Біздің автобус

Біздің автобус сансыз қызықтар тамыры. Таң атпастан лық толады, толмаса толтырасың… Беттері терезеге жабысқанша нығайсың. Тура Апам жапқан «консервы» секілді жарылғалы тұр.
Үйіңе келген қонаққа «төрге шығыңыз» дегендей кірген адамға «артқа, алға» дей бересің… Қазағымның «қонақжайлығы» осы болар… Осы қарбалас кезде «карманшиктер» туындайды. Сол сәтте:
Қимадым қоштасқанда жанарыңды,
Қол түртті сол бір сәтте қалтамды.
Көпшілік арасынан тулап шығып,
Бір қолдар алып кетті ақшамды.
Қалтама ұзағынан қарай бердім,
Қызығы сол ма дедім дүниенің.
Күйдірер көлеңкеде өзегімді,
Ақшам-ау неге сонша ыстық едің,
деп шырқап кетті біреу…
Мінгендердің сексен пайызы жастар. Төрге барып тура «депутаттай» шіреніп отырады. Дәл сенаттағы депутаттай «баю-баю» болады. Бір күні «хиджабтағы қыз» кіріп орындыққа жайғасты. Кезегімен Қария шықты. Қыздың жанына барып, көзі мөлдіреп қарады. «Орын берер»,- деген үмітпен… Жәңегі «хиджабтағы қыз» бетіне борап қар ұрғандай күлпарасын басына киіп, былқ етпеді!!! Сонда намазы қайда? Иманы қайда?
Тағы біреуі наушникті тағып «дискотека» боп жүреді. Оның даусы сыртқада естіледі. Басы алға, артқа тоқтамай қозғалады, тура «джими, джими» дегендей көшеде билегені несі? Аялдамаларды атайсың ол естімейді, аяғында көзі мөлдіреп шыға келеді…
Кейбірі таң атпастан он мың теңгені алып шығады. «Менде майда жоқ»,- десең көзі «нейтральный зонаға» шығып, жарылғалы аз-паз қалады. Амал нешік жол ақысын алмай «Аман бол» деп қимай, көз жанарың жасқа толып жібересің. Одан алқаш шығады. Автобуста табиғи иіс, қолаңса, әтір. Қысқасы «дифузия». Жәңегі алқашпен төбелес бастау алады. Біреу боқтайды, жіркенеді, итереді, тебеді. Ана алқаш қалай шығып кеткенін өзі түсінбейді.
Біраздан кейін бір мүгедек шығады. Ол кісі дұрыс тұра алмай арлы, берлі шайқалады. Оған сылқым қыздар, кейде үлкен кісілерде қарап «Фу» дейді.
Бірде бір Ата шықты. Отырып алып, туғанынан бастап әңгімесін айтып кетті:
— Қазіргі жастар жақсы. Бірақ көзім шалып қалды: екі жігіт амандасты, біріншісі екіншісін қызды сүйгендей бетінен шалп еткізді!!! Астапыралла?! – деді. Оған қарап бір кісі:
— Мынауың алжыды,- деді.
Міне автобустың тірлігі осы ағайын!!!
Төрехан Арыстан

22 пікір

Jado
Тух шіркін… Мен сіздерге яғни,автобустың зарын жырлайтындарға жаңа пост жаздым… Оқып көріңіз… Мынауыңыз агрессия ғой… Агрессияға бой алдырмаңыз.Бұл жағдай 2050 жылда түзелмесе, сздің мына постыңыздан кондуктор қауым тәртіпті болады деген ой бос сөз… Сондықтан ашуыңызды басып, сабыр сақтағаныңыз жөн болар…
zhurttyn_balasy
Мен сіздерге яғни,автобустың зарын жырлайтындарға жаңа пост жаздым…
Ммм жасырын жарнама деуге келмес бұны
Соңғы өңделген уақыты:
Jado
</blockquoteМмм жасырын жарнама деуге келмес бұны
Ашық барып тұрған бассыздық деп қоясайшы)))))
AshTrollToqTrollmenOinamaide
сздің мына постыңыздан кондуктор қауым тәртіпті болады деген ой бос сөз

Мен не дим, домбырам не дид дегендей болдыңыз әпше
Jado
Ужыс....Әпшең қартайд ко дейм да… Пошему не ф тему жазып жібергенмін деп қоямын)))
AshTrollToqTrollmenOinamaide
типі сабыр сақтап жатсызба
zhurttyn_balasy
Қимадым қоштасқанда жанарыңды,
Қол түртті сол бір сәтте қалтамды.
Көпшілік арасынан тулап шығып,
Бір қолдар алып кетті ақшамды.
Буын үндестігімен, ұқсас дыбыстардың үйлесімділігімен әлі біраз жұмыс жасау керек бауырым
satirik92
Бір жыл бұрынғы жазғаным өлеңдерім блогта бар қараңыз Өтінем
yesbolat83
Автобус тірлігі жақсы бейнеленген, кей кездері, тіпті, күнде десем де болады, осындай жәйттарға куә болып жатамыз.
Маған әсіресе ұнаған жері:
Біздің автобус сансыз қызықтар тамыры. Таң атпастан лық толады, толмаса толтырасың… Беттері терезеге жабысқанша нығайсың. Тура Апам жапқан «консервы» секілді жарылғалы тұр.Үйіңе келген қонаққа «төрге шығыңыз» дегендей кірген адамға «артқа, алға» дей бересің… Қазағымның «қонақжайлығы» осы болар…
Сондай-ақ, сенімен келіспейтін жерлерім де бар:
Жәңегі «хиджабтағы қыз» бетіне борап қар ұрғандай күлпарасын басына киіп, былқ етпеді!!! Сонда намазы қайда? Иманы қайда?
Осы жерін қосқаның тым артығырақ болды енді.
Және:
Біраздан кейін бір мүгедек шығады. Ол кісі дұрыс тұра алмай арлы, берлі шайқалады. Оған сылқым қыздар, кейде үлкен кісілерде қарап «Фу» дейді.
Мүмкін, сылқым қыздар фууулеуі мүмкін, ал, өмір көрген қариялардың бұлай айтуы мүмкін емес.
satirik92
Аға мен тек көргенімді жазам менің жазғандарымда өтірік жоқ десем боладлы. Мен ұзақ уақыт қараңғының шаңын жұтып жүрдім сол себепті бұлар бар деп кепілдікке басымды тігемін. Мен "қараушы" емес «бақылаушымын».
AshTrollToqTrollmenOinamaide
ақысын алмай «Аман бол» деп қимай, көз жанарың жасқа толып жібересің

Cондай жағдай болған. Зарплата берген күн. Одан басқа ақша жоқ. Шыққасын майдалатармын. Автобуста есіме түсті. Түсетін кез. 5000 теңге бердім (сіз сияқты ақшаны алмайтын шығар деген ой жоқ емес))) Сол кезде. 50/100 теңгелерді шұбыртып берді. Көзіме жас толды. Қарадым оған((. Кінә өзіңде дегендей қарадеее.
satirik92
осы адам баласы неге бетін сипағанды сүйеді? Айтаберлік жұртшылық?
semser_soz
Осы адам баласы неге бетін сипағанды сүйеді? Айтаберлік жұртшылық?
деп неге жаздыңыз???
satirik92
расымен сондай «бақылап» көріңіз. сіздіңде «мен зекпін» атты шығармамды түсіне алмағаныңыз оған дәлел
semser_soz
Соңғы өңделген уақыты:
semser_soz
Огоооооо, күнделікті куә болатын жағдайлар ғоооо. Жақсы жазылған. Ренжімеңіз бізде қазақтарда
нығайсың
деген сөз жоқ сияқты еді.
Әлде, диалект па? Сәл түсіне алмадым. Жалпы жақсы. Күнделікті көріп ашынатын нәрсеге, басқа көзбен қарап бір күліп алдық))
satirik92
Ондай сөз бар. аға мен көне тілді көп зерріттеуге тырысқам.
semser_soz
Аааааааааааааааааа)) Мен «АҒА» емес, қыз бала едім...
satirik92
ааа. онда кешіріңіз
satirik92
НЫҒА — нығыздау, нықтау. Мысал: Нықтап тұрып сексеуіл түсіріп берді. "Қазақ тілінің сөздігі" Алматы 1999 «Дайк -пресс». 482 бет.
geofizik_001
шіркін Алматының қоғамдық көліктері-ай қаншама шығармаға арқау болған. Қашан жақсы жағыңнан танылар екенсің.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.