Мен зекпін

Мұрынды келген, көп ұйқыдан беті ісінген, иегінің терісі салбырап алдына келген күдіктінің мойын етін тістеп жұлып алар өткір отыз екі тісі жылтырап тергеуші «мырза» кезекті күдіктіні ыждағатсыз күтіп отыр.
Есік ашылды, есіктен егде тартқан ер кісі кірді. Жетпістің ауылына келсе де еті мығым, жүзі жайсаң, бетінде қуаныш күлкісі ойнап тұр. Тергеуші орнынан атыла тұрып, төс қағыса амандасты.
— Ну, братан… Өзің шыққан ініңе қайта келуіңмен!
— Сол өзіміз үйренген көк иісін сағындық. Таза ауадан кайф жоқ.
— Қайтып келген қыз жаман…
— Өз камерамды, өз койкамды сағындым. Шыққаннан бері жан тыныштығынан айырылдым…
— Ей, не болды?!
— Не болғанда былай ғо:
Көшеде тыныш келе жатсам, «үш көзділерің» шиқ-пиқ етіп дұрыс жүргізбеді. Жиектегі ағаштың көлеңкелеріне қалқаланып жүрдім. Әйтпесе зу-зу. Жан үрейіңді алады. Ары қашам, бері қашам… онымнан түк өнбеді. Ақыры біреуі «сүйіп» өтті. Бір бұрышқа «түйіп» өтті. Содан не керек кеш батты. Кешкі салқынмен тыныстап жүрсем естен талдырар «әдемі» дауыс естілді… Бетпе бет қос көлік «танауларымен» соғысыпты. Бұлардың іш пыстырар «тойына» он көлік өзді-өзді шулы «ымдасып» жандарына «сап түзеді».
Екінші күннің түс уақыты. Самса алып, «тыныш» ауланың біріндегі орындыққа жайғастым. Масқара… масқара… маған қайдағы бір күшіктер прикол ұстап кетті!!! Прикол ия? Не істегенін айтайын:
Оң қадамдық жерден бір күшік үйшігінен шықты. Хайуаның кеуделі, және де несібелі… Желі маған есіп алдыма келді. Көздері мөлдіреп «Шрек» мультфиліміндегі «Етікті мысыққа» ұқсағаны-ай?! Темір жүрегім сабындай көпіршіп, демімнен махаббат «көпіршіктері» бөлініп оған бір түйір самса бөліп бердім. Итім шелек болып, бөлген самсамды иіскелеп көрді де: «бұндайыңды жемеймін», — дегендей басын көтере, төрт аяғын төрт жаққа жая, тайып тұрды. Бұл түк емес екен! Бұның ізімен екінші күшік тура алдыма келіп, дәрет сындырды. Бұл да жел кеуде, жердегі самсаны иіскеп көріп маған қарап қыл мойнын соза, басын көтеріп кете барды. Хайуанға да сана біткен бе қалай?
Бұл иттерден қашып екінші аулаға төніп барсам… Көркем фильмдерден көріп нануға батылым бармайтын іске дәлел таптым. Бір-бірінің жонын сипап, екі қыз еріндерінің «сөлін» тартуда. Оның сыртынан тегін билетке ие болғандай еті тіріліп бір жас жігіт қызықтап тұр. Екі қарындастың «механизмдері» майланып кетті-ау? Шешінуге айналды… Шыдай алмадым тайып тұрдым.
Бұл ауладан қашып бір мектептің доп алаңына тап болдым. Демімді кеңінен ала тынышталғаным сол еді… ат дүбіріндей дүбірді құлағым шалды. Түсінбедім. Артынан атылған оқтың дауысы естілді. Бұнымен қатарлас жүрегімде атыла жаздады. Бір кезде жанымнан елуге жуық «көше құрттары» өте шықты. Көбінің қолында аса, ендігі жартысында мал соятын пышақ. Бастарында «жаулық». Ойларында ыза. Олар кеткен соң тірі қалғаныма сенудің өзі қиын болды.
Түрмеден жаңа шыққан адаммын. Тыныш өмір сүргім кеп жұмысқа орналастым. Жұмыс емес адам өлтіру. Бір ай бойы аяқ киімнің табанын тесе жүгірдім. Пысық болғандықтан есімім ауыз аралап кете берді. Енбекқорлығымды сүйді. Тіптен әркім өз «қайығына» шақырып көрді. Бірақ, мен тұрақты істедім. Бір күн қалдырмадым. Елу жеті мың айлықтан жиырма мыңын алдым. Қалған отыз жетісін бригадир мен бастық бөліп алды. Ал мен он мыңын пәтерге, қалған он мыңын тамағыма құртып тиын жинамадым. Ал не керек осылай уақыт өте берді.
Біздің жұмыс орнымызда бір мүсәпір бар. Арақтан тиылмай үйінен қуылған. Содан бермен жұмыста түнелтеді. Жұмыста қалтасынан арағын тастамай ішіп жүреді. Осы қарқынымен жұлдызды түндердің бірінде көгалшапқышты бір бөтелке араққа айырбастап жібереді.
Екінші күні бұл іске мен кінәлі атанам. Олардың тобырына сіңбеген «адам» едім. Сол себептен «күдікті» боп алдыңызға келдім, енді шыққанда «айыпты» боп шықсам мен үшін үлкен той… Менің «қылмысым» тор ішінде дүние есігін ашқаным. Жүрегім жақсы болғанмен атым жаман. Ел қорқады. Әр нәрсе өз орнымен. Қайтайын. Әркім өмірден кетерінде туған топырағын сағынатыны рас-ақ… Туған камерама қайта қамасаңыз деп едім?!
— Неге?!
— Себебі: мен зекпін…
ТӨРЕХАН Арыстан

11 пікір

satirik92
Пікір қалдырыңыздар!!!
satirik92
Жаман жаздым-ау? Халықтан үн жоқ қой?
semser_soz
Білмейм, мен бәлкім басқалай түсінген шығармын... Бірақ, қоғамдағы проблемалық бір-екі мәселені сөз етіпсіз. Аздап кей тұсы түсініксіздеу. Осының барлығын көргенше түрмеде жатайын дегені ме қылмыскердің? Әлде, сіздің түпкі ойыңыз "ҚАСҚЫРДЫҢ АУЗЫ ЖЕСЕ ДЕ ҚАН, ЖЕМЕСЕ ДЕ ҚАН" дегенге жақын ба???
satirik92
Қайсы тұсы түсініксіз? Қоғамды жазғаным.
satirik92
Қайта қарап шығыңыз. Түзетіп шықтым. Енді түсінерсіз.
semser_soz
Сол себептен «күдікті» боп алдыңызға келдім, енді шыққанда «айыпты» боп шықсам мен үшін үлкен той…
ОСЫ ТҰСТАҒЫ ЕНДІ ШЫҚҚАНДА ЕМЕС, ШЕШІМ ШЫҚҚАНДА, «АЙЫПТЫЛЫҒЫМ» РАСТАЛСА МЕН ҮШІН ҮЛКЕН ТОЙ деп өзгертсеңіз болмай ма? Сөз қайталаушылық болмас еді дегенім ғоооой… Жақсы, түсіндім. Бірақ, алдындағы сұрағым жауапсыз қалыпты...
Осының барлығын көргенше түрмеде жатайын дегені ме қылмыскердің? Әлде, сіздің түпкі ойыңыз "ҚАСҚЫРДЫҢ АУЗЫ ЖЕСЕ ДЕ ҚАН, ЖЕМЕСЕ ДЕ ҚАН" дегенге жақын ба???
satirik92
Аға мен бұл жерде зекпен қылмескермен ешқандай мағынаны білдірмедім. Мен қоғамның жабайылығывн жаздым
satirik92
Бұл жердегі зек — мен. жөндеп түсініңіз
geofizik_001
Түзету орындарының қаншалықты түзетіп шығарып жатқанын заң құрығына ілінген адамдарды және қоғам оларды қалай қабылдайтынын білуге болады бұл шығарма арқылы.
ZevsKO
мына шығармаларда сенің өз өміріңнен алынған элементтер бар сияқты…
satirik92
ия. дәл айттыңыз.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.