Алматымның тірлігі

Қара суық, желді ызғар гуілдеп,
Өткен көлік ыза буып түтіндеп.
Жол жиекте қу тірлікті бақылап,
Күнбағысты сатқан апам кұлімдеп.

Ғашықтарсыз перде қалай түрілмек?
Көздерімен ымдасып жүр күнім деп.
Ләзәттана қарап бұған пріште,
Тәубә депті ақ қанаттары үлпілдеп.

Қақап аяз, жаурап шығып түнімен,
Обязательно рюмка жұтам бүгін мен.
Жылтыр мұзға ұзақ қарап таңдана,
Депті: Мынау точна, менің түрім бе?!

Қызыл галстук, аппақ жеңі түрілген,
Қолындағы қағаз мүсін гүлімен.
Асығыспен қызды күтіп сабақтас,
Кезекші оқушы сыртқа үңілген.

Отыз бесім жүріп «Прямо по Абая»,
Пробкаға реально түсті қап-ай, ия?!
Шатыр-гүтір орын іздеп соғысып,
Орыс апам кондукторды қаппай ма!!!

Барахолка ерте тұрып тауықтан,
Талай жылдар еңбек етіп машыққан.
Таппағанды қиналмай-ақ табарсың,
«Адидасым» «мен мұндалап» қашықтан…

Осы міне Алматымның тірлігі,
Сансыз «жұмыс» орналасқан кіндігі.
Қысқа айтсам сөз жоқ бәрі де «в масле»,
Болмаса ғой қара түтін кірлігі?!
ТӨРЕХАН Арыстан

9 пікір

NURI
Барлық шығармаларынды толық оқып шықтым, жақсы жазылған
jalyn
Өлең жақсы шыққан. Әсіресе,
Болмаса ғой қара түтін кірлігі?!
дегені, күтпеген жерден. ой саларлық. Жалпы, satirik92 жазбаларыңның бәрі әдемі!
geofizik_001
3-шумақта бомжды суреттегенің бе? Сол жеріңде кейіпкер аталмай қалыпты.
satirik92
келесі тармақтарда түсінікті
korwinin_kyzy
Жарайсын Барақолқыда жургенім есіме тусіп кетті))))
yesbolat83
Қайран студенттік кездерім есіме түсіп кеткенін қарашы. Сен айтқандай Алматымның қара түтінін де сағындым ғой. Алматы менің алғашқы махаббатым.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.