Жаңа маусымда - жаңа «Ән жұмбақ»

Қазақстан Ұлттық арнасында аз уақыттың ішінде көрермендердің көзайымына айналып үлгерген «Ән жұмбақ» теледуманының екінші маусымы басталды. Күнделікті күйбең тіршіліктен шаршап келгенде, сізді біздің арнада «Ән жұмбақ» сазды бағдарламасы күтуде. Бағдарламаны көріп, көңілді ойыннан ләззат алыңыз. Бізбен бірге ән шырқап, ән емтиханын бірге тапсырыңыз. Жұбаныш Жексенұлы танымал әншілердің музыкалық білімін тексеруін жалғастыруда. Жаңа маусымда көрермендерді тартысты ойынмен қатар сүйікті әншілері және танымал әндер күтуде. Сіздерді «Меломен» тобы, «Қоңыр» тобы», «Заман» тобы, «Мұнарлан» тобы, Cаят Медеуов, Арман Дүйсенов, Есен Елеукен, Қалқаман Сарин, Данагүл Темірсұлтанова, Әлішер Кәрімов, Марат Ілиясов, Ақжол Мейірбеков сияқты танымал эстрада жұлдыздарының ойындары күтуде.
«Армандар орындалады» демекші, Қызылорда облысынан хат жолдаған көрермен Қымбат Саймағамбет біздің жобаға қатысуға қалай жолдама алды? Ұстаздан шәкір озды ма, озбады ма? Танымал композиторлар неге өз шығармашылығындағы әнді таба алмады? Танымал топтар өз әндерінің авторларын неге білмей қалды?
Осы сауалдарға жауапты 3 қыркүйектен бастап, дүйсенбі-жұма күндері, сағат 15:20 Қазақстан ұлттық арнасынан «Ән жұмбақ» бағдарламасының жаңа маусымын тамашалау арқылы ала аласыздар.

14 пікір

Kan
Шындығында осы бағдарлама өз басыма онша үнамайды. Жай бір өткізе салған дүние сияқты болады да тұрады. Ешбір тартымды әсері жоқ.
anjumbak
Қазақ әндерін дәріптеп, қазақ тілін насихаттау мақсатында түсірілген бағдарламаға неге ондай сын жаздыңыз? Бұл жерде үлкен ұжымдық еңбек жатыр
Jako
Қазақ әні соншалықты насихаттауды тілеп отырған мүсәпір халде деп ойлайсың ба? 18-19-шы ғасырларда қазақ халқының әріп танитын сауаттылары, бүкіл халықтың 5 пайызына да жетпеген,қазақ әндері сонда да өлмей қазірге дейін жетіп отыр.Демек бұның бәрі тілді,әнді бет перде(ширма) етіп ақша жасаудың жолдары.Солар тегін насихаттар ма екен әнді, насихаттамақ тұрмақ тойыңда тегін ән салмайды.
banzaika1990
Жұбаныш Жексенұлы, Мөлдір Әуелбекова, Айқын, Мақпал Исабекова — бәріне жүргізуші болған мүлдем жараспайды.
Korkem
Сайтымызда сізді қош көрдік
rauan
Жаңа маусымда — жаңа «Ән жұмбақ»
дәл сол бұрыңғы ән жұмбақ… тек артындағы топ қана ауысыпты
Kan
Егер бір дүниені өткізетін болса қалай болса солай өткізе салмау керекқой. Әншілер бар екен,әніміз мол екен деп біреуді шығарып керсінше ән айтқызып міңгірлетпей. сосын бағдарламаның өтілу барысы баяғыда мен мектепте өткізетін кештер сияқы тақыр еш бір бояуы жоқ. Жұбақ жасыру, мақал айту, сөз құрау біз осындай ескі дүниеден асып не ойлап таба аламыз осы… Тақырыбын өзгертіп ішкі дүниесі ұқсас болсада айдай береміз. Болып жатқан Елімай теле думанында да ән жасырады ғой. оны неменесін қайталай береді түсінбеймін.
qwenchi
Ән,ән, ән. Қазақстан арналарының қайбірін ашсаң ән болып жатад. Осы ғылыми, балаларға қызықты бір нәрсе ойлап таба алмайсыңдар ма?
User
Не надо так рекламировать!

Сайтқа жарнама несіне жарнама қыласыз?!
Ak123
Студио 54-ті алып тастағандарыңыз дұрыс боптыыы. Барлық әнді бұзып айтушы еді!
Madi
студия 54 жақсы сияқты еді керісінше.
Ak123
мен бұл пікірімді "Ән жұмбақ" жаңа топпен шықпай тұрғанда жазған едім… студио 54те, жаңасы да оңып тұрған жоқ в общем
Madi
Неге қарапайым адамдар қатыса алмайды және неге сыйлықтарыңыз онша емес?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.