Қазан айындағы келесі кездесуга Айтаберліктерді шақырамын.


Айтаберліктердің Шымкент қаласындағы келесі кездесуге шақырамын. Кездесу орны сол баяғы Жастар кафесы. Болатын күні осы айдың 26-сы деп белгіледім. Бұл жолы тек жігіттер қауымы ғана емес қыздар қауымын да шақырамын. Өте қызықты өтеді деген сенімдемін.

Өтетін орны: Жастар кафесы
Болатын күні: 24 қазан
Уақыты: 18:00

Келемін деушілер астына аттарын жазып өтсе екен. Жиында тарататын алтынымыз бар еді, кап-кап. Соны жобалап алтын алып шыгайын уйден. :)

41 пікір

Yasin
Алла қаласа әрекет жасаймын баруға
yerbol89
Күтеміз ағасы!
Ademi
Шымкентке 8-қарашада бармақ ниетім бар еді…
yerbol89
Мейлі басқасын қарастырып көреміз. Осы 1-2 күнде кездесу орнын өзгертемін.
zhomart
Сол кездің жағдайына байланысты
Yasin
Рубен батаны қатырамыз ғой қолымыздан талай тәуіптер шықты ғой
Korkem
27.і үйде беташар, уақытын… қатып қалған қағида ма?
yerbol89
Уақыт пен күні өзгертілді енді келе алатын шығарсыздар! :)
Dan4ik
ереке барам ғой әрине бірақ 20-21 бомайма ертерек 24 сабақта прост…
Ademi
Не талқыланады? Әлде флуд-әңгіме айтыла ма?
zhomart
Қарашаға қалдырайық, Қырмызы келем деватыр сол кезде :-)
Kan
Осы Айтаберліктердің бәрі тек Шымкентте тұрады ма? Әлде тек Шым қалаға жиналатын ереже ме?
qyrmyzy
әр қаладағылар өз қалаларында жиналватыр
zhurttyn_balasy
Шымкентке Қарашаның жиырмаларында барым қалу ықтималдығым жоғары еді, келісуге болмай ма екен?
Korkem
мяяя жұрттың баласы келем десе көзімді жұмар ем ғой
Ademi
Сонша жиналуларыңыыз қиын ба? Кешкісін хабарласып жинала салуға болмай ма?
yerbol89
Сіздің құрметіңізге арнайы сол кезде де ұйымдастырамыз! )))
Ademi
Жиында тарататын алтынымыз бар еді, кап-кап. Соны жобалап алтын алып шыгайын уйден. :)
барам әбизөк онда
Jako
Не деген бейшаралық…
zhurttyn_balasy
Замандас ау, не болды саған?
Jako
Не болып бара жатырсыңдар, кездесуге шақыру, байқау жариялау, көтілет пісіру, тағы не?
zhurttyn_balasy
енДі? бұрындары байқау жариялау, кездесуге шақыру, кӨтілет пісіру деген болмап па еді? рас сайт аздап "өзгеріп" жатыр, бірақ бұған бір өтпелі кезең ретінде қарасаңыз болады
AKA
Сіздің пікірлерді оқысам, онда тек қазы-қарта, айран, шұбат, құрт-ірімшік ішіп-жеп, ештеңеден хабарсыз, киіз үйде, «ойбай, масқара, үйтіватр, бүйтіватр» деп жан-айғайымызды шығарып, бірақ түк те істемей отыру керек сияқты. Дұрыс шығар, өз кезеңінде, бірақ ізденіс, талпыныс, кездесу, ұйымдастыру, еңбектену болмаса, қазы-қарта жеп, айран ішіп үйде жату жоқ. Ондай деңгейге жету үшін де тер төгу керек. Сайттың өркендеуі үшін жанашырлық танытатыныңызды білемін, бірақ кездесіп, осы турасында әңгіме өрбітпесек, несіне ұжымбыз? Әлде бірлесіп жұмыс жасауға қарсысыз ба?! Байқау ұйымдастыру — ол жастарды тарту, ізденіске шақыру, бос отырмай, бір іспен айналысуға үйрету. «Кәтілет» пісіру дейсіз, қазақша «ас мәзірі» туралы жазатын арнайы сайт жоқ, орысша бәрі. Ал неге біз қазақша мәзірлерді жасап, жарияламауымыз керек? Бізге қазір сан керек, көбейген соң сапаға да көшеміз біртіндеп. Осында өзіммен бірге тіркелгендерге көп сын айтып, қателікке бой алдырмауын айтып келдік, қазір олардан нәтиже шықты. Дәл солай қазір санды көбейтсек, сапа да болады. Рахмет!
zhomart
Сізді жақсы көруіме ырұқсат па — 2 :-)
Jako
қазы-қарта, айран, шұбат, құрт-ірімшік ішіп-жеп, 

Оның несі жаман?
zhurttyn_balasy
қазы-қарта, жал-жаяларды контексттен жұлып алмай сөйлемді тұтас алып қарасаңшы, мысалы:
ештеңеден хабарсыз, киіз үйде, «ойбай, масқара, үйтіватр, бүйтіватр» деп жан-айғайымызды шығарып, бірақ түк те істемей отыру
Jako
Менің жасымда дәл осылай жатса да жарасар еді…
AKA
Уооот, көрдіңіз бе, сізге жарасады. Ал, жастарға тоқтаусыз еңбектену керек.
AKA
Жаман дегем жоқ, жақсы, өте жақсы! Бірақ соған қол жеткізіп, сондай рахат күйді кешетіндей кезең емес, бәрінен ол табыла бермейді. Әйтпесе ішіп-жеп, «алма піс, аузыма түс» деп кім жатқысы келмейді?! Бәлкім сіз сондай дәрежеге дейін жетіп, өсіп, жемісін көріп жүрген боларсыз, бірақ жастарға әлі өсу, еңбектену, талпыну, жүгіру, ұмтылу керек. Кейін біз де бала-шағамызбен қазы-қарта жеп, қолжетімді ғаламторда отырармыз.
Daniar_alan
Не болып бара жатырсыңдар, кездесуге шақыру, байқау жариялау, көтілет пісіру, тағы не?
кететін адамның әңгімесі ғо…
Jako
Қайда кетемін, ондай ой жоқ.
yerbol89
Уақыт пен күні өзгертілді енді келе алатын шығарсыздар! :)
followme_alik
Кездесулерің сәтті өтсін.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.