jako
Аяғы жақсы аяқталған болар джеп үміттенемін.
nurgazina
Ештеңеден қорқпаңыз! Құдай өзі жар болсын!
Kan
рахмет достар
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.