Достар сүйінші

Айтабер! - танымдық блогтұғыры /
Достар кеше яғни желтоқсан айының 25-ші жұлдызында сағат 13-00 — де Әйелім 2,600 кг болып дүниеге тұғыш балам,қызымды алып келді. Мен босанғанда қасында болдым. Босану тым ауыр екен әйелімді аяп кеттім. Қызымның есімін кім қойсам екен? Кешіріңіздер қуанышымды сіздермен бөлісуді жөн көрдім.

41 пікір

VVVWWW
Бауы берік болсын, қуанышыңмен, еліміз мақтанар азаматша болып өссін! (әйтеуір бір жақсы хабар естідік қой осы сайттан, көптен бері позитив жазбалар оқымай кетіп едік), қуанышыңмен бөліскеніңізге көп рахмет.
Сосын тұңғышыңның атын өзің қойған жөн болар деп ойлап отырмын (әрине таңдау өз еркіңде ғой)
P.S. Сенімен бірге бәріміз де қуанып қалдық
Соңғы өңделген уақыты:
Kan
рахмет досым. Қуанышыма ортақтасқаның үшін мың алғыс. Айтқаныңдай қызым еліміздің мақтанышы болсын
Jako
Ооо, Кан мырза той сіздің ауылда екен ғой.Кішкентайдың бауы берік болсын.Қуанышыңа ортақпын.Ал ат таңдау жағына келсек, тұңғышыңа атты үйдегі үлкен кісілер таңдағаны дұрыс болар деп ойлаймын.Қандай ат таңдалса да өмірлі болсын!
Kan
Рахмет сізге.Дұрыс айтасыз үлкендердің қойғаны дұрыс шығар. Онсызда әкем менің қызы деп жатыр
naimankyzi
Құтты болсын!!! Бауы берік болсын! Ақылына көркі сай қыз болып өссін!
MSHERIMBEK
Бауы берік болғай
Kan
Рахмет Оразбай! ойланатын есімдер екен.
MSHERIMBEK
Көркем, Шұғыла, Бегімсұлу, Кәусар, Бірсұлу (менің анамның есімі), Керімбала деген аттарды ұсына аламын:)
Jako
Бірсұлу, керемет, кездесе бермейтін есім екен.
Jako
Сағынғаным, Аңсағаным — деген аттар қалай болар екен?
Соңғы өңделген уақыты:
pari
Аңсағаным менің туған апамның есімі!:)
Gakosh
Кішкентайдың бауы берік болсын! Анасының денсаулығы мықты болсын! Қыз есімдері көп.Дегенмен бірінші баланың есімін атасы мен апасы қойғаны жөн сияқты.Қазіргі таңда есімдердің сүлулығына ерекше мән беріліп жатыр.Дүрыс. Алайда, балаға қысқа әрі жеңіл есімдер қойған дүрыс болар.
Соңғы өңделген уақыты:
Kan
Рахмет сізге. Дұрыс айтасыз айтылуға тез мағнасы терең есім қойылса
pari
Құтты болсын! Өнегелі де, тәрбиелі қазақтың қарапайым қара көз қызы болып өссін!
qyrmyzy
Кан мырза, бауы берік болсын. Еңлік, Інжу, Нурилә, Жайна, Ару, Гүлім...Біртүрлі бокеттім ғүә!
Kan
Рахмет бәрі жақсы. Онсызда Інжу деп қойамыз ба деп ойласып жатырық
VVVWWW
Біртүрлі бокеттім ғүә!

Ол неліктенен екен, ә?
qyrmyzy
Endi oziniz oilap karasanyzwy :)
Yasin
Кан, бау берік болсын! Аллаһ өмір жасын ұзақ қылсын ата анасына қайырлы болсын еліміздің бір туар азаматшасы болсын!
есімін Кәусар, Айша, Раян, деген есімдерді көр, Кәусар жаннатағы бұлақ есімі, Айша Пайғамбарымыздың с.а.у жарының есімі, Раян жаннат қасырлары
Kan
Рахмет айтқаның келсін. Кәусар деген есім өзіме де ұнайды
dimash
Шын жүректен тілерім бауы берік болсын!
Delfina
Бауы берік болсын, қызығын көріндер.
Көркем, Інжу, Сымбат, Қарақат деген есімдер жақсы.
Ais_97
Құтты болсын,қызығын көріңіз! Бауы берік,қазақтың батыр қызы боп өссін!
khairbek
Ингеборге,, Саммита, Элеонора, деп койма Хафса, Асма, Хадиша, Айща, Амина, Марьям, Зайнаб, Ханифа деп койган жаксы ҚҰТТЫ БОЛСЫН
Kan
Рахмет. Әрине мұсылман есімдерін қоямын
pernebekova96
Бауы берік болсын ағаа! Ақылына көркі сай, иманды, инабатты қыз болып өссін!
banzaika1990
Бауы берік болсын. Қызыңыз батыл болар, қыстың аязында дүниеге келген де онай емес. Берік, қайсарлы, жігерлі, денсаулығы мықты болып өсе берсін деген тілектеміз.
Zhanat
ақылына көркі сай үлкен азаматша болсын қызыңыз
yesbolat83
Кан мырза, қызыңыздың бауы берік болсын. Ата-бабаларымыз немерелі болғанда сыйластық танытып, өз құдаларына жиендерінің есімін қойғызатын болған.
Қандай есім болмасын жақсы, тартымды, мағыналы болғаны дұрыс. Атына заты сай дегендей есім де мағынасына қарай адам өміріне өз септігін тигізеді.
Құтты болсын! Қуаныштымыз!
Dan4ik
Бауы берік болсын… есімін Аяулым десеңіз жақсы есім ))
marghan_84
Бауы берік болсын! Қызығын көріңіздер, шын жүректен құттықтаймын!
Madi
Сиздин жолынызды бизге берсин! Кишкене Мас болып калган смайлик
zhurttyn_balasy
Бауы берік болсын
yerbol89
Оооо Жұрттың баласы амиго келіп қапты ғоооо ))
EREIMEN
ООО бауы берік болсын, Қазақ аутшы еді сүйніші сұрағанға қалағаныңды ал деп, иа бізде алар бірдеме болса бәрін алыңыз, менде күтіп жүрмін екі басым қашан үшеу болады деп, Қысқасы қуанышыңыз құтты болсын. сізге түкте жоқ, ал жеңешемізге бір құшақ гүл.
ereke_enu
Сәбиіңіздің бауы берік болсын, Кан мырза!!!
AKA
Қуанышыңызға ортақпыз! Аллаһ мәнді де ұзақ ғұмыр нәсіп етсін! Есімі кім болды екен?
Kan
Рахмет! Інжу деп қойдық. Аллаға шүкір
followme_alik
Бақыт_) Бауы берік болсын… Тіл көзден сақтай гөр. Әдемі есім — Інжу.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.