Александр Бородиннің "Князь Игорь" атты операсын тыңдағаннан кейін туындаған жыр жолдары

Таңғы самал лебі ескен далаға,
Күн сәулесі шуақ шашқан жағаға
Айдын көлдің ортасында қос аққу
Жүзіп жүрді таңырқап тамашаға.
Биік таулар күн көзімен таласқан,
Айдын көл тұр сол жағада орналасқан
Жасыл ағаш, ну орман, шуақты күн
Табиғаттың әсемдігі жарасқан.
Әдемі бейнеленген ашық аспан,
Күннің нұры айналаға шуақ шашқан
Жағада жүрген қос ғашық аққу
Пәктік пен сұлулыққа жол ашқан.
Бұлбұлдар ән салып жүр далада,
Аққулар жүр жүзіп әлгі жағада.
Сауық-сайран құрып жүрген сәттерде,
Түн болып, бір күн өтті арада.
Үнсіздік… Төңіректің бәрі жым-жырт,
Қос аққу айырылмастай жүрді жүзіп
Кенеттен басқан аяқ дыбысы естілді,
Қолында мылтығы бар аңшы келді.
Аңшы жүрді айдын көлді аралап,
Қос аққу жүрді көлді паналап
Бір мезетте бәрі үнсіз бола қап,
Аяқ асты аққуға мылтық атылад.
Айдын көлі боялды қызыл қанға,
Ұрғашы аққу өлді дәл сол арада.
Жалғыздыққа шыдамаған бұл аққу,
Жан тапсырды ол да әлгі жағада.
Аңшы байғұс не істерін білмеді,
Қорыққасын үйіне қаша жөнелді.
Дегенмен де өз қатесін түсініп,
Айдын көлге бұдан кейін келмеді.
Тазалық пен пәктікті бейнелеткен,
Талай аққу бұл көлде мекен еткен.
Ел аузына таралған бұл хикая
Киелі жер аталыпты сол сәттен.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.