Көше симфониясы

Бір көше бар… Ол көшеге түскеннен бастап таңғалыстан денеңді небір таңғажайып сезімдер баурап алары даусыз. Жол жиегінен танауыңды тесе мүңкіген хош иісі жан сарайыңды ашпаса жаппас. Жолдың екі жиегі жылтырай көз жанарыңды алар кемпірқосақтай складта өткенннен қалған құтқан қызылды-жасылды түстермен боялған үй маңайын күзеткен қаңылтырлар… Бірінің есігін теуіп бетін бұлтитып алты-жеті жасар бала көз жасын төге сыртқа шығып келеді. Бұның өзі осы бір әсем пейзажды толықтырып тұрғандай…
Келе жатып опера сахнасының алдынан өткендей әсер аласың. Либертосын драматург неткен шеберлікпен жазған десеңші. Тарихтың шаң басқан беттерінде қалар жәдігер. Ариясын орындаған тарландардың өнері таңдай қақтырар! Па, шіркін! Ғажап өнер!!! Орындағандар: бірінші бастайтын арғы жақтағы үйдің Қаракөз атты иті, артындағы оркестр неткен табиғи шыққан, ғажап!!! Көңке маторының дырылы, үйде тоңқалаң асқан ағамыздың құрылы… Арт-артынан келер кезегін асыға күткен көрші сахнадағы (бергі жол жиегі) Қаракөзге сезімін білдіріп ариясын Ақтөсіміз ала жөнеледі. Бәрінен басы ауырған көше доны дяд Васьяның иті дяд Боксер гав етеді. Бүкіл көше үнсіз.
Көшемен жүре бересің таңғы уақыт. Елдің ауыр денесін төсектен айырған уағы. Жер үйдің қақпасын айқара ашып, иесі жол жиегіне тізесін бүгіп отыр. Белінен жоғары тырдай жалаңаш, қырыққа шыққан терісі солып, салбыраған. Терісі тура «қара қағаз» ойына келген суреттің бәрін шималаған. Жалаң бұт қыздың суретінен бастап Ленин атасының суретіне дейін. Қоқыс жәшігіне мыжғылап ашулана лақтырған сорлы қағаз кейпі. Ап-арық ет жоқ, сүйек пен тері ғана, желімді жағып, епсіз қолмен жбыстырылып ортасына ауа тұрып қалған секілді. Алланың сыйға берген рухымызға пана болған, киген қалыбымыз теріні осылай қорлауға бола ма?
Әсілінде гүлмен жайқалатын көше жиегі қоқысқа тұншыққан. Кейбір үйлердің бүйірлеріне қоқыстан көмескі достарымызға дастархан жайылып «Кел! Кел!» деумен тұр. Қоқыс салған темір қалып жерге көмкерілген. Енді бірі лоқсып асқазанындағы қоқыстарын құсып, құсқаны шашырап ұсқынсыз кейіпте. Оның түбінде арақ пен сыра шишалары қарайып, түнде жанған ошақтың «мен мұндалап» тұрғаны. Бұнда сән беріп ең таза тұрғаны подьездердің бірінің алдына орысшалап: «Лена сені сүйемін! Сенің сүйікті Ваняң»,- деп ақ сырмен жазылған сезім хаты.
Қазіргі табиғаттың әуезіне айналған, тірліктің айнымас бөлігі тракторлардың дүрілі. Жерді тесіп, ішек қарнын ақтарып тастап кететін әдеттері. Бір кезде қиқылдап көліктің үні естілді, артынша тарс-гүрс ете қалды. Қызық іздеген жүгірмектер ұқсап жұмысшыларымыз құйындай жетіп барды. Жұмыста істері жоқ, бәрі жапырылып мында жүр. Сондағысы пілге құмырсқа соғылғандай тура бұрылыста аңғазардай джипке шайтан арба соғылған екен. Жай дөңгелегі тиген, жүргізуші әйел болғандықтан шиқылдатып-қиқылдатып жібергені.
Бір көшенің тірлігі осылай күн айнала өтуде. Желді гуілдете өткен көлікте, жүргіншілердің демі, ашылып-жабылған есік қиқуы, аяқ топыры, желдің үрлеуімен жер бетін сипап ұшқан жапырақ үні, ағаш бұталары мен желектерінің сыбдыры, бәрі-бәрі көше симфониясын оркестр болып ойнауда…
Төрехан Арыстан

8 пікір

Kan
«заборлар» «шопыр» " клейді" сіздің қосқа сөздеріңіз. қазақша көркемдеп келіп арасына мынандай шалдырларды несін қыстырдыңыз. Жазғасын таза жазу керек.
Сосын «Белінен жоғары тырдай жалаң,» деген сөлемде «тырдай жалаңаш» жазылады «жалаң мен жалаңаш екеуі екі мағна береді осындайларды да абайлап жазған жөн.
Кейбір сөйлемдерің еш мағна бермейді түсіну қиын мысалы: „Енді бірі лоқсып шашырап ұсқынсыз.“
Жалпы мағнасына келетін болсақ бір көшенің, бір сәттік көрінісі шебер бейнеленген. Көркемдік жағынанда жетістіктер бар.
AshTrollToqTrollmenOinamaide
Үйбәй) блог қой) Мінсіз жазу міндет пе?
satirik92
rahmet, menin kozdegenimde kemwiligimdi tuzutu edi! Alla nurga bolesin!!!
satirik92
Бұны да қайта қарап шығыңыз!
geofizik_001
Kan-ның айтқанына келісемін. Жалпы жақсы жазылған, тек жария етпес бұрын қазақ тілінің маманына немесе қазақ тілін жетік білетін бір адамға тексертіп алғаның дұрыс болар еді.Грамматикаға қатты мән беретінің қуантады. Сәттілік келер жазбаларыңа!!!
yesbolat83
Жақсы жазылған, маған ұнады. Тек қана Қанат айтып өткендей кішкене ғана жерлері болмаса өттте тамаша суреттелген көше бейнесі. Өзге де осындай тартымды жазбаларыңызды күтеміз…
satirik92
katelikterim uwin kewirinizder, menen agattik!!! endi tirisamin!!!
satirik92
Өңдедім қайта оқып көріңіздер!!!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.