Тіл

Алла ауру беріп, ел арасында «жынды» атандым. Тартылған келбетімді көріп «тынды» атандым. Тыныш жүріп, үнсіздікпен «бүршік» жинадым. Қарасам дерттеніп елді қинадым. Өлейін десем Алла қаламай, менде мүсәпірге айналдым. Ақ парақ, қаламмен үндестім. Бетін қайырып елестің, көрдім жүзін келместің, талайың айтсам сенбессің.
Мектепте мылқау болғандығымнан «жынды» болдым. Ол былай болғаны. Сыныптың сыртында тұрғанмын, қыз сабақтасым жақындап: «Сүйгеніңді көрмеген жынды екенсің», — дегені. Енді Алла осылай жаратса амал нешік? Сөйтіп «Қылмыс» романындағы «Жынды Жаппардың» кейпіне ендім. Оның «жынды» атануы бүткіл ауылдың қыз-келіншектерін таудың суық құшағына апаруы болса, менікі «сүйгенімді» көрмеуім, қызық ия?
Мінездің тіктілігін, тілдің өткірлігін істеттудің орны бір басқа, орынсыз тіл шаптырудың орны бір басқа. Сілекейіңді көпіртіп, тіліңді секіртіп жүрсең мыжғау боларсың, елдін сөзін шамалап керегін таңдап құйып жүрсең, керек жерде айтсаң «құлақ молда» атанарсың. Ендігі қазіргі сәтте ашты шындықтан көрі, тәтті өтіріктің дәмесі жоғары. Одан кейін, қазір шешен тілден көрі, көпірік тіл бағаланатыны шындық.
Нағашы атамның айтып жүретін бір әңгімесі құлағымда. Мазмұны жөнінен «писимистік», берері жөнінен хандардың сыйы «ділдә». Көне замандардың бірінде жалғыз басты ана болыпты. Жалғыз ұлы бар. Өмірдің қаталдығы ма? Тірліктің қамы ма? Көргенсіздіктің кесірі ме? Баласы «ә» дегеннен ұрлыққа баулыған. Уақыт өте өткірленген ұрының жаман аты жер жарады. Алла үш рет жасырар, артынан құйрығы тұсауланып басын кеспекке шешілді. Не керек ең соңғы сөзін бергенде:
— Анам сөйлесін,- депті, анасы сөйлей бергенде, тілін тістеп жұлып түсіреді де:
— Анам емес, маған ұрлықты осы қызыл тіл үйретті,- депті.
«Басқа пәле – тілден» демекші етті езіп, сүйекті тесіп өтетін де тіл. Негізі айтқанымның бәрін ақиқаттан тамырлатып төселдім. Ауру басып қалжыраған қайын енесінен зеріккен әсілі. Өзі тілі қылыш, мінезі найзадай тік адам. Шипасын таппай қинала бір шыны сумен жалғандағы күнін көріп жүрген енесіне: «Раксың!» — деп айтуы о дүниелік еткенді. Күнә кімнен? Әрине тілден! Дегенмен Алланың қалауы…
Тоғызыншы сыныпта сөздің маржанын тізіп өлең жаздым. Сол сәттерде маған белгілі бір адамдар: «Бұл шимағыңнан түк өндіре алмассың»,- деген. Бұл сөздері мені қайрай түсті. Ойланбай сөйлеудің «жемісі» әр қилы, яки естушінің қабылдауында. Бірін өлтірсе, бірін өндіре түседі. Менің ойым тек дәлелдеу еді, міне енді көріп тұрсыз.
Бүгінде сол аты шулы «жынды» атты есімімді естуімнен шабыт оянды. Міне енді «жындылығымды» баяндап отырған қалпым. «Қылмыс» романы да ерегестің, батырлықтың берген сыйы. «Ерегес» дегенім «тергеушіге» бағытталғанын айтқаным, мүмкін бұл ойым ағат, кешіріңіз?! Былайша, менің шығармашылығымда сол «ерегестің» туындысы. Ескерту: теріс түсініп «мүйізім бар деп сүзісе» бермеңіздер!!!
Төрехан Арыстан

11 пікір

satirik92
Жындының жындыоығынан туған шимақ!!! Оқыңыздар
geofizik_001
ауырлау екен.шын айтайын,100 пайыз түсіндім дей алмаймын.Көп рет тілге тиек еткен Қылмыс романың қай роман? Авторы кім? Шабданұлының кітабы емес пе мен таба алмай жүрген?
satirik92
ия сол тәтті кітап. менің бағытыма недер едіңіз?
geofizik_001
қателессем, ренжіме. Көп бола қойған жоқ мен бұл сайтпен танысқаныма, бірақ сенің жазбаларыңды оқысам бірдемеден опық жеген, не болмаса сатқындыққа тап болған әлде жақынын жоғалтқан адамның жан айқайы сияқты болады. Сен көп адамдар сияқты ойламайсың, көп адамдар сияқты өмір сүрмейсің.Біз көңіл бөле бермейтін нәрсені көресің, сезбейтін нәрсені сезесің және де соның бәріне басқалардың назарын аударғың келеді,өзіңе көңіл аудартқың келеді.Қапаста қалып айқайыңды жеткізе алмай жатқан пенде сияқтысың менің ойымша.Жастығыңа қарамай терең ойлайсың.Өтінем қателессем кешір. Тек айтпағым, кім не десін,қалай сынасын тек шыңдала түс.
satirik92
Сіздің ойыңыз тура. Әріп танығанымнан Шәкәрімді көп оқыдым. Сол кісінің ойымен сусындадым.Мен адам баласының жан дүниесіне көп үңілем. Көрместі көруге, білместі білуге тырысам. Бірақ бұл ойым мені қоғамнан жырақ етеді. Мені Алла осылай қалың жұртшылық көрмеген "өмір комедиясын" көруімді қалады. Жиырмадамын. Менің қаруым ой қаруы. Білесіз бе терең үңіле білсеңіз ойдың өзі жауап береді. Адамды адам тағдыры қызықтырмайды дейді көбісі. Ал сенің атағың шыққанда қызығады қызық. Сонда атағы шыққан адам мына мендей адамнан не айырмашылығы бар? Сізге Мың алғыс жақсы көңілдің өзі үлкен сауаптың тамыры. Алла сіздің әр ісіңізді сауаптан қылғай!!!
geofizik_001
қарсы болмасаң мен саған дружба жіберемін @ те,қабылдашы.
Соңғы өңделген уақыты:
satirik92
Атамұра мен өнер баспасынан іздеп көріңіз!!!
Kan
Қай кітаптан алдың??????
satirik92
Қажығұмар Шабдан Қылмыс романы
satirik92
негізі нені?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.