Ей, ағалар!!!

Күнделікті әдетім бойынша торапта (интернетте) отырдым. Шиқ-шиқ шықты бір қотыры. Сөйтсем, бұл тозақтың отыны. Шұбырып шайтан тобыры. Транс та, көгі де, тесігі де қысқасы қоғаманың қалдығы. Жарнамалапты малдығын. Ұмытқан өмір хақтығын. Нәпсі ойнап барлығын. Жаны шертті зарлығын. Көрдің бе шайтан хандығын, басқарыпты барлығын. Адам-ау, адам… Жаманға да себепкерсің, жақсыға да себепкерсің… Нәпсіге кеттің алданып, байлық қуып малданып, қоғамың кетті тарланып…
Құлақпен естігенше көзбен көр дедім де кірдім. Арын сатқан «өрттен шыққан отындар» «ананы да», «мынаны да» суретке «от всей души» түсіріпті. Одан сайтқа ілдіріпті. Тіпті еркек атауына ие «өрттен шыққан отындар» өз «тесіктерін» тілдіріп «ләззәттанып» өмірге разы. Былайша бұның атаңа нәлет жаһандану деген «язваның» іріндеп бара жатқаны. Тағы менің елімде, менің туған жерімде, батырлардың шайқасқан майданында, талай ақын жырлаған жайлауында. Тура осы бір мыңдаған батыр бабам армандаған ана күлкісі мен сәбидің іңгәләгі домбыраның сазды әуезіндей күй шерткен уағында. Қайдағы бір боқ құрлы жоқ әлсіз «елеместердің» біздің жас ұрпақтың санасын улауын-ай?
Бұрын батыр он үш жасында ел қорғаса, қазіргі «батыр» он үш жасында «девствиник» сөзінің өзіне қатысы жоқ болса ғана «батыр». Бұған дәлел ауладағы бір «көше құртының» айтқан сөзі:
— Брат, короче тема болды. Бүгін қададым. Екі п… а жібердім.
Ал «п… а» жібергіш санасыз мақұлықтардын «бір» жерлері өте қатты дамудың себебі қайда? Ата анада емес. Ол осы малғұндардың түйсіктерінің ит екеш иттен төмендігі. Ей, соны істеудің алдында ойланшы біраз ғана? Сексенге келген апаң бар, сенің кіріңді жуып, тоқтығыңды сақтап жүрген анаң бар, «аға», — деп еркелей жүгірген қарындасың бар. Ойланшы, жан жағыңа көз жүгіртші, «бақылашы». Ертең сенде жар сүйесің, еркелеген қызың болады. Әкенің істеген былығы, ұрпақтың басына келеді. Осы дүниедегі әрбір сасық ойың көкке көтеріле қайта қайтып басыңа қонады. Сол сен «қадаған» жанның басындағы қара бұлт, сенің туыстарыңның басына әлі-ақ найзағай ойнатады.
Ал енді осылармен бір қайықтағы лезбиянка, гей, транстар біздің қоғамымыздың айнымас бөлшегі. Бұл «бөлшек» қазір сасудың орнына дамып кетті. «Один раз – не пи… з» деген типа «жігіттердің» ұранды ұстап бір-бірінің қойнына кіріп жатқаны жетерлік. Журналист көзін жеткізу мақсатында майданға да барады. Өз ауыздарынан естігем:
— Моншада досым маған тиісті. Оның денесі маған ұнайтын. Өзімді ұстай алмадым.
Осындай әлсіз бәлелердің арқасында қазақ қай жерге құлдырап барады?! «Астарлы ақиқаттың» қайсы саны екенін білмедім, көргенім мені жиіркендірді. Біздің Ту көрсетілген «борат» фильмінен кейін неге екен осы образдағы фильмдер қаптады. Осы жолы қазақ туралы «анайы» фильм өкінішке орай біздің қазақ қыздары жалаңаш күйінде Шымкент қаласында түсірілді. Сонда біздің ұлтқа не болды? Қайдан келген эпидемия?
Нағашы ағам Қытайдан көшіп келіп мектепке оқуға кірді. Әнші болғандықтан мектепте артынан жүрген қыз қауымы көбейді. Осылай өтіп жатқан күннің бірінде сабақ болмай спорт залға досы және екі қызбен барады. Жанындағы досы қыздың бірін құшақтай сүйісе, қызды шешіндіре бастайды. Ағам түсінбейді. Сол сәтте екінші қыз ағамды сүйрей бұрыштағы бөлмеге апарады. Қызымыз тізерлеп отыра кетіп ағамның сымын шешеді, сол сәтте ағам ана байқұс қыздың бетінен аямай бір тебеді де тайып тұрады.
Осыны тоқтататын бір ел ағасы шықпады ма? Атылып кеткен ағаларымыздың бірі қытайдан кірген сасық арақты да тоқтатқан еді. Ал мынаны кім тоқтатады?! Неге бізде фильтрация жоқ? Неге шек жоқ? Осыны бос жіберемізде тағы қазіргі қазақ адасқан дейміз. Иманды періштедей мелмлекет құрамыз дейміз. Ұрпақтарымызды саналы да, сапалы етіп тәрбиелейміз дейміз. Тәрбиелесең тәрбиелегенде шығарсың, жемісі көрініп тұр. Әрине қоғамда бәрі болады. Бірақ, ей ағатай, мен қазақпын, сен қазақсың, тәнін сатқанда қазақ, тығар «тесік» таба алмай сарылғанда қазақ. Бір рет имамнан оқытылып шыққанда намазхан жігіт «қызға барайық» дегені тіптен көктен сұрағанымды жерден берді. Біздің жаңалықтарда да жетерлік екен міне бірі: www.youtube.com/watch?v=7j4L2aLzlhw Тағы да сенбей жатсаңыздар дегенім. Және мынау иманның өнері: www.youtube.com/watch?v=YvK2VaZ0xqI

Сұрақ қойғанды сүйемін: Ей, ағалар біз қазақ едік қой?!
Айтабер! - танымдық блогтұғыры: Ей, ағалар!!!
ТӨРЕХАН Арыстан

32 пікір

geofizik_001
Ащы жазылыпты.Денем тітіркеніп кетті тіптен. Ей, ағалар деп негізгі назар ел басқарған ағаларға бұрылғанымен қоғамның дерті бұл.Қоғам-ол біз. Демек әрқайсымыздың титтей болсын үлесіміз тиюі мүмкін бұл дертпен күресуге.
Kan
«палка» мен бұндай сөзбен бұндай анайы әңгіме жазуды ұят санайтын едім. Сәл артықтау жазып жіберіпсің
satirik92
есте сақтаймын. Рахмет. Ал сізбен қалай хабарлассам болады аға?
Kan
Әйтседе ащы шындықты жазыпсың
satirik92
менің мақсатым сол шындық. Сол себептен сол шындықтың анайы болсада өз тілімен жазуға тырыстым. Ойландыра алдым ба негізінен?
satirik92
Әлде, ойландыра алмадым ба?
jalyn
Ойландырды)
satirik92
қандай жаққа?
jalyn
Кезінде осы тақырыпқа жақындау кішігірім зерттеу жүргізгенім бар тұғын:

Алматы қаласында қанша жезөкше бар?

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының назарына!

Саин мен Сейфуллин көшелеріндегі етегін көтерген қыздардың саны азайғандай көрініп жүр. Соған қарап қаламыз «тазарыпты» деп, қуанып та қалғанбыз. Ал, шын мәнінде, дамыған технология мен ақпараттық қоғамның жаңа медиасы жеңгетайларға жетіпті. Себебі, интернетте Алматылық бойжеткендердің анкеталары қаптап жүр. «Ұсынған қызметі», жасы, көзі туралы мәліметтерді қамтыған анкеталардың жалпы саны 20 мыңнан да асып түсті. Арын сатқандарды таңдаудың бұл жаңа әдісіне арналған жүздеген сайтты табуға болады.

«Бұқаралық ақпарат құралдары» туралы заңның 2-бабының 3-тармағында БАҚ-та порнографияны насихаттауға тыйым салынған. Аталған заңның 13-бабының 3-тармағына сәйкес порнографиялық және арнайы жыныстық-эротикалық сипаттағы радио-, телебағдарламаларды тарату, сондай-ақ кино- және бейнеөнімдерді көрсету заңда белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын не бұқаралық ақпарат құралы өнімінің таратылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.Бірақ алматылық жезөкшелер сайты 2005 жылдан бері қызмет көрсетіп келеді.

«Сайтқа орналастырылған жарнама арқылы сайт қонақтары есебінен (сонымен қатар өзге де табыс көдері болуы да мүмкін) пайда көріп отырған сайт иелерінің әрекеті жеңгетайлық болып табылады.»,
— дейді заң ғылымдарының докторы, профессор Ағыбаев Арықбай. Ал, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 271-бабында жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлыққа тыйым салынған.

Аталған құқық бұзушылықтарға қарамастан www.almatinki2.com, www.kizdar.net, www.kz-sex.com, www.almateenki.com, www.devki-kz.com, www.intimalmaty.com, www.dosugalmaty.com, www.almatutki.com, www.almapopki.kz, www.almaanal.com, www.almabudget.kz, www.almahigh.kz, www.almadosug.kz, www.almagirls.com, www.kazahstanki.com, www.almatyprostitutki.com сияқты жүздеген сайттардың жұмысы әлі неге тоқтатылмаған? Тиісті шаралардың орындалмауы салдарынан қаладағы әр отызыншы қыз өзінің жезөкшелік қызметін ашық-шашық суреттер арқылы жарнамалап отыр.

P/S: Біраз басылымға беріп көріп едім… Прөкүратурамен келісіміміз бар деп жарияламады.
satirik92
Және агент деген бәлені толық қадағалауға алу керек. Тіпті біздің елде инцест те көп. Ағалы қарындастылар, әпекелі сіңіліллер. Қысқасын айтқанда біздің елге шектеусіз кіріп жатқан анайы информациялар (кино, видео, клип, әсіресе интернет) қазақтың еліктеушілігінің күштілігін негіз етсек бізге кереғар дүниелерді сіңдіру оңай. Соны біле түра біздің заң органдары неге біздің елге кіретін информацияны шектемейді?
Мысалға жанымыздағы ҚХР өздерінің QQ-ін (біздегі агент іспеттес) қадағалап отырады. Оларда порносайт атымен жоқ. Тіпті біздің сайттарға да шектеу қойылған. Ал біздің тораптағы жыпылық жарнамалар кез келген кезде алдыңа шығып өзіне еріксіз түрде кіргізеді. Әрине, жас жеткіншектің психологиясына тікелей әсер етеді. Тіпті вконтакте-де осы бағытта ойын-сауық өткізілетіндігі туралы ашық жарияланған. Қысқасы, әдемілеп басу үстінде.
Jado
Айдос тастамайтын Ағыбаевтарың бар әйтеуір… Егер тегі сол сабақ бермесе заңнан дым хабарларың жоқ боп қалар еді да?Әлде соның атын айтсақ ұтымды және нанымды шығады дегендерің ба???Қызық..Және неге әуре болдың зерттеу жүргізіп.… БАҚ.кзтен талай осы тектес зерттеулерді оқығам…
jalyn
Jado! Кішкене соображениең бар тақырыпқа қатысты пікір айтсаң қайтеді??? Хахаха БАҚ.кз аспаннан алады ма екен? Біле білсең, сол БАҚ.кз-дағы осы тақырыпты көтерген ең алғашқы материал менікі! Қазақстанның ақпараттық порталы жыныстық қатынасты ашық көрсететін сайтты жарнамалауда деген тақырыпта. (12 Маусым 2012, 10:18) Кейбіреулер секілді не жазсам екен деп баспасөзге жалтақтайтын әдетім жоқ! (Тем более, БАҚ.кз-ға) Как ни странно, сол мақала жарыққа шықпай бұл тақырып қазақ баспасөзінде қызу талқыланбаған. Іздеп, көріп көз жеткізсең болады. Кімнің идеясы кімнен кейін туғанын!
Ал, Ағыбаевқа келсек, журналистикада «сарапшы пікірі» деген болады. Және Ағыбаев қылмыстық құқық мәселесінде әжептеуір орны бар, осы тақырыпта бірнеше зерттеу жүргізген заңгер.
Жәрәйді, таласып қайтем.
Еркек неге әйелді ұрады, қандай пост жазсам екен
деген посттар (өсектер) жазу керек пе едім сонда???
4o4
Автордың порносайттардың тұрақты қолданушысы екенін және қыздардың ақылы қызметтерін пайдаланатынын білдік сонымен))
satirik92
еу ағатай намаздамын!!!
4o4
Намазда болсаңыз әлгі қазақтарды қайдан тауып алдыңыз?) Қандай іздеу жүйесіне қандай сөздер енгіздіңіз?)))
satirik92
masa.kz/article/view/id/1815 мынадан және содағы суреттен
satirik92
4-ші сурет
4o4
артық айтқан сөздерім үшін кешірім сұраймын, таза жарнама кетіп жатыр екен мына МАСАдан)
jalyn
маса, маса…
Соңғы өңделген уақыты:
jalyn
Не ғой, негізі маған (журналист болғандықтан) бір басылымнан қазақ менталитетіне жат, қазақты құрдымға жіберер интернеттегі олқылықтарды зерттеуді тапсырылған болатын. Бәрі today.kz ақпараттық порталының туыстық жыныстық қатынасты жарнамалайтынын ойламаған жерден көрып қалғаннан басталған болатын. Ол жайлы мына мақаладан оқуыңызға болады
satirik92
бізде бұларды жазалайтын заң бар ма?
Соңғы өңделген уақыты:
4o4
Елімізде шетелдік порносайттарға фильтрация жоқ әзірге.
jalyn
шетелдік қана емес, кз доменімен тұрғандары да баршылық
4o4
олардың тағдыры ұзаққа бармайды)
jalyn
Ай, қайдам, кейбіреулері 2005-тен бері жұмыс істеп келеді екен.
jalyn
Именно тудей.кзны жазалаған жоқ. Екі ай бойы тұрған жарнама, мақала шыққан соң, екі сағат болмай алынып тасталды. Қылмыстық іс те қозғалған жоқ, әкімшілік жаза да берілмеді даже, қателеспесем… Негізі, заң бойынша олар да жеңгетайлармен бірдей жазаланады. Ал, жезөкшелерге арналған қылмытық іс қозғалмайды. Сайттарға келсек, ең алдымен прөкүрәтураның өзі, қазақтелеком, сосын сайтты ашқандар жазалануы керек Инет туралы заң бойынша. (заңгерлердің айтуына қарағанда)
yesbolat83
Жақсы жазылған. Бірақ, порносайттарды іле салғаның жарамады, тамашала дегендей.
satirik92
Оны салған себебім сенбецтін халық көп екен соған. Ақылыңызға жүгініп бұны алып тастайын. Рахмет.
AshTrollToqTrollmenOinamaide
Жариялаған орныңызға, сайт аудиториясына сәйкес жарияланым деп ойлайсыз ба? Ересектер үшін жарайды, олар түсінер, ал жас қолданушылар үшін сол сайттарды жарнамалап жатқаныңызды байқамапсыз. Сондықтан фильтрация демекші жазбаңызды да сәл фильтрациядан өткізсеңіз жақсее болар еді)

Интернеттегі анайы сайттарға шектеу қою біздегі провайдерлердің де құзіретінде бар, бірақ оларға талап ететін арнайы заң жоқ.
satirik92
ия, келісем менен қателік. Алып тастаймын.
Kan
Жарайсын жанға бататын, арды сататын жездер туралы жазғаның керемет. Жаза түс осындай оңбағандардың қылықтарын әшкерейлеп, тек жалпы халыққа сыпайы түрде жеткізе біл
satirik92
Рахмет сізге! Сыпайылық жағынан жұмыс істеуге тырысамын.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.