Біздің базардың тірлігі

Базар, базар ол өз алдына бір әлем. Оның әуені де, әуезі де бөлек. Оның нотасы да пердесі де тиынның үні. Сықыр, сықыр. Оны өндіре алмасаң басында да сықыр, сықыр, сықыр…
Шындуайтына салсақ ол жердегі әрбір пенденің көксегені пайда. Шығысы да, кірісі де тең таразы. Жалғыз қалғаннан жаны қиналып қытайдың қара-ала дорбасын сатқан апамнан бастап, анасының жетегіне ерген шикі өкпеге дейін іздегені пайда.
Апамыздың ұраны:
— Пакет аламыз! Бар болса тағы ал!
Шикі өкпенің ұраны:
— Ананы, ананы, ананы, ананы да алам!
Апамыздың бұған барған себебі зейнет ақысын салар әмиянды аларға ақшасы жетпей жүр.
Шикі өкпенің келген себебі анасының саудасы болмағандықтан ананы сұрап, мынаны сұрап көрші сатушылардың саудасын ашайын дегені. Емшек сұрап жылаған балаға ана емшек бар…
Апамыз күніне кішкентай базарды төрт қатарын төрт мың рет айнала жортады. Сондағы сатқаны бір аптада төрт қалта.
Бұл өзі қу базар. Жиырма бірінші ғасырда қол телефоныңа бірлік салар орын таппайсың. Нанасыз ба? Нанбайсыз ба? Өз еркіңіз.
Тағы бір апам бар. Оның сүйетін сөзі — «бамбук». Өзінің қарсысындағы жігітті ұялтып, өзі былқ етпей, әйел баласының іш киімдерін сатады. Келген кеткен қыз келіншек «Бамбук» апамыздың жанына тұрып іш киімді өлшеп бұлаң-бұлаң еткенде, қарсыдағы жігіттің беті шоқ болып, жоқ болады.
Бамбук апамыздың куйеуі оның жанынан орын теуіп еркектердің іш киімін «Пекинский» маркасымен «Турецкий» іш киімдерді сатылымға қосты. Оның жетістігі үш күнде үш жүз тенге!!!
Күн қара суық. Жаулық сататын апайым «адидас» тәпішкесін іле сала шауып жүр. Тағы аяғын емдетуге тамыршы қытай таба алмай дал.
Темір дүкен үстінде сақыр-сұқырлап жігіттіер жүр. Көктен жауған жамбыр жолын жауып, темір дүкеннің тесік «басын» жамап жүр.
Бұл базардың айналасы оқу орын. Студенттер бұл базарға ренжулі. Бұл студенттер білім іздеген қыршын жастан көрі көненің той іздеген кезбелерінің «заманауй» түрі. Олардың алған шәкіртақылары, көбінесе ауылдағы анасының шытқа түйіп жинап жіберген ақшаларын бұл базарға бір кіріп құртулары міндет. Осыған қарағанда бұл кезбелерге бағаның жоғарылағаны жағады ма? Қалай?
Бұл базардың халқы бір-бірін сатушылыққа тамырларын бекіткеннен біледі. Кейбірі сауда жоқ деп налып тұра өз орнына көз салмай көршісіне күйеуін жамандаумен қарбалас…
Тіптен байырғыдан түп қазығы қағылғаннан бері жүрген көне көз қарт алқашы да бар. Оның айтар сөзі:
— Өй, бекер екенсің? Анаған ұрлатып қарап тұрғанын не?
Осы сөзді айта тұра қалтасына жүн пайпақ сала беретін қалың бет.
Базарымыздың тұрақты қонақтары «балмұздақ» студенттер. Кеңсе тауарларын сатушыдан Алматы қаласының картасын алып, кезінде география пәнінен қашып оқымағанына өкінеді. Оңынан бір аударып, солынан бір аударып картаның ұйпа-тұйпасын шығарып сатушыға күлімсіреп қайтарып береді.
Осы кезде бір сатушы шытынап жүгіріп шыға келеді. Бірінші айтқан сөзі:
— Аңдаусызда өзімнің сүйікті жемпірімді сатып жіберіппін-ау?
Уақыт түс. Тамақтану шарт. Алдына шалғышын байлап, қолына кішкентай блокнотты ала, тапсырыс жазуға асығып даяшы төрт қатарды аралауға шығады. Әркімнін ішетін асын жаңылмастан айтып береді. Осы жолы бәрінен үйреншікті тапсырысты алды. Бірақ, кеңсе тауарларын сатып отырған ағамызға лагман жағып, арт-артынан ала беріп күндікке тапқан кірісін турадан асқазанға жөнелтті.
Тері шапан сататын атам ашулы. Туыстары жүктеген мың долларлық шубаны сата алмағанына емес. Көршісінің күн түстен ауа келіп: «Менің, осы, саудам қатып қалды»,- деп налитынына.
Мында бір жас бала, екінші жас балаға көңілі толмайды. Оның себебі мынау:
— Ақыры сен сатушысың. Осы неге жазбай-ақ ақшаны өзіңе «сындырмайсын» а?
Өзі туған әпекесінен күніне «сникерстен» және «доширактан» бірді-екеулі сындырып жүр. «Сындырам» деп жүріп қапелімде өзін-өзі оқуынан «сындырып»жіберген…
Әптен жабыларда дорба сатқан апамыз соңғы төрт мыңыңшы айналымын жасап:
— Өй, оңбағандар! Осы сендер үшін қам пішіп анау барахолкадан пакет тасып жүрсем, бүгін біреуінде алмадындар ғой?! Өй, жақсылықты білмес өңшең көкжал!!!
Бұл апамыздың күнделікті қоштасар сөзі еді, оған еш бір жан ренжімейді, керісінше осы бір көне көздің шағын ғана базарымызда жүре бергенін абзал тұтады.
ТӨРЕХАН Арыстан

3 пікір

satirik92
Пікір қалдырыңыздар! Рахмет!!!
Kan
Керемет жазба. Мін тағып сынауға дәтім бармайды. Базардағы өмірді ойлап ол жәйлі жазғаныңның өзі неге тұрады. жарайсы.
jalyn
Базар өмірі жап-жақсы суреттелген. Базар өмірі ерекше. Кез-келген адамға базарда, қызық үшін болса да, біраз жұмыс істеп көруді кеңес бере едім.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.