Су

Су – осы сөздің мағынасы қайда екен? Ол Алланың бізге келтірген мысалдарында болуы тура. Ал енді іздеп көрсек қайтеді?
Оның жауабы үйдің жанында ағып жатқан ағынды суда. Ол – Сайран көлі, осы көлге құйып тұрған сарқырама. Көшіп келгенде мен үшінші сыныптың табалдырығын аттаппын, міне бүгін мектепті де бітірдім. Қытайға сан мәрте барып үлгердім. Жақсыны да, жаманды да түртіптім. Надан да болдым, адам да болдым. Ал ағынды су, әлі ағып жатыр.
Таңғы алтыдан жүгіруге зауқы соққан кісілер оны шыр айналады. Бірі әңгіме айта жүреді, бірі қуаныштан күледі. Иван ағамыз болса бір ағаштың түбінде әжім басқан қара бетіндегі көк көзін жара қаптаған саусақтарымен ары мұжып, бері мұжып қағаз көрпесінен өзінің күстенген денесін көтере тұрды.
Абай даңғылынан төмен құлдыраған баспалдақтан қолында шөлмегі бар ағамыз жүзіне арам күлкіні шаптыра сарқыраманы тамашалап келеді. Ара-арасында шөлмекті көтеріп кеңірдегінен сасық сусынды жіберіп қояды. Оның көзі қарсы беттегі баласын ерте түсіп келе жатқан отыз жас шамасындағы ер жігітке түседі.
«Әке, әкелеп» келе жатқан төрт-бес жас шамасындағы балапандай қыз күлімдеп бір әкесіне, бір тұнық суға қарап мәз-мейрам. Олардың ізімен нұр төге әкесімен шамалас әйел жүгіріп келіп қызын құшақтап, уыздай бетінен сүйіп-сүйіп алады.
Сарқыраманың табанындағы көпірден, самай шашына ақ түскен ер кісі осымен шамалағанда төрт немесе бесінші айналымына нүкте қойды. Оның киіміне көз жүгіртсеңіз қардай аппақ шолақ жеңді тоқыма көйлек және аяғына киген теңіз суындай көкпеңбек спорттық шалбарын көресіз де, сүйсінесіз. Өзі сергек те шапшаң.
Қолындағы шөлмегін тастамай қытайдың байырғы заманындағы алқаштың кейпінде күресті жүргізетін батырлары ұқсап, мысық көздене бақытты отбасыдан көзін бір мезетке айырмайды. Оның ойы кеше түнде істеген қылығында.
Өзінің туған күнін сылтауратып:
— Еркектер анда-мында бір демалып тұруы заңдылық, — деп ақ жаулық тағынған әйелінің алдында осы сөзін данышпандыққа балап жұмыстан келіп тұрып қайтадан есігін қатты жауып кеткеніне қысыла тықыршытып тұр.
Мүмкін, бұл қылығын істемей, кеше отағасы боп, отанасының асын ішіп, сүйікті қызының еркелеп балабақшадағы қызықтарын айтқанын тыңдап отырғаны тәуір-ақ болармеді?
Енді не істейді? Әйелін күтудің орнына, уайым сыйлап түтіп жегені қалай?
Осы шақта ол ағынды суға ұзақ қарап тұрды. Кеше таңғысын өзінің асыл жары, туған анасындай оны киінідіріп жұмысқа шығарғаны есінде. Анасы да оны мектеппен қоштасу кешіне тура осылай шығарғаны да есінде. Өкініштісі, анасы сол кешке жете алмады…
Жете алмағаны әкесінің тойламақ болып көлікті мас күйінде жүргізгені еді…
Ал өзінің істегені: отыздың қақпасын енді қағып тұрып, нәпсі қақпасын ашқаны қалай?
Осы ойын үзген Иван ағамыздың сөзі:
— Бауырым, темекі бар ма?
Ол Иван ағамызға үнсіз ұзақ қарады. Көзге басылған кейпінен көрі мұрынды шыдатпайтын көк иісі мазаңды кетіреді. Сары шашына ағаш жапырағы мен топырақ қонақтапты. Оны сезіп тұрған ол жоқ. Оған керегі – көк түтін.
Өз қолын қалтасына салып темекісін не өзіне қалдырмай, не Иван ағамызға берместен жерге лақтырып аяғымен таптады. Ал анау болса:
— Інішек жанымнан айырдың. Ең болмағанда шөлмегіңді берші, — деп жалына түсті.
Қолындағы шөлмектің ішіндегі сұйықтықты сары топыраққа төгіп, шөлмекті қоқысқа лақтырды. Ал Иван ағамыз:
— Ойбай… Ойбай… Бүгін тынған күнім!!!- деп басындағы шашын жұла өз ұясына жүгірді.
Жас жігіттің жанынан ер кісі жүгіріп өтіп бара жатып:
— Бұл ісің құптарлық,- деп кете барды. Сонда жас жігіт:
— Алла маған бұл ойды аққан сумен ымдады,- депті.
Ағайын, су тазалық пен сабырлықтың белгісі. Күннің ыстығынан буға айналып, бұлт түзе жаңбыр боп жауған осы бір Алланың ғажап жаратылысы мына біздей мақұлықтың шекесіне тамшы боп түсіп төмен ағып түскенде бір жеңілдік тумай ма? Яғни, бұл да тазалану, әрине осы себепке сенсеңіз.
ТӨРЕХАН Арыстан

1 пікір

satirik92
Пікір қалдырыңыздар! Рахмет!!!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.