Адам тудырған дерт екен!!!!

«Адам арам, ісі харам» десем сенбейтін шығарсыз-ау? Ағат түсінбеңіз, бәрін орып жібермейін. Асылында, белгілі бір тобын айтамын. Жамандықтың түбі адам, нәпсісіне ерген пенде. Қысқасы, түсіндірмесі былай болады-ау? Біз ақшаға, байлыққа, енді бірі будақтаған буға, енді біріміз зинаға булығамыз. Арамдыққа буынып етіміз бен жүрегіміз қараяды. Ертедегі бабамда ондай лат істер аз болды ау? Ғылым дамыды, адам қарайды.
Екінің бірі қастық істейді. Оған ері де, қызы да, үлкені де, кішісі де ұсталады. Орыстар оны «порча» десе, қазағым «жел буып алды» деседі. Менде сол орға түскенім, әйтпесе ондайды білмеп едім. Енді міне сол жайлы күй шертейін дегенім. Ол «қастық» ауыз арқылы асқазанға барып «ұясын» құрады. Көбінесе тәтті мен араққа қосып «үш әріпті» ішіңе аттандырып жібереді. Асқазаның тегін «лагерге» айналады. Алланың құдіреті емес пе? Жылқы ұқсап сенің ішіңде «құрт» туындайды.
Оның емі мен тосқауылы құран, намаз, иман. Сана жүзінен мықты, тұрақты болсаң ештеңкеден қорықпасаң болады. Алла ауру берсе, емінде берер ағайын. Молдаларға оқытылуға барсаң не қилысын көресің. Есінен айрылған жандарды, бауыр еті баласының тілеуін тіліеген көзінен жас тамған асыл аналарды, іңгәләгән «жел буған» сәбилерді, шыңғырған қыздарды. Төрт-бес адам ұстаған даңғазадай жігіттерді. Бірі арықтаса, бірі ісініп, бірі бозарып, бірі тартылып, бірі есінен айырылады. Аллаға шүкіршілік, тәубә ол торды бұзып емделгендерде көп, тәубә!!!
Жарық пен нұрды көзіңе шағылыстырып пәле-патырдың бәрін елестетеді. Одан қорқып тыпырлайтындар да жеткілікті. Тікірейіп, қасқая, күліп қарасаң өзі-ақ жоғалар. Осындай сәтте «орда», бақсы, көріпкел, құмалақшылар жан-жағыңа жиылады. Алла кешірсін, білімнің таяздығынан бақсы да болып көрдім, сақтай көр, кешіре көр Жппар Ием… Қысқасы, сынбас қорғаның – ислам, жаратушы Алла.
Ер адамды сырттан мазаласа, әйел затына қиыңға соғады: ішінде той жасап, ән айтумен болады. Жаулық тартып, хиджабын орап қайсарлықпен күрескен талайын көрдім. Бір ретінде мешітте екі қыз отыр, ішіндегілер «менікі сұлу» деп тіл тартысып отырғаны. Алла бәріне де сауығып жазылып кетуді нәсіп етіп, жүректегі иманды молайтсын!!! Он жылдап, жиырма жылдап есін білмей жүрген талай пенде бар. Алла қаласа бір мезетте жазылып кетер. Оған қайғырудың қажеті жоқ, Алланың сынақ бергеніне мың шүкіршілік.
Ең қызығы үйленген жандарда көп. Күйеуінен айырылуға қорқа ма? Түсінбеймін? Әйелі күйеуіне қастық істеп жатқандар сансыз. Қыз балалар ер баласына «тамақ» беріп қаратуы, енді бірі «төсекпен» қаратуы. Соны білседе еркек баласының сабырлығы үндемей, жарына ренжімей жүргендерді де көргенім бар. Қалай құтыларын білмей басын жерге соққандары да азды-көпті. «Ғылыми дәлелсіз» сенбейтіндер отбасының мүшесін жындыханаға тығып, өздері «үш әріпке» сеп тигізеді. Жаманы Алла үйі мешітке жібермеуі, өз басымнан да өткені бар. Мешіттің есігін аштырмай ұстап тұратындар да табылады. Айтпақшы, мұсылман жынын мұсылман шығарса, кәпір жынын кәпір, қытай жынын қытай, моңғол жынын моңғол шығарады. Бұған байланысты бір кісінің айтқанын айтып өтейін: Қытайда болған-ау? Бір жігіттің бойына «үш әріптер» жиылыпты. Молдаға апарса ішіндегілердің біразы Алла нәсіп етіп шығыпты, сосын молданың өзі ішіндегісі «тибет жыны» деп буддаларға жіберіпті.
Тағы бір пенделер бар. Олар мәңгілікке тәнін «үш әріпке» қонақ үй еткендер. Оларың ет жемей, май жемей өзін өзі қйнап ғұмыр кешеді. Көздері сумаңдап, ыржаңдап тұрады. Жиған-тергенін «қастықты» кәсіп еткендерге шелектеп төгеді. Олардың «ләззәті» адам баласының көз жасы. Сізге өтірік, маған шын. Бастарыңызға әкелмесін ағайын. Тікен сырттан емес, іштен қадалады. Адамды оқытып, санасын кептіріп өзіне құл етеді. Ондай жанды да көрдім. Қастық әр түрлі, маған жолыққаны осы. Менің таңғалғаным, жын бола тұра мені намазға тартқаны. Міне Алланың құдіреті.
Сәбилерге көбінесе әке-шешесінің ішіп не шегіп келіп «сүйіп», «иіскеуінен» болады. Қазақтың жол жүріп келген қонақты «демін басып амай» баласына жолатпайтыны бекер емес. Қазағымның ырымдары негізінен осылардан сақтанудың бір түрі. Ертедегі бабам беліне қынап байлап, бәкі салуы да теігн емес. Қазағымның ертеден тапқыр да, алғыр, білімдар болғанына таймас дәлел! Ішке «қонақтаған» достарымыздың «тапсырмасы» адамды өлтіру, жындандыру, отбасын бұзып, ажырастыру. Кейде жап-жақсы адамның әйелін сабап, адам өлтіріп, өзіне өзі қол жұмсауы, ажырасып, теріс қылыққа қадам басуы «достарымыздың» еңбегі. Оны істей алмаса өздерінің «аталары» жан тәсілім етеді.
«Дін бар жерде жын бар» деген осы. Бір шетінен дініміз дамыса, бір қырынан жармасып «ордалар» дамуда. Өткен қазақ баласына дінмен сауат аштырған, осы жолды қайта ұстансақ Алла разы болар. Шындық ашты, өтірік тәтті. Менің дертім осы, көбі бұны жасыр дейді. Өзімнің түйгенім Алланың берген сынағынан ұялудың пайдасы жоқ. Менің өнерім, бар білерім жазу, менің ойым оқырманымды қорқыту емес, өзімді жынды етіп көрсету емес, тек өз көргенімді басқаға тілемеймін, менің қателігім елге сабақ болғай?! Мүмкін мені «жынды» дерсіз, оған көңіл аударар «жынды» емеспін, ағасы!!!
ТӨРЕХАН Арыстан

15 пікір

ai-naz
Тақырыбы жақсы екен. Бақсы, балгерге бару ислам бойынша күнә болмақ!
yesbolat83
«жынды» емеспін, ағасы!!!
Жындылар өзін саумын дейді. Мүмкін, жынды шығарсың? Қалжың, ренжіме.

Жазбаң ұнады. Жас та болсаң, сенің жазбаларыңнан өмір деген нәрсеге әбден пісіп, арпалысып, қиындықтарына сабырмен төтеп беріп келе жатырған жігіт сияқты көрінесің. Жарайсың, қаламың ұштала берсін!
satirik92
Рахмет сізге! Жындылығымды мойындайтын жынды болғандықтан осындай тақырыпта жаза бермекпін. қолдау алғаныма қуаныштымын!
geofizik_001
жай адамды 7, дінге бет бұрған адамды 70 жын азғырады деген бар емес пе.Мен жазбаңдағыдай жағдайға ұрынған 2 адамды білемін, солардың қалай қиналғандарын көргендіктен мен бұл мақаланың қаншалықты өзекті екенін түсінемін.Алла АДАМ қылып, МҰСЫЛМАН қылып жаратқан соң, арымызды, абыройымызды, дінімізді жоғалтпай өмірден өтуімізді нәсіп етсін.
zhurttyn_balasy
Егер 1=2 және 2=3 болса, онда 1=3 деген логикалық тұжырым шығаруға болады.
Дін бар жерде жын бар
Кері логикада да сол нәтиже, әрине математикада, десек та, «дін жоқ жерде»?

Оларың ет жемей, май жемей өзін өзі қйнап ғұмыр кешеді.
Вегетариандықтардың құқығын қорғау ұйымы сізге ала көзімен бір қарап өтті )))

Өткен қазақ баласына дінмен сауат аштырған, осы жолды қайта ұстансақ Алла разы болар.
QARASAQAL — дінмен сауат ашқан ахи ретінде, сіздің пікіріңіз қалай болмақ?

p/s: Бауырым сенің ішіңде жын бар, молдаға апарып шығартайық деп талай айтқан маған. Бәлкім, бәлкім.
satirik92
дұрыс айтты ау?
zhurttyn_balasy
Бәлкім, бәлкім (:
VVVWWW
Дін бар жерде жын бар
(аржағын оқымадым, маған осы да жетіп жатыр) Неткен ғажап парадокс, бұндай сөз тіркесі бар қазақ тілі мәңгіге өлмеске керек. Қой… басқа ештеңе жазбай-ақ қояйын бірдеңе бүлдіріп жүрермін!
satirik92
оқып шығыңыз
zhurttyn_balasy
Маған да тақырып өте ироничный боп көрінді.
korwinin_kyzy
Әрине бауырым дің бар жерде жын бар! Себеп Ислам дінін ұстаған адамға шайтан келип уасуас салады, бірақ дініне берік адам әрқашан сондай натисктерге карсы турады, ал дінсіз адам проходной двор джындар кіріп шығып жүре береді себебі ода Антивирус жок ИСЛАМ деген
VVVWWW
Ә бәсе, маған күніне бес-алты жын кіріп шығады, кейбіруін тіпті танып алдым
Kan
«Дін бар жерде жын ба» Астафралла! Бұл тақырыбың өте қате. Дін мен жынды бұлай байланыстыру қате деп ойлаймын. Алла тағала адамдарды жаратпай тұрып жындарды жаратқан дін адам баласы жаратылғаннан кейін пайда болған. Жынның жаратылысы бөлек. Оларды жаппай жаман деугеде болмайды. Себебі жындардың да адамдар тәрізді кәпірлері мен мұсылмандары бар. Адамның нәпсісін,әлсіздігін, иманын,ұятын жынмен байланыстыруға болмайды. Бәріде Алланың қолында. Өз қалағанын жасайды.
Тағыда айтарым «тәубе» сөзін «шүкір» сөзімен алмастырып жазыпсың соныда ескергейсің.
satirik92
рахмет сізге бұл сөз діндарлардың сөз қорынан алынған. Әрине жын бізбен тең өмір сүреді. Пайғамбар с.а.у адамғада жынға да тең жол меңзеуші. негізі сол жынды адам баласына кіргізетін адам емес пе?
satirik92
Адамның есімі тағдырына әсер еткендей мақаланың тақырыбы да оның мазмұнына тікелей әсер етеді екен! Енді мына тақырыпппен қайта оқыңыздар.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.