Шындық шешесі шетте

Қақпанға түскен менде бір тышқан. Түскенде қалай деші? Түскен соң, оңбай түстім. Менің қақпаным ой қақпаны. Азығын іздеген тышқан іспеттес алдана, көзім тұтыла екі аяқты бірдей түсіріп опық жеймін. Жай жемеймін шошып жеймін. Бір қарасам гүл бақтамын, бір қарасам сұр шақтамын. Түсінбеймін басқаным ыңғи тікен, ішкенім ылғи заһар тілі у. Алла берер сынаққа шыдармын, адам айтқан сойқан жалғанға жаным куйзеліп, етім шіріп барады. Одан да жерде өскен бұта ма? Гүл ме? Немесе гүл сабағындағы тікен болмадым ба? Алла, күпіршілігім болса кешіре көр!!!
Ауру, күйзеліс, жара, тілім, ірің, денең қозғалыстан шығып жатқаннан көрі өтірікті жасырып, мақтауын асырған жәһәннәм. Лағынет атқан атасы Ібіліс шайтан, жыннан менің не жырып айтарым бар. Менде мылқауланып, мүләйімсіп, кулімсіреп етім бүлк етпей жалғанды жаппай шындыққа, харамды жарнамалап халалға жобаласам. Мына өмір де жалған, ондағы көңіл де жалған (көңіл жалғанлдығы күле қарап артыңда қарғауы, керек десеңіз мені улаған туған жеңгем. Екі адал деген досым ақшамды тонаған. Құлын тайдай тебісіп өскен «досым» әкесіз өскендегі әкем болған "әкенің" сыйын тартып алған, себебі мен момын ем), қай пенде болмасын хақтан тайып барып иамнын үйіріп тура жолға бет алатыны жалған ба? Шындық па?.. Көзімді ашқаннан біле тұра білмеген боп, көре тұра көрмеген боп келемін. Неге? Өзім де түсінбеймін? Көзім жеткені: адамның ағынан қарасы басым, жарығынан аласы басым.
Шүкіршілік қайта пенде ғұмыры қас-қағым бір мезет. Әйтпесе, ар тапталып, қар шаңдалып, жан сандалып тозығы жетермеді? Бір ғасырға жетер жетпес сағым өмірде, тигізіп кіртің көңілге, сүйрейміз хақты өлімге. Задында, қақпандағы тышқан екем. Қалғаны тырнағы сояудай, ырсылдаған найсап мысық. Бір-бірін көре алмаған, бір-біріне көне алмаған, өз бетімен өне алмаған адам неткен құсарлықтай сасық еді?! Бар жамандықтың тамыры да, илер қамыры да, жанар жалыны да адам.
Бетіне қарасаң күнәсіз пәк пенделер. Бірақ, жауып тұр ғой перделер. Уақыт жоқ пасықтығын зерделер. Алладан сұрарым сабыр мен иман. Жан тыныштығын бере көр! Нұрыңды төге көр! Жүрек етім тілім-тілім, ымдап жалған қызыл тілім. Қозғалды түпте жатқан ірің. Запыран ашты, аласапыран қашты. Жан дүниемнің айқайы түсініксіз. Өтірік айтып бүлтіксіз. Келеді алдап үздіксіз. «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деген рухты қазағым қайда? Түсінбеймін, рас, түсінбеймін! Ақырып өзім гүрсілдеймін! Қолдау қайда? Бүлкілдеймін! Қазағым, қашан күлімдеймін? Бүлінді қазақ, бүлінді. Қарашы енді түріңді. Солдырып өзің гүліңді. Жорғаң сенің сүрінді!!!
Алдар көсе алдаса да, жардам жасады. Кілең өтірікші, өрмекші, өтірік айтып өлмекші. Жазғаным бес алты қағаз, естігенім мыңқырған тосқауыл. Мысалға: «Ананы жазба бүйіріне тиесің, мынаны жазба үйіріне тиесің, байқа жассың, өлімтік кебін киесің», «өйт, бүйт, сүйт», — дегендері. Сөйтіп, анаған бір соғылып, бірінің «бүйіріне», бірінің «үйіріне» тиіскен «Әпенді» болдым да шықтым. Әйтседе, шіркін, шабыттың аузына ауыздық болар түк жоқ. Алла қалап асығымды алшысынан түсіргенін сұраумен келем.
Бұл кезеңнің баһадүрі ыржаң қаққан екі жүзді, қылмыстысы орақ орған шыншылы. Өткір қылышты шетке қойып, кетік қылышты сермеген уақыт. Тыныш заманда әлсіздер бас көтеріп той жасар. Қылыш айқасып, найза атқан кезеңде нағыз қаймақтар бетке қалқыр. Ойлы көзбен қарасаң өзін басып, әрқандай жағдайда өзін сабасында ұстай білген жан хас батырдың өзі. Ойды қорыта келгенде ар-ожданның құны арзандап, мезеттік фәнидің бақилықты оза шабуы тамыры табылмас та, шабылмас арам шөптің көлеңкелеп алуынан үздіксіз тұрақты үрдіске өзгерді. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: «Шындық шешесі шетте»…
Төрехан Арыстан

12 пікір

satirik92
Ағайын жай оқымай пікір қалдырсаңыздар тәуір еді… Өтініш
Kan
Жазбаны тым көп жарияласаң оқырманды жоғалытып емесау жалықтырып аласың осыны есіңде сақта.
Алмын жазған жазбаң көркемделіп жазылғанымен мысалы «Менде мылқауланып, мүләйімсіп, кулімсіреп етім бүлк етпей жалғанды жаппай шындыққа, харамды жарнамалап халалға жобаласам.» Бір оқыған адамға жақсы естілгенімен. Мағнасы шашыранқы. Тіптен түсіну қиын. Жәй көркемдетіп сөз шешендігіңді көрсетпекке жазғансың.
Тіптен ойланбай көркемдік теріп жазасың өзіңнің не жазып жатқаныңа қарамайтын секілдісің мысалы мына сөзің «Мына өмір де жалған, ондағы көңіл де жалған, қай пенде болмасын хақтан тайған» Өмірді тіп бишара етіп "Қай пенде болмасын хақтан тайған" деп барша жұртты қаралап отырсың. Бұның дұрыс емес.
Мына бір сөзің ұнады "Өткір қылышты шетке қойып, кетік қылышты сермеген уақыт. Тыныш заманда әлсіздер бас көтеріп той жасар. Қылыш айқасып, найза атқан кезеңде нағыз қаймақтар бетке қалқыр." керемет айтылған сөздер. Тек тым әсерлемесең бәрі жақсы.
satirik92
Тағы да рахмет!!!
satirik92
Сіздің сыншылығыңыз маған ұнайды, сіздей ағам барына қуанам! Ұстаздан қағылған адаммын! Ұстаз болуға қалай қарайсыз?
Kan
Әрине Ұстаздық ету қолымнан келіп жатса сендей таланты жасқа жақсылық жасау сауапты іс қой.
satirik92
"Қоғам мен халқым" редакцияладым және «Көше симфониясы» қарап шығыңыз! Рахмет!
Kan
Рас сен айтқандай біздің қоғамда адамның ағынан қарасының басым екені шындық. Бірақ көпке топырақ шәшіп "қай пенде болмасын хақтан тайған." деп кесіп айтуға болмайды. Сенше Хақтан тайдың ба? Сенде осы қоғамның бір мүшесісің осыны естен шығар ма? Егер адмның бәрі Хақтан тайған деп есептесең онда сенде сол адамдардың бірі ретінде солардың қатарына кіресің ғой.
satirik92
Аға осы шығарманың қандай сезіммен жазылғанын жөндеп ұғыңызшы. Бұл шимақты жазуыма өтірік айтуым себеп болды. Ызаның үстінде жазыппын. Бұны тікелей өзіңізге қабылдамай «сол» адамға деп түсініңіз, ең дұрысы осы. Бұл менің басымдағы сансыз ойлардың жанасуынан пайда болған сөз толқуы. Ой тұрғысынан метафизикке жатам. Аға мен әлі жаспын бірақ анау ғайыпта арғы дүниенің есігін қағып қайттым. Жан жағыңызға жөндеп көз салыңыз. "Қараушы" болмаңыз «бақылаушы» болыңыз". Менің тағы бір кемшілік «писимистік» тұсым. Абай Шәкәрімді "Ұмытылған" деп атаған. Шәкәрімнің шығармаларын көбі қара дейді. Менікінде. Сол себептіде менде "ұмытылғанның" осы замаңғы өкілімін. Көшеде жүру нығыметінен айырылып льайшыққа батсаңыз мені түсінесіз. Және, кешіріңіз. Сіздін жан қатпарыңыздың бір қатпарым түртіп алдым ау. Өтінем ғафу етіңіз.
Соңғы өңделген уақыты:
satirik92
Аға сіз шүйліккен тұсын толықтырдым. Қайта оқыңыз. Және кешірім өтінемін.
Jako
Жазба маған ұнады. Біздің сайтта бұл жанрда(сатира)жазатындар жоқтың қасы(бір-екі сайқымазақтарды қоспағанда), сондықтан көңілім хош көріп отыр. Байқауымда сөзің семсер, тілің өткір.Жазғандарыңды көбірек жариялап тұруыңа тілектеспін.
satirik92
Рахмет басқа шығармаларымды шолып өтіңіз, өтініш!!!
geofizik_001
жастығыңа қарамай көп нәрсе көрген, көп қиындықты еңсерген екенсің.Бір 50-60 жасқа келгенде(Алла жазсын) нендей шығармалар дүниеге келер екен мына қарқынмен.Тек сатирик деген бүркеншік атыңа сай емес ауырлау шығармалар көп жазасың.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.