Сол бір жаңбыр, сол бір найзағай...

Кеше кешке досымнан дискі алмақ ниетпен сыртқа шықтым. Аларымды алдым, қайтқанша күн күркіреп жаңбыр жауды. Бірдемде қараңғы батты, басымда бір ой қатты… Жаңбыр жерді жуып, өсімдіктер мен ағаштарды суарды… Жаңбырдың әрбір тамшысы тиген сайын тоңудан көрі жылына түскендей сезімге кірдім… Жаңбырдың тамшысы есімде, кішкентай кезімде мөп-мөлдір, ал қазір қаралау… Бұл неге?
Әрине адамзаттың пасықтығы, жүректердің жасықтығы… Секунд, минут, сағат, күн, түн, апта, ай, жыл өткен сайын адамның жүрегін қара түнек жаулауда. Мысалы: қылыш бірінші кейпі балқуы, екінші кейпі қалыпқа салынуы, үшінші кейпі қайралуы, төртінші кейпі қынапқа салынуы, бесінші оның іске жарауы… Ол қылыштың қорғаныста тұрғаны дұрыс па? Әлде қаныпезердің қолына тиіп қан жалағаны дұрыс па? Әлбетте қорғаныста істетілуі…
Алланың бізге жүректі беруі үлкен сый… Жүрек пен сана үзілмес байланыстың иелері. Тек Хақты мадақтап, Хақтың бізге ең соңғы Пайғамбарымыз саллалаху аләйһи уәсәләм арқылы түсірілген Құран кәрімді оқып, тоқу үшін жүрек берілді. Ал сана ақ пен қараны айырып алуымыз үшін берілген-ау??? Әлімсақтан бері жанымыз жаратылып, мұсылман болдық. Бұл өзгертілмес шындық және мен осыған қуанам Аллама мыңда бір шүкіршілік айтам…
Кешегі найзағайдың жарқылы көз алдымнан кетпес бейне… Өкініштісі… Адам баласы сол найзағайдан қорқады. Жеті жасар кезімде Көкшетауға лагерге барғаным есімде. Бір бөлмеде төрт-бес бала жатамыз, дәл терезеде жатқан бала менен үлкен, найзағайдан қорықаны соншалық көрпеге оранып дірілдегені көзімнен кетпейді… Ия, найзағай қорқынышты. Ал Алланың қаһары қандай қорқынышты???
Найзағайдың жарқылы расымен шошытатын шығар мүмкін. Ал маған Алланың қалауымен шабыт сыйлады. Жарқылдаған сәтінде мезеттік көзді ауыртар жарық сәті бар, ойы терең адамға бұныңда бір мәні бар… Шіркін Аллам нәсіп етіп жүрегің сол мезеттік жарық секілді, жарық болса менің ешбір арманым жоқ. Алланың жаратқан заттары да, мақұлықтары да, табиғат құбылысы да бәрі де әдемі… Бұған өз өмірімнен дәлелім бар, маған шындық, мүмкін сізге өтірік…
Биология пәні, оныншы сыныпта болса керек. Ол кезде сабақ оқу дегенді білмейсің, сабақта ойыңа келгенді істейсің. Оқыған кейіппен кітапқа қадаласың, ең бастысы қоңырау соғылса жетерлік. Досым екеуміз кітаптағы нүктедей ғана өлшемдегі тірі мақұлықтың қимылын байқадық… Міне Алланың құдіреті, жылжып барады, ол да тірі, ол да тіршілік иесі… Алланың алдында бәріміз теңбіз…
Найзағайдың жарқылдауы, жаңбыр жауғаны бәрі де Алланың қалауы. Бәрінде де Алланың адамзатқа айтары бар. Кешегі кеш, сол бір сәт, сол найзағай жарқылы, сол бір жаңбыр есімнен кетпесі ақиқат. Жерді жуған жаңбырды себеп етіп, Аллам күнәләріміз бен қайғы қасіреттерімізді шайып кеткей!!! Жаңбырмен тазару да сүннет екен ағайын…
Төрехан Арыстан

5 пікір

AKA
Жақсы, жақсы, ұнады!
yesbolat83
Жаңбырмен тазару да сүннет екен ағайын…
Солай ма? Сонда қалай тазарасың? Осы уақытқа дейін жасаған күнәларымды шаяйын деп ем.

Жазба адамды жақсылыққа ойландыруға шақырады екен.
satirik92
Аға, сізге рахмет!!! Басқа шығармаларыма да көз жүгіртіңізші сіздің сұрағыңызға да жауап табылады…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.