"Вся президенская рать" фильмі - американдық кинематографиямен байланыстырушы "алтын көпір"

«Вся президентская рать» фильмі — Алан Дж. Пакуланың тамаша шығармашылық туындысы. Фильм 1973 жылы болған Уотергейт оқиғасын зерттеген Боб Вудворд және Карл Бернстейн атты журналистердің «Вашигтон пост» газетіндегі документалды зерттеу жұмыстарына орай құрылған. 4 рет Оскар сыйлығын иеленген.
Боб Вудворд және Карл Бернстейн еңбексүйгіштігінің, сабырлығының арқасында өз дегендеріне жетті. АҚШ-тың 37-ші президенті Никсонның жемқорлығын анықтады. Осындай бірнеше детальдар Уотергейт оқиғасы мен АҚШ президенті Никсонның өз қызметінен босатылуына алып келді.
«Вся президентская рать» фильмі – 70 жылдардағы американдық кинематографтардың көркем туындыларының бірі. Сол жылдарды американдық кинематографияның «алтын ғасыры» деп атауға болады. «Вся президентская рать» фильмі де әлемді американдық дүниемен байланыстырған «алтын көпір» іспеттес. Фильм толықтай документалды дүние. Оның барша көрермен қауымға берері мол. Фильм барысында Боб Вудворд және Карл Бернстейн журналистердің қандай болу керектігін көрсете білді. Өз мамандығына қалай қарауды, қалай қызмет етуді жалпы журналист қауымға үйрете білді.
Бұл фильмнің жетістігі-журналистердің нағыз өз ісінің шебері екендігін дәлелмен көрсете білуінде. «Вся президенская рать» фильмі тарихи оқиғаның желісімен түсірілген шынайы әрі өткір сюжетті туынды. Журналистика саласында қызмет етіп келе жатқан жандарға берері мол бұл фильмнің ешқашан қоғамдағы өз орны жойылмайды. Америкалық кинематографияда «Вся президентская рать» фильмі алтын әріптермен жазылып, өз ролін жоймақ емес. Фильм тек Америкада ғана емес, бүкіл әлем бойынша бірнеше алғыс хаттармен марапатталып, мадақтаулар алған. Әлемдік деңгейде жарыққа шыққан бұл фильм әлемдік тарих төрінен барып орын алды.
Қорыта келе айтатыным, фильмді көру барысында көп нәрсе үйрендім, рухани азық алдым десем артық айтқандық болмас. Сапалы дүниені әлемге паш еткен режиссерлар саны арта берсін, тарихи маңызы бар фильмдер көбейе берсін демекпін.

10 пікір

kazakh_kyzy
Жарайсың Әсия! Керемет кино, расында, жігер мен кәсіби шабыт сыйлайды десе де болады…
assiya_nurlybaeva
Арай, рахмет… Расымен де, тамаша кинофильм. Менің көңілімнен шықты. Басқаның да көңілінен шығады деп үміттенемін. Көрсеңіздер, өкінбейсіздер…
ai-naz
Жазарың көп болғай!
jalyn
Жазбаны қайдам, фильм маған өте қатты ұнады! Никсонның заңсыз әрекеттерін әшкерелеген тұсына өз басым қатты мән берген жоқпын. Ең маңыздысы шетелдік журналистердің жұмыс істеу принциптері мен ақпарат алу, таратудағы әрекеттері қызығарлық дүние. Жалпы, Вудворд алғашында Никсонды әшкерелеймін, сенсация жасаймын деп мүлде ойламаған. Барлығы тек ақпаратқа деген құмарлық пен кәсібіне деген адалдықтан туған.
assiya_nurlybaeva
Ия, дұрыс айтасың, фильм өте керемет және әсерлі. Бәрімізге де ерекше әсер етті
2006 жылы түсірілген «Вся президентская рать» сенатор Хьюи Пирс Лонг туралы фильм де қызықты, танымды әрі тартымды. Сол фильмді көргеннен кейін, егер Лонг (президенттік сайлауда жеңгенде) пен Гитлер қосылғанда не болар еді деген ойда қалдым. Сұмдық…
assiya_nurlybaeva
Иә, сіздің айтқаныңызға қарағанда қызықты фильм секілді, көру керек. Кейін ой-пікірмен бөлісе жатармыз…
STR
кино — жаман емес. тұлғалары нашарлау. мемлекетке қызмет еткен адам пендауи кемшіліктерден ада болуы керек. әйтпесе кей лошаралар секілді біреудің дегеніне салпаңдап еріп, мәңгі қорадан шыға алмай жүргізіп қояды адамды.
assiya_nurlybaeva
Мхм, дұрыс айтасыз. Бірақ лошаралар секілді деп жаман айтпаңыз.Біреудің дегенімен жүретін көнбіс адамдар ғой. Қайтеміз өмір солай енді…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.