Жексенбілік Айтаберліктердің кездесуі.



Ал ағайын көптен бері хабарлап жүрген Айтаберліктердің кездесуі белгіленген жексенбі күні Шымшахарда Жастар кафесінде болып өтті. Кездесу өте жақсы өтті. Виртуалды өмірде талқылай алмайтын тақырыптарды шынайы омірде ОФФЛАЙН-да талқылып, бір бірімізбен шынайы өмірде танысып, таныстығымыз бір табан арта түскендей болды. Осы орайда BAUR79, RUBEN атты Айтаберлік ел ағалары АЙТЫП, АЙТЫП жиналған жұртты өздеріне қаратып өте пайдалы ақпараттармен сусындатып өздерінің көрген, көп оқыған, іздегендігін өздері айтпай-ақ, айтып жатқан сөздерімен дәлелдеп отырды. Осы ағалардың әңгімелерін тыңдап отырып Кітап оқуға деген, тіл үйренсем деген ынтам арта түсті. Құдай қаласа Шымшахардың тумалары Нұрғиса, Данияр Алан атты ағаларымыз шымкентке ат басын бұрып келе қалса қуана-қуана ақыл кеңестерін тыңдап жақсылап тұрып бір ыстық-ыстық шайдан қайырармыз. Келесі кездесуді арасын ұзатпай жақын күндері ұйымдастырамыз. Келем деушілерге есік ашық.
Айтқандай келесі жолы қатарымыздан қыздар қауымын да көру деген үміт басым. Әр жолы әр форматта өткізуге тырысамыз. Бір жолы бір жерде жиналып, офлайнда талқылау, жақынырақ таныс түрінде болса, келесі бір жолында жастар жиналып Шымшахардың тамаша жерлеріне серуендеп экскурсия жүргізіп қызықты өткіземіз.
Енді кездесуден шағын суреттер.











Енді суреттегі жігіттермен таныстырып өтейін. Бірінші суреттен бастап солдан оңға қарай таныстырып өтейін.
1) Абілхан Жақын арада Айтаберліктің қатарынан табылып, тіркелемін деп уәде беріп кетті.
2) Данчик.
3) Ruben
4) baur79
5) Әлімжан ол Абілден бұрын тіркелемін деп кетті :)
6) Bakenti
7) Beko
8) Erlan
9) Nurzhan97 Нұржан атты ініміз келді. Рауанның құрдасы екен. Келесі жолы Рауан мен Нұржанды офлайнда таныстырамыз. :)
10) Менмін, бірақ мен көрінбейтін көйлек киіп түскен едім.

Келесі жолы бұдан да көп мыңдаған адамның басын қосып кездескенде, осы мақаланы оқып отырған қолданушы сізді де сол кездесудің қатарынан көргіміз келеді. Ал, Қанеки Айтаберіңдеррр )))

66 пікір

Daniar_alan
тамаша жігіттер. бар екенсіңдер ғой бауырлареееееееееммм. Қорықпаймын енді. Шүкір… шүкір… Тәубаааааааааа о құдай…
qyrmyzy
со ғо, жүрегіміз орнында енД
qyrmyzy
біразы бар екен ғой, расымен! Жарадыңдар!
Dan4ik
керемет кездесу болды бұл менің алғашқы кездесуім болды...
User
Суретте Рубен қайсысы?
rauan
Бәрінің ең бірінші ойы рубенді көру екен гой ))
qyrmyzy
бару керек ең ше
User
жас екен ғой лібә.лібәд ойлайтын едім бір ақыл тоқтатқан үлкен кісі шығар деп…
Manas

енді аваңызға фотоңызды қоя берсеңіз болады:)
mairosh
Әдемі түсде тұрған ешнәрсе жоқ. Бірақ авадағы суретің тұра берсінш:)))
Korkem
еее осындай екесіз ғой рубенЗафар тонмды теріс кігізіп тастап еді негізі
Korkem
ялқалдым ғҰәә
qyrmyzy
вахаха, әсерді жаз, әсерді
Manas
/Мына көзілдірікті ағамыз сіз бе)Жас көрінеді екенсіз.......:)
yerbol89
Аха ағасы. Енді әрқашан Бакен екеуіңізіз кездесуді елестете алмаймын. Екеуіңіз тұнып тұрған баға жетпес байлықсыздар ғой. Әңгімелеріңізді естудің өзі бір ғажайып қой. Құдды бір білімге, ізденіске деген ынтаны ашып жібересіздер. Осындай кездесулер жиі-жиі болып тұрса екен.
qyrmyzy
Ерлан мен Данччииик
Dan4ik
Қырмызыыы ұялееееп кеттім ғой…
Abylai
АйтпақЧ астарың дәмді болсын
yerbol89
ииии қайсы қолына жұн шығып, қолы қышып жүрген адам. Менің мақаламды неге алғашқы бетке шығарып қойды. қазір өшіріп тастайын ба! Менің ешқандай мақалам алғашқы бетте жарық көрмеуі керек. иии Қайсың ол Төбең тесілгірррр (Жынданып тұрған смайлик)
Korkem
мазақтамаймиии тураверсін ық-ық
Nurzhan97
Мен еңң бірінші кетіп қалғаным өкінішті болды. Сондықтан суреттерде жоқпын. Ербол аға видеоларды да салсаныз… Киви ге маааа… Сал осы атмосферадағы адамдармен танысып алайын…
Dan4ik
Ереке шота біреулер үндемей отыр ғой солар ау әсті…
Nurzhan97
Мен еңң бірінші кетіп қалғаным өкінішті болды. Сондықтан суреттерде жоқпын. Ербол аға видеоларды да салсаныз… Киви ге маааа… Сал осы атмосферадағы адамдармен танысып алайын…
Delfina
Керемет! Күшті күшті жігіттер)) Данчиктін шаш қою үлгісі ұнады)) Бірақ оған Рубенде қалыспай келеді екен. Баур79… негізі көөөп қыздарға томпақ жігіттер ұнайды)) Ал Ерболға әңгіме жоққой)))
Dan4ik
хехее құдайдын берген қоңыр шашы ғой тек өзімнін тұрғызып алғаным болмаса
Delfina
құдай беруін аямай ақ берген екен)))
Daniar_alan
негізі көөөп қыздарға томпақ жігіттер ұнайды
егер қызға айтылса оскорбление ретінде қабылдайитын еді ғұӘө?
qarasaqal
көөөп қыздарға
ну, примерні (әрі тупо) 20000 қыз деп алатын болсақ, жалпы статистикаға шаққандағы жер шары әйелдерінің 0,0002 пайызын зорға құрап тұр. Лібә, махаббатқа сенуден қалып барам ба, не боп кетті өзі?
Dan4ik
ендігі жолы қыздар сіздерде келетін шығар деген ойдамыз...әйтпесе қапа болып қаламыз
qyrmyzy
Инш, күздің бір айында барам Шымкентке тойға! Сол кезде сенің шашыңды ұстап көргім келед.
Әбизөк, кездесик!
Dan4ik
хахахахахаха қойшы шашымды ешкімге ұстатпаймыыыыын…
miras
қай қалада орын алған жағдай мынау?
qyrmyzy
Шымкент қаласында орын алған опат жағдай
zhomart
'арманымдағы' Рубеннің түрін көрдім, енді zhurttyn_balasy н кору керек ;))
zhurttyn_balasy
бетің ашылып қойД, енд жәйіңа қарап отсищ
zhurttyn_balasy
орамалың құтты болсын
zhurttyn_balasy
біздің елде орамал — носовой платок
Жайықтың жағасында тұрмайтындар қайдан білсін ©
qyrmyzy
Орамал — полотенце кей жерлерде.
Korkem
орамал тонға жарамаса да жолға жарайды)
qyrmyzy
вахахахха, апашкі
Delfina
Осындай кездесулер жақсы негізі дә, көбінің беті ашылады. Енді сізбен біз кездессек)))
zhurttyn_balasy
Ақтөбеліктер жиналса, бір көрініп кетуіме болады :)
Delfina
жұрттар мына жұрттын баласы қай жақтан?
qyrmyzy
ой, апа, қайда барсаң да жұрттың баласы:(
уаааа дде, сындым) қалайсыздар, айтаберліктер?! басқа сайттар өз жөнімен ғо, бірақ дәл осы айтаберді сағынам деп ойламаппынбір азын оқып тебіреніп кетейін))
Karakulov
Айтаберлік, шығармашыл халықсыздар,
Әрбіріңіз биік тұлға, алыпсыздар.
Сегіз қырлы, бір сырлы, нар жігіттер,
Бастырыңыз бір қосылып қалыпсыздар.

Астанада айтаберліктер саны қанша екен? Бола ма осындай бірдеңе бізде де?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.