Мектепте өткен бір күн...

Ағайын негізі өзім оқушымында… Мектептегі бір күнді баяндайында…
Таң ертең сегізде мектепке жетіп барасың, есіктен кіргеннен беттен шалпыдату басталады. Мектептің жартысын көзді жұмып алып сүйіп шығасың, танисың ба? Танымайсың ба? Шатағың жоқ… Одан кейін кабинеттің алдына барасың, әңгіме қызып жатыр:
— Кеше рамсқа бардым,- деп әңгімесін бастады. Мұшын түйіп, екінші қолының алақанын ұрғылап отыр, себебі оның «привычкасы». Негізінен анасынан бастап бұтының арасындағысына дейін «реклама» жасап жіберді…
Ал қыздар өздері бөлек ауыл. Олардың ауызында «Дениз» бен «Мерттің» махаббаты мәселе боп жатыр. Дебатта тұрғандай қолдарын сермеп қойып айтуда. Бомба жарылсада сезбейді… Артыма қарасам досым салпиып келе жатыр:
— Саған не болды?
— Реал-Мадрид ұтылып қалды
— Ұтылса не бопты?
— Бес «snickersке» спорить еткем,- дейді. Кеше «спорить» етем деп, бүгінгі күнін «портить» етіп апты…
Сабаққа кірдік алғашқы сабақ «Орыс тілі». Диктант жазатын ұқсаймыз… Ия, диктант. Жәңегі «snickers» досымнан ұялмай-қызармай көшірдім… Өз теріммен төрт деген баға алдым. Диктантың арқасында жаңа рекордсмен туылды. Қандай рекорд дейсіз бе? Бір сөзде үш қате!!! «Машина» деудің орнына «мошоно» депті… Қоңырау соғылды… Бәріміз демалуға шықтық.
Үш бала дәретханаға оқталып барады, бірақ дәрет сындыру үшін емес, ортасындағысынан ақша сындыру үшін… Бер жағында бір әңгіме құлағыма ілініп қалды:
— Осы мектептің итінен, битіне дейін танимын, «проблемаң» болса шешеміз. Мына қол өзі қышып жүреді,- деп қояды…
Келесі сабақ «Алгебра». Тақтаға көз салсам: бүгінгі күн реті, астына «Бақылау жұмысы»,- деп ойып жазыпты.
Бақылау басталды, омен қатар нұсқаға талас басталды. Сыныпта шыбындай ызылдаған сыбыс белең алды:
— Сен қай нұсқасың? Берші көшірейін? «Өле жегенше, бөле же»,- деген мақал бар емеспе,- дегендей…
Досым да не бар, бәрін парағыма сыпырып алдым. Бақылау аяқталды. Қос парақтарды жинап, тексерді… Сыныптың сексен пайызы бірінші нұсқа, себебі алтын белгіге оқитын қыз бірінші нұсқа… Бәрінде бірдей қате…
Осыдан кейін кезекті «Құқықтану» сабағы іле кетті. Бұл сабақ үнсіздікпен өтеді. Себебі ағайда үндемейді. Бір жыл болды бірінші тақырыпта отырып қалған әйелдей отырмыз. Балалардың ұстанған ұраны бар:
Қазақстанда заң жоқ қой,
Алмайтын ақша жан жоқ қой.
Міне осылай үшінші сабақ бітті. Төртінші сабақ «Қазақ тілі». Бүгін апайымыз қорытам деп еді… Журналды ашты, алфавит бойынша атай бастады…
Біреуі бес, төрт, үш, төрт, бес… Артымда отырған баланы алдына шақырып:
— Саған қанша қояйын? Өзің бағала? Үш пен төрттің арасында тұрсың?
— Апай?! Төрт қойыңызшы?! Жақсы оқим ғой… Білесіз ғой…
— Жарайды, үш, отыр,- деп келесісін шақырды…
Кезек маған келді… Тегім аталды, артынан «төрт» деген сөз естілді. Әрине «төрт», себебі мен осы кабинеттің орындықтырын жөндегем…
Ең соңғы сабақ «Физика». Ең қатал мұғалім. Ешқайсысының саусағының басын қимылдатуға шамасы жоқ. Мұғалімнен суық ызығар соғып тұрады. Журнал ашылды, баға шашылды…
Әдемі бағалар кетіп жатты. Біріне жақты, біріне батты. Бірінде күлкі, бірінде жас. Қысқасы сыныпта «мелодрама» белең алды… Ал мен болсам тыныш қана «төртімді» иемдендім… Себебі мен апайға «DVD» алып бергем… Мектептегі бір күнім осылай өтті…
ТӨРЕХАН Арыстан

4 пікір

yesbolat83
Сыныптың сексен пайызы бірінші нұсқа,
Сенің сыныбың тәуір екен, біздер 100 пайыз 1-ші нұсқа болатын едік.
Сосын, рекорд жасаған «сникерс досың» емеспе, «шоколад»,«шоколад»-деп отырып, машинаны мошоно деп жазып қойған?
satirik92
Жоқ тағы біреу болатын.
Botash
«Физика». Ең қатал мұғалім. Ешқайсысының саусағының басын қимылдатуға шамасы жоқ
Біздің мектепте де осы)))
Соңғы өңделген уақыты:
calendula
Денизді әлі де көріп жүргендер бар ма?)) Бізде орын ауыстыра беретін болған соң, бәрібір қай нұсқа болсаң да) Бірақ кейде мұғалімдер әр оқушыға бөлек есептер береді. Ал химияда нұсқа көбіне болмайды да.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.