Мәңгілік махаббат

Мәңгілік махаббат
Махаббат… Осы бір сегіз әріптен құралған сөздің астарында қаншама мән-мағына жатыр. Махаббат — ыстық әрі қайталанбас пәк сезім. Осы сезімді жүрегіне билетіп, махаббат құрсауында болған қыз бен жігіттің хикаясын сөз етпекпін.
Айнұр — мектептегі озат оқушылар қатарындағы зерек, ақылына көркі сай, білімді әрі еңбекқор жаны жайсаң қыз. 11-сыныпты ойдағыдай аяқтап, жоғарғы оқу орнына түсу — оның ізгі армандарының бірі.
Арада бірнеше ай өтіп, мектеппен қоштасатын сәт те туды. Осылайша ҰБТ-ны да жақсы жазып, арман қала Астанаға оқу іздеп келді. Университетке үйреніп, группалас достарының арасында да сыйлы еді. Өзінен екі курс жоғары оқитын Абылайдың Айнұрға көзі түсіп жүрген болатын. Күн артынан күн өтіп, Абылай Айнұрға деген сезімін жеткізді.
Айнұр өте ұяң әрі ұялшақ қыз. Абылайға деген сезімі бола тұра, онымен сөйлесіп, жақын араласуды өзіне жөн көрмеді. Себебі Айнұр мұғалімдерден, университеттегі достарынан ыңғайсызданатын. Ақыры жігіт өз дегеніне жетіп, Айнұрды жеке кездесулерге шақырып жүрді. Қыз да оны шын сүйіп, жүрегін тек қана Абылайға арнады. Екеуі талай қызықты күндерді, айлы түндерді бірге өткізіп, махаббаттың кәусар бұлағына шомылды. Екеуі мәңгі бірге боламыз деп уәделесіп қойған еді. Алайда күндердің бір күнінде Абылай жол апатына ұшырап, сол мезетте көз жұмды. Бұлай болары Айнұрдың үш ұйықтаса да түсіне кірмепті. Қанша күн бойы есін жия алмай, ауруханада жатты.
Өмірінде алғаш рет ғашық болған жаны Абылай еді. Оған деген сезімі шынайы әрі пәк. Осы лаулап тұрған махаббат оты бір-ақ сәтте өшіп қалды.
Махаббаттың шырмауына шыңдалған Айнұр Абылайға берген уәдесінен өмір бойы бас тартпады. Оны мәңгі күтумен болды және ешқашан одан күдер үзбеді. Бұл өмірде бірге болмаса да, о дүниеде мәңгі бірге боларына кәміл сенді…

13 пікір

  • AKA
  • 0
Не себепті осындай көңілсіз оқиғалармен ұласады хикаялар?! Қайда барсаң осы ғой, студент қыз, қалаға барады, танысады, сүйіп қалады, үйтіп қалады, сөйтіп қалады. Сосын олар қосылады, ажырайды, жылайды, күтеді, тастайды, қырт-сырт… Жалықтырарлық…
  • Chan
  • 0
келесі оқитындарыңыз «Ене мен келін»
Өйткені, меніңше, шын ғашықтар қосылмайды өмірде. Сондықтан бәрі бір-біріне ұқсас.
Шын ғашықтар қосылмай ма, әлде, адам шын ғашық болуды білмей ме?
Адамдар шын ғашық болуды біледі, бәрі адамның өз қолында негізі.
  • qyrmyzy
  • 0
Ақыры жігіт өз дегеніне жетіп, Айнұрды жеке кездесулерге шақырып жүрді. Қыз да оны шын сүйіп, жүрегін тек қана Абылайға арнады. Екеуі талай қызықты күндерді, айлы түндерді бірге өткізіп, махаббаттың кәусар бұлағына шомылды. Екеуі мәңгі бірге боламыз деп уәделесіп қойған еді.
Abylai, арамдаааар! Бәсе деймін. Чета арамыз нетіп кетті.
Соңғы өңделген уақыты:
  • Chan
  • 0
5 жыл неткенің не жазбаған
  • Abylai
  • 0
Емааааа
  • qyrmyzy
  • 0
Екеуі талай қызықты күндерді, айлы түндерді бірге өткізіп, махаббаттың кәусар бұлағына шомылды. Екеуі мәңгі бірге боламыз деп уәделесіп қойған еді.
Қызықсың. Как будто Мен кінәлі сияқтымын
  • qyrmyzy
  • 0
Екеуі мәңгі бірге боламыз деп уәделесіп қойған еді.
  • qyrmyzy
  • 0
айтпа
мен сіздің не айтқыңыз келгенін түсіне алмадым?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.