Асхат Еркімбайдың «Жаңа медиа: монологтан диалогқа» атты кітабына пікір

ХХІ ғасыр – заманауи технология мен ақпаратты жедел тарататын қоғам заманы. Белгілі блоггер Асхат Еркімбайдың «Жаңа медиа: монологтан диалогқа» атты кітабы ақпараттық технологиялар, интернет және жаңа медиа жайлы жазылған. Ондағы басты мақсат – халыққа «медиа» ұғымын терең түсіндіріп, ақпарат тарататын құралдардың озық үлгілерімен қоғамды хабардар ету.
Кітап кәсіби тұрғыда жазылғандықтан теориялық және тәжірибелік құндылығы зор. Ол 4 тараудан тұрады. Алғашқы тарауда медиа жайлы, оның түрлері, дәстүрлі медиа мен жаңа медианың айырмашылығын атап көрсеткен. Екінші тарауда қазақ журналистикасындағы жаңа медиа жайлы әр түрлі БАҚ-на берген сұхбаттары, мақалалары топтастырылған. Үшінші тарауда АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің халықаралық ақпараттық бағдарламалар бюросы аясында жарық көрген “Media Emerging” атты журналындағы мақалалардың аудармалары топтастырылған және Америкадағы жаңа медианың дамуы мен интернеттің әлемдік деңгейде қалыптасуы жайындағы мағлұматтар берілген. Төртінші тарауда журналистер мен блогшылар жайлы және журналистердің жаңа медианы қолдану барысындағы жауапкершіліктері жайлы мәселелер қозғалған.
Қорыта келе айтатыным, кітап жалпы оқырман қауымға арналған, тілі жатық, мазмұнды. Еңбектің оқырманға берері мол және оқырманның одан алары зор деп ойлаймын.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.