Агентбек Смсбек

Менің атым Агентбек Смсбек… Агентте оянып, агентпен ұйқыға батам… Жұтар ауам да, ішер суым да агент. Махаббатым да агентте. Аты Майгүл, ал достары Майлгүл деп лақап ат қойған… Ол астанада, мен алматыда, екеумізді қосқан «жеңгетай» «поиск» деген функция ғо…
Қысқасы былай болды ғо:
— Привет!!! Можна с вами познакомиться?
— Привет!!! (смайлик(қуанып кеткен)). Сосын біраз «туда, сюда», сосын прямо по ташкентский:
— Жігітің бар ма?,- дейсің де. Ол скоростью света жауап береді:
— Жоқ,- дейді, артында үш нүкте тұрады…
— Онда мен болайын,- деп, ыржиған смайликті қоя салдым… Ол прямиком:
— Иә,- деп көзін қысып алған сармантайды қойыпты. Сөйтіп әлі жүріп жатырмыз!!!
Қазір бүкіл «мир» біледі. Мә екеуміздің «мирімізге» кірсең, тема ғо… «Vip» персонамыз ғо… Авторитет… Агентте ауа жетпей жүресің ғо. Біздің «Мирге» қонақтап кетіңіздер қолдарыңыз тисе! Күтеміз!
Майлгүлім агентке бір күн кірмесе шашың тік тұрып, жаның көзіңе көрінеді… Өмір бітті… Басыңа қара бұлт үйірледі!!! Тынысың тарайып, көзіңнен жас еріксіз тамып. Ана жерде «мелодрама» боп кетесің!!! Статусқа «плачу», — деген сармантайды қойып қоясың!!! Блогка «Майлгүл я без тебя не могу дышать!!! Не могу смеяться!!! Не могу спать!!! Не могу жить!!! Жанымка ты где?!» — деп жазып жібересің. Лезде оған жауап аласың: «В Караганде!!!» — деп!!!
Далаға шықсаң да, автобусқа мінсең де агентке қадалып аласың! Сабақта отырасың апай сабақ өтіп жатады, бірақ біздің балалар, қыздар, кароче бәріміз агентте өз алдымызға сабақ өткізіп жатамыз!!! Үйге барасың сабақ қарайсың типа. Паралельно агентте статусқа «учусь» деп қоясың. Бірақ кітапқа қарамайсың, смс кеп қалама деп агентті аңдумен боласың… Смс келсе риза боп қаласың! Кейде жауап жазам деп, теріге малынып кетесің!!! Ешкім жазбаса күйзеліп кетесің!
Аптасына бір рет «Конференция» создать етіп жиналыс өткіземіз. Біздің кланда мүше көп. Ана «блок» рахат, қиналмайсың да, бір-бірден жазып қолың шаршамайды, сразу оптом дешевле «ПРИВЕТ!!!» дейсің… Все сделано!
Рахат қызыңмен кездеспейсің, гүл алып бермейсің… Смайликтің арасындағы «дарю цветочек» дегенді жібересің. Риза болады да, по агенту бетіңнен бір рет шалп еткізеді. Оған «смущаюсь» деген сармантайды атасың!!! Қысқасы «сармантайлармен» соғыс басталады! До конца! «Шегінерге жер жоқ, артымызда төсек!»
Ұйқың кеп көзің ашып барады… Ұйықтамайсың… Агентте әңгіме қызып жатыр. Шығып кетсең өмірден қаласың!!! Қызыңмен «махабатизация» боп жатасың… По агенту бала сүйіп, одан немере, шөбере, неменеге дейін сүйгенсің… Бір уақытта соткада «шик-шик-шик-шик» етіп сигнал береді де, ол байқұста түс көреді… Кезегімен өзімде сылқ ете қалам!!!
Төрехан Арыстан

22 пікір

satirik92
Ағайын оқып көріңіздер!!!
dimash
меня преследует
«Шегінерге жер жоқ, артымызда төсек!»
geofizik_001
уахаха))) менің басымда жоқ мұндай әдет дейміз бе ауру дейміз бе… нууу виртуальды өмір(менде агент тек жұмыста қосылады, как положено тангы 8-ден кешкі 5-ке дейін, сенбі, жексенбі-демалыс), бірақ мен білетін көп таныстарымның өмір салты тап осылай.Тамаша жазылған,өте тамаша. Рахмет авторға!!!
satirik92
Ойыңызға рахмет!!! Басқа шығармаларыма көз салып өз ойыңызды түрте отырыңыз.
rauan
Not bad...))… Афторитет емес Авторитет
satirik92
Рахмет орысша білмейм бірақ, орысша өлең жазатыным бар!!! Бір жыл бұрынғы жазғаным!!!
Kan
Сенің тапқырлығыңмен сатираға жақын екенің мені таңқалдырды.
yesbolat83
Сабақта отырасың апай сабақ өтіп жатады, бірақ біздің балалар, қыздар, кароче бәріміз агентте өз алдымызға сабақ өткізіп жатамыз!!!
qyrmyzy
иә, осы жері маған да ұнады:)
Jako
Біздің кланда мүше көп.
Иииибиии, өлтіресің,ұнады.
pari
күшті жазылған
satirik92
Ағайын басқа жазбаларыма да пікір қалдырыңыздар өтініш!!!
didi0393
бари басымыздан оттиго ахахахх
qyrmyzy
хехе, керемет!
Біз бірінші курста «көктіс» арқылы сөйлесетінбіз лекцияда. Кейде студенттер сарайында өтетін іш-пыстырар жиналыстарда блютоз қосып, бір-бірімізге хат жіберетін ек. Одан активтің тегін смсі шықты. СМС жазатынбыз бір аудиторияда отырсақ та :))))
satirik92
Ағайын мен он үш шығарма тіктім бәрін қарап шықсаңыздар Алла разы болар еді!!!
zhomart
karaymyz, satirany janym suiedi))
zhurttyn_balasy
Утром не завтракаю — думаю о тебе, Днем не обедаю — думаю о тебе, Вечером не ужинаю — думаю о тебе, Ночью не сплю — кушать хочу!!!
деп блогқа жазып кезінде әйгуу, кезінде болған солай деп ақталайын

сармантай
сөздік қорыма қосып алдым!
Chan
сенің сөздік қорың, менің сөздік қорым
satirik92
Бұған рахмет блогтарымның бәрін қарап пікіріңізді жазыңыз ескеріп түзетуге тырысамын
ali_kudiaruli
Не қыртып кеткен
Amonya
Дәп-дәл осылай болып еді басында!))) Жарылдым оқып))) Агентбек, Смсбек, Майгүл таза қазақиланған )) Сосын агенттің өлеңдері болатын еді ғой ''Агент-менің ауылым''деп басталатын) Спамныңда түр-түрі бар, қызық көрінетін еді))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.