"Айтабер!" қолданушыларына құлаққағыс! Оқыңыз!

Тәәәк, біраз адамдардан сайт жөнінде, дәлірек айтқанда қолданушылардың сайтта өзін-өзі ұстау тұрғысынан шағымдар түсіп жатыр. Осының негізге ала отырып сайт администрациясы ескертеміз:
1) Сайтты әркім келіп аузына келгенін оттап кететін мал қора ету үшін ашқан жоқпыз. Тәртіп пен мәдениет болуы керек. Жоғарыдағы мәзірден «Айтабер!» туралы дегенді басып ережені дұрыстап оқып шығыңыздар!
2) Дәл қазір біздің сайтта жақсы посттар мен ойлар жазу жағынан қыздар жағы өте белсенді. Сондықтан тролль жігіттер мен жынысы белгісіз қолданушылар оларға тиісе беруді доғарыңыздар! Одан да талқыға түсетін дұрыс посттар жазып үйреніңіздер!
3) Сәйкесінше, жақсы жүрген ер жігіттер қауымы 2 пунктті дұрыс жағынан түсініп, өз қалпынан айнамай ары қарай жалғастыра берулерін сұраймыз!
4) Бұл сайт еріккеннің ермегі деп ойласаңыздар қатты қателесесіздер! Бізге әр қолданушы қымбат! Бір қолданушының кетіп қалуына себепкер болған кез-келген қолданушы сайттан ескертусіз қуылады. Беталды мәнсіз нәрсе жаза беру «мода» емес. Пайдалы тақырыпта ой өрбітсеңіздер барлығымызға да пайдалы.
5) Осы сайттың ашылғанына көп болмаған болса да жақсы достар тауып жатқандар аз емес. Сайт Қолданушылары өзара тату болғаны өте маңызды. Егер тұрғылықты қолданушымыздың жеке ожданына әсер ететін керағар пікірлерді көрсеңіз, әлгі пікірді жазған адамды минустау — достық және азаматтық борышым деп есептеңіз.
6) Сайтта «саналы минустау» болуы керек. Ретсіз минус қойғыштар да банға жөнелетінің ескертеміз. Қойылған минустар кім тарапынан екендігі администрацияға белгілі екендігін ұмытпағайсыздар!
7) Егер жазылған пост сізге ұнаған болса, жазбаның астындағы + белгісін басуға ерінбеңіз. Ол жазушының рейтингін көтеріп қана қоймай, басты бетке және "Үздік жазбалар" қатарына қосылуға мүмкіндік береді
8) Газеттен, басқа блогтардан, кітаптан тікелей көшіріліп жазуға, қарақшылық контенттік сілтемесін беруге тыйым салынады. Пайдалы нәрселерді көшіргенде міндетті түрде алынған сайттың сілтемесін беріңіздер!

9) Осы уақытқа дейін ауыр немесе жеңіл сөздерден ренжігендер болса сайт админі ретінде барлығыңыздан кешірім сұраймын. Бұдан былай ондай нәрселерге жол бермеуге тырысатынымызды ескертіп өтемін.
Назар аударып немесе жай ғана оқығандарға да рахмет. Болашақта қызық және тату-тәтті ортаға айналамыз деп сенемін.

56 пікір

Korkem
+1
meirambek95
Менің жазбамды неге өшіріп тастады админ өзім жазғанымды
Korkem
Енді соны менен сурайсыз ба?
meirambek95
Мен сенен сұрап жатқаным жоқ, пікірді қайда жазарымды білмей осында жаза салғаным ғо, қарындас
MSHERIMBEK
Тақырыптары газет және басқа сайттардан алынған (ұрланған) мақалалармен біртектес болған соң солармен қоса байқамай өшіріліп кеткен болуы мүмкін. Егер өз жазбаң болса, ақау үшін кешірім өтінем. Қайта жарияласаң қуана-қуана пікірлеп бағалаймыз. Рахмет!
Aknyet99
Қыздардың қасында жер болдық-ау!23 жазбам текке кетті((
MSHERIMBEK
тролль жігіттер мен жынысы белгісіз қолданушылар
Сен тролль емес шығарсың?:) Сен мән берме, жақсы жазасың!
Aknyet99
Троль болмасақ орк шығармыз мүмкін!
Madi
тролль деген қалай ол? не сөз?
Abylai
мынау ғо ))) (типі отқа май құюшылар, немес от жағушылар)
ereke_enu
Бірдеңе бүлдіргенсің ба?
ereke_enu
Минустау бүгінгі күннен басталды шығар деген ойдамын)
MSHERIMBEK
Саналы минустау болады деп үміттенейік:)
ereke_enu
Қош бол, қайран менің 0,06((((
ereke_enu
Комментарийлерді өшіру (удалить) деген функционал болса, керемет болар еді…
Aknyet99
Қарасақал аға саған сұрағым бар?!
100 факт дұрыспа?!
Айтабер сайтында не жазуымыз керек жаңалықтан басқа?!
MSHERIMBEK
Жаңалық жазу міндетті нәрсе емес қой. Күнделікті өміріңнен қолданушыларға пайдалы болады-ау деген кез-келген нәрсе жазуыңа болады.
100 факт жазыла берсін. Жақсы нәрсе.
Qarakerey
Садық аға, кешіріңізші, енді қайталанбайды.
Күнделікті өміріңнен қолданушыларға пайдалы болады-ау деген кез-келген нәрсе жазуыңа болады.
менде кеш-алдын жазған өлеңдер бар еді, жарияласам болад па? тек мазақ пікір емес, себебі жүрегімнен шыққан өлеңдер.
MSHERIMBEK
хехе, Поэзия, менімен егізсің ба не? блогына жариялай берсең болады, ботам!
Qarakerey
тханкс Сәке, сол жаққа кеттім мен.
MSHERIMBEK
Қателестің Қаракерей:) Ол зындан емес:))))
AKA
ботам
Муахахаха :)))))) ойбаааай, өлдім!
Daka_sss
топ-та 5-тұр ғой, значит сұраныс бар))
calendula
Келісемін. Постқа + — беруді әлі де білмейтін секілді көбі.
AKA
Екі қолданушы + қойдым деп пікір қалдырыпты. Өтірік! Жаңа ғана мен + қойып, екеуге жеткіздім. Пікірде + қойдым деп жаздың ба, ерінбей қой! Мақтаған екенсің, соған сәйкес бағаңды да бер!
Qarakerey
не деген қатал адамсыз!
AKA
Ойлай берсем ой терең-ді
Кінәлайсың текке неге
Осындаймын қайтем енді
Өтінемін өкпелеме…
©
Alpamis
Әрине сайтта тәртіп сақтаған дұрыс!
beka2332
Біреулер бар + басып қойдым деп жүре беретіндер) қолданушылар + — басқанда біраз күтсеңіздер жаңынызда дауысыңыз есептелді деп хабарлама шығады соны күтсеңіздер деймін))) өз атымнан +1)))
Daka_sss
бәрі осыны есіне алып жүрсе деймін!
Qarakerey
Лібәәә, отырыңдар енді, плюс пен минустарыңды санап, кім қойд, кім қоймады?! Қоғам еще!
Daka_sss
таға айтарым, админдерге. бос тұрған блогтарды өшірсе жақсы болатын шығар, тым болмаса 1 пост тұру керек емес па?
MSHERIMBEK
Иә, пост жазылмаған блогтарды өшіреміз
Baha_07
Әркім өзінің шынайы ойын дұрыстап жеткізе білсе болды емес пе?! Әрине адамның көңіліне, жеке басына тиісп керегі жоқ… Өзгені де өзіңді де сыйла, сонда ғана ортаға сыйлы болсың деп ойлайм!
MSHERIMBEK
мінеки сөз. ақылы бар адамға жоғарыда жазылған нәрсе керек те емес қой негізі, ол әрбір адамның стандартында болуы керек.
Baha_07
Мен сіздікі қате демеген едім негізі… бұл жалпы өз ойым, пікірім еді, келісем мұны уақытында жазып отырсыз!
MSHERIMBEK
Мен «жоғарыдағы» деп постта жазылғандарды меңзеп отыр едім. Пікіріңіздің өте орында екенін алдыңғы пікірімде айтып өттім Бәке:)
Baha_07
Сіз қай постты айтып отырсыз, мүлдем түсініп отырғам жоқ сізді?
AKA
Мақтаватр Сіздің жазған пікіріңізді, риза боп.
aikedoku
Не ғой, негізі ше, бұл ережелер жалпы бәріне тең ба әлде модераторлар мен админдарға жүрметін заң ба?)
Rustem
Құдайдың алдында барлығы тең! ойбай не деп қуып кеттім, әрине модераторларға бұл ереже жүрмейді, олар кімді қаласа, қашан қаласа троллить ете береді вааахахахахахах!
MSHERIMBEK
Заң шығарушы орган өзі оны орындамаса халық та оны орындамайды:))))
Arhun
Сәке, толығымен сізбен келісемін!
konvict
8) Газеттен, басқа блогтардан, кітаптан тікелей көшіріліп жазуға, қарақшылық контенттік сілтемесін беруге тыйым салынады. Пайдалы нәрселерді көшіргенде міндетті түрде алынған сайттың сілтемесін беріңіздер!
Абидалт, тойыс әбіл, егер мақала өзіңдікі болса ше?
MSHERIMBEK
Сол үшін редакцияңда очкиіңді сындырмайтын болса бола береді, үздікжасфутболистеріңдіссс:)
ardak1996
дұрыс айтасыз сізбен келісемін… көңілім орнына түст…
mairosh
қызығып оқыдық па әлде жәй оқыдық па әйтеуір оқып таныстық))))) қалжын. Сайт жаңадан ашылғанымен болашағы бар екені көрініп тұр. бес саусақ бірдей емес пост жаза алмағандарға қиын болары анық. Ал жазғандарға оңай әрі қызықты көрінеді. негізі осы сөздерді пост қылып қойғанша сайт ережесі қылған дұрыс ақ. Тіркелген адамның көзіне оттай басылып тұрса сайттың мәні кіреді.
meirambek95
Сайтта адам саны аз екен, танымал сайттармен баннер алмассаңыз жақсы болар еді админ мырзалар,
meirambek95
facte.ru админ сайтты осындайға аударып тастасаң жа0сы болар ед
didi0393
osyndai eskertu posttardy ara arasynda jazyp turu kerek pa deim.janadan tirkelgender okymai kalady dep oilaim.ozimde aktaryp otyryp tauvaldym.
korwinin_kyzy
Саке,? Сен жаздынго мына постты Уже астын да пікірлерде адамдар бірімен ұрысып кеткенбе бе бірдем ғой )))) басқа посттар туралы не айтамыз сонда,, Мен өз өімді ондай меспын деп ойлайм, мен тәртіпті, ибалы, инабатты, салиқалы дев ойлайм өзімді хе хе
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.