Көне шаһар - Тараз

Көптен бергі армандарымның бірі орта ғасырлық тарихы бар Тараз қаласын көру еді. Біз түгілі осы бір көне шаһарды, ондағы тарихи орындар мен кесенелерді тамашалау, тарихты жаны сүйетін шетелдіктердің де арманы екендігі сөзсіз.
Осы арманым осы жылғы кезекті жылдық демалысымда жүзеге асты. Таразды бір күнде аралап тауысу мүмкін емес екен. Табиғатының сұлулығы еріксіз елітіп, тарихы бай көне шаһар менің жүрегіме ерекше сезім беріп, Отаныма деген сүйіспеншілігімді арттырды. Өзім ескі дүниелерді жақсы көретіндіктен мені мейман етіп жүрген Jako ағайға көне ғимараттар мен кесенелерді көрсетуін өтінгенмін. Ата-бабаларымыз қоныс теуіп, Ұлы Жібек жолы көші өткен қасиетті топырақты басып, Аса өзенін тамашалап, Таластың тұнық суымен жүзімді жуған сәттерім мен үшін ерекше есте қаларлық сәттердің бірі болып қалмақ. Осы бір қасиет қонған шаһардан жүрегіңе тыныштық орнататын леп есетін секілді.


Ал енді кезекті суреттерге берелік:

Айша Бибі кесенесі

Бабажы қатын кесенесі (Айша Бибі анамыздың күтушісі, тәрбиешісі болған деседі)

Қарахан кесенесі (аңызға сүйенер болсақ, Қарахан Мұхаммед Айша Бибі анамыздың сүйіктісі болған)

Қарахан баба намазханасы

Тектұрмас әулие кесенесі. Бұл кесене шыңда орналасқан. Осы тұстан Тараздың барлық жерлері анық көрінеді.

Ал мынау Талас өзені

ПыСы: Қаланы тамашалатып, мейман еткен Жақыпбек ағама үлкен алғысымды білдіремін. Аллаһ разы болсын!

4 пікір

Jako
Қолың тиіп жатса тағыда соғарсың деген үміттемін, енді келсең Ақыртасты көрсетемін.
yesbolat83
Бір данышпанның «Жауда да (тура мағына емес) бір үйің болсын» деген мағынада сөзі бар емес пе?! Сол секілді енді менің Таразда да өз үйім бар. Жолым түскенде емін-еркін барып кететін.
yesbolat83
Осы мемлекет қорғауындағы Көне мешіттің ішіне кіргізеді ме?
kozha_maktanshak
Талас өзені неткен керемет!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.