Көмек сұраймын!!!!

Ағайын бұл жазбам өтінішім. Орта жүз найман руынан Төлегетай баласы Төртуылдан тараймыз соның бір кішкентай Тұзақшы руы боламын. Арқарай жеті атамды тізбектеудің қажеті шамалы. Ата тегім Аягөз. Қарабас, Байқара, Бапан деген арғы тектегі аталарым сол жерді мекен етіпті. Ал қан арқылы берілген жазуға деген талап Теңселбай деген атамнан өтіпті.
Сіздерден сұранарым әрбір шығармама қылжақтамай пікір жаза отырыңыздар. Пікірлеріңізді ескере отырып өз қателіктеріммен жұмыс істеуге барынша тырысам. Өтінуімнің себебі:
Мен үй қамағындамын, денсаулық тұрғысынан. Жүруді қайта үйренген адаммын. Үш өлімнен қайтыппын, шүкір. Маған сыртқа шығуға рұқсат жоқ. Сөйлесу құқығынан тікелей айрылдым. Үш жыл болды. Ал осы үш жылдың ішінде өлең, сатира, фельетон, қара сөз, мақал-мәтел, сценарий, қысқа әңгімелерді жазып дағдыландым. Қазір отыз сатира, отыз ауыр мақала жаздым. Осыған дейін алпысы күл болды. Бір өлең дәптерім көн болды.
Фантастика тұрғысынан көп тараулық шығармам бар.
Өкінішке орай ұстаз жоқ. Айтабер қауымы сіздерден өтінерім менің «шимақтарыма» пікір жазуға ерінбеңіздер. «Көп түкірсе көл» деп бірлікті сүйетін қарға тамырлы қазақ емеспіз бе?!

18 пікір

yesbolat83
Бір кездері аяғыңызды қалт басқан екенсіз, сүрінбейтін тұяқ болмайды дегендей арты қайырлы боп Айтаберге өз шығармаларыңызды жариялавп отырғаныңа қуаныштымын. Өз басым, әңгіме, повесть, роман оқығанды ұнатам. Жаңа өзің айтып өткендей қысқа әңгімелер жазады екенсің. Тамашалайық та.

Саған денсаулық пен сәттіліктер тілеймін.
satirik92
Аға сізге рахмет. Сұрағым Қан мен тер романын қайдан тапсам болады?
yesbolat83
Мына жерденоқысаң болады. Немесе ікіtар сайтынан іздеп көрмедің бе?
satirik92
Кітаптың табиғи иісін сүйемін. Және жаман жерім ұзақ оқимын. Шығармаға анализ жасағанды сүйетін ем. Рахмет. Қан мен тердің сөз құрылысы ұнайды үш қайтара оқу арман боп тұр… және мен шығарманы көп шығарып жібердім бе?
yesbolat83
Ер жігіттің басынан нелер келіп, нелер кетпейді. Мойыма, бәрі де жақсы болады, иншаллаһ.
qyrmyzy
Қош келдің!
satirik92
Дикторлыққа өзіңіз үйретесіз бе?
korwinin_kyzy
Бауырым басқа сайттаргада жазып көрсей, а можыт повезет)) мына сайтта отырган айналдырган бес алты адам пікір аз болады дегеним гой)))
qyrmyzy
Бес-алты адам? Қай пактіге © сүйендіңіз?
satirik92
рас осы сайтта қанша адам бар? Негізі тұрақты болса бір жерден тесіп шығуға болатын шығар?
korwinin_kyzy
Нет ты не понела миня, я Қотел ысказать што осы бауырымнын постына 5-6 адам пікір жазат деп, баска сайттарга салып корсей жан жакты болсай дегенимго егер жан жакты пикир керек болса дегенимго
Бот и Бсе
satirik92
Осы сайт өзіме ұнады. Бірінші тапқанымда осы, қызық. Рахмет.
korwinin_kyzy
5-6 деп айтпадым
semser_soz
Ең алдымен саулық тілеймін. Әрине, бұл қалауыңызды да ескереміз. Пікір жазып, өзіндік ойымызбен бөлісуге тырысамыз. ДЕСЕ ДЕ «Айта бер» әлемінің есігін енді ғана ашқан жандар көп-ақ. Сондықтан, жазылған барлық пікірге мән бермеңіз дегім келеді. СӘТТІЛІК СІЗГЕ...
dimash
Сіздің жазбаларыңыз мен үшін түсінікті, жазбададағы кемшілікті айтуға дәрежем жетпейді, көпті көрген де емеспін…
Мен де ең алдымен, әрине, сізге денсаулық тілеймін. Қалдырмай жазып жүріңіз, керек жерерін ойға түйіп жүрейік. Пікірлесем де қалдырмай оқып жүргендердің бірімін мен де.
followme_alik
Алла еміңді берсін._92-місің?
TUZAKSHY
ағайын, сізден сұрайтыным,-сіз тұзақшысызба әлде қарабассызба? менің білуімше тұзақшылар шығыс қазақстан облысы зайсан ауданынан тараған?! әлде қателесембе? тұзақшы тегі туралы не білесіз әңггімелеп берсеңіз?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.