Айтаберге қалай келдіңіз?

Дәл қазір бізде жаңа қолданушылар көбейіп қалды. Қуантарлығы жаңа қолданушыларымыздың ішінде тұрақты кіріп пікірлеп, пост жазып тұратын азаматтар да баршылық. Оларға үлкен рахмет, әрине! Бұл пост емес, сауалнама деп қабылдасаңыздар да болады. Маған админ ретінде қолданушыларымыздың бұл сайтқа қалай тап болғаны қызық шынында. Тіпті, жай Google арқылы ақпарат іздеп отырып, кездейсоқ кіріп кетіп, осында біраз посттар жазып, ақырында керемет достарға айналған жақсы қолданушыларымыз да бар. Сұрағым мынадай:

Сіз «Айтабер» сайтына қалай келдіңіз?

52 пікір

yesbolat83
Мен Айтаберге Сұрақ-жауап сайты арқылы келдім. Осы Айтабер деп аталатын ауылдан өзіме кереметтей достар таптым. Сайтымыздың ғұмыры ұзааақ болғай!
muktybek
Маған бір досым айтқан-ды, «Айтаберге» жазбаларыңды шығармайсың ба деп. Ә дегенде түсінбей екі аккаунт ашып жіберіппін. Соның біреуінен қалай құтыларымды білмей жүрмін)))
followme_alik
Мықтыбек… есімің?
muktybek
Мықтыбек қой
followme_alik
Қолданушылардың 47%-ы:
__________________________________________________________________________________________________

* * *

_______________________________________________________________________________________________
Delfina
Мен осылай келдім ғой)))
nurbanu_KAMAL
Мен гуглдан бірдеме іздеп отырып, байқамай келіп қалыппын. Алғашында түсінбей қалдым, бұл не сайт, күшті-күшті жазбалары бар деп. Кейін ұнады да, тіркелдім. Біраздан соң, жаз айларында ма, қызықсыз болып кетті де, мүлдем кірмей кеттім. Бүгін сағынып кеттім бе, әйтеу, түнгі 3-ке дейін осында отырмын.
zhano_almuhambet
«Айтаберде» жазбаларыңды салып өзгелерді де оқысаң болады деген соң осында тіркелдім. Нұршат ТАУБҰЗАРДЫҢҰЛЫ кеңес берген еді. «КерекИнфоны» да айтып жүрген болатын. «Айтаберге» осылайша келдім. Жазған постқа пікірді тағатсыздана күтетінмін. Мені оқитын адам бар ма деп… Алғашқыда жұмы күте тұрады, «Айтабер» күтпейді деп осында жеткенше асығып жүретінмін.
MSHERIMBEK
Нұршат бауырымның досы екенсіз ғой :)
estetika91
Мен айтаберге сұрақ-жауап арқылы және админ мырза арқылы келгенмін)
berik_kaznai
Айта бер сайтын мен ойда жоқта көзім шалып қалды. астана қаласында өзіндік орны мен қызметі бар Гүлбағда досымның vk сайтында көріп қалдым да бірден осы ауылға қарай жол тарттым. меніңше қателеспеген сияқтымын. өте тартысты және танымды жобалар мен ойы ұшқыр азаматтар мен азаматшаларды көріп марқайып қалдым. өте керемет сайт алар асуы қашанда жоғары болсын. біз қазақпыз сондықтан да бізден кейінгі өскелең ұрпаққа мал қалдырмасақта тал есебінде осындай таза қазақша керемет дүниелерді қалдырайық!!!
MSHERIMBEK
қош келіпсіз, Беке :)
Umarbekov
Осы қаңтар айында ғой дейм, Хабардан болатын «БІЗ» бағдарламасын көріп отырып, көзінде әшкиі бар шашы ұзын жігіттің аузынан естіп қалғам айтабер дегенді. Сөйтіп не екенін көрейін деп кіргем, содан бері осындамын=)
Abylai
Былтырғы Астана Интернет Форумынан кейінгі «БІЗ»ді көріп қалған екенсіңіз ғой )) aitaber.kz/blog/videoaudio/4533.html
Abylai
Мен Айтабер дегенді жалпы сайт Айтабер болмай тұрып екі ай бұрын естідім. Ол кезде екі мың он бірінші жылдың қараша айы болатын. Күн суық, далаға шығуда дым желание болмағасын агентте сұрақ жауаптың модерлерін жинап бір конференцияға жинап алып, Ербол Серікбайға жабылып жатырмыз ))) ол бір кезде ия білем ғо, түсініп тұрмын сіздерді, менде дәл қазір ақша уақыт жоқ, Айтабер деген сайтпен айналысып жатырмыз деп айтып қалды, сразм айтабер деп іздедім, айтабер деп жаздым, айтабер.кз деп жаздым ақыры тауып алдым да тіркеліп алдым, ол кезде сайтта жеті сегіз болданушы бар еді :)))
MSHERIMBEK
уахахаха :) иә, есімде :)
Abylai
иии өтәйтпа, ол кезде сен жоқсың
dimash
ахахахах))) «ия білем ғо, түсініп тұрмын сіздерді, менде дәл қазір ақша уақыт жоқ» мынаны случайно корип калып кілтсөзді қалпына келтіріп жазып отырмын))) ахахах)) «агентте сұрақ жауаптың модерлерін жинап бір конференцияға жинап алып, Ербол Серікбайға жабылып жатырмыз» ол нервничить етіп сайтты жабам деп қорқытып па)))) біз қайтып жұбатып))) ахаха)))))))))
Abylai
қай заманда жазылған пікірге жауап жазып сен де ))) қалайсың бро? бәрі жақсы ма?
Jako
Мен де осы Айтабермен алғашқы күннен біргемін, СЖ-лықтармен бірге келдім ғой деймін. Содан бері бір күн кірмй қалған емеспін, түк жазбасамда жаңа дүниелер болса оқып кетіп отырамын.Бір уақыттарда сайтта тоқырау болғанда да Есболат, Кан мырза, Көршінің қызы сияқты қолданушылармен күніне бір рет соғатынбыз.
MSHERIMBEK
Иәәә, ағасы :) Талай ұрыстыңыз емес пе, бізге де :)
Korkem
Мені өңшең пиянщіктер ертіп келіп еді, стақандастарымды айтамын
mairosh
Енді Айтаберден қалай кеттіңіз? деген жазба жазу керек:)
ereke_enu
Айтаберге қалай келгенім нақты есімде емес. Бұған дейін керекинфода шамалы болғам. Сонда жүріп естіп қалғам шығар.
MSHERIMBEK
Керекинфо жақтан келдің-ау :) Әлсін әлсін есімде :) Керекинфода жүретін кезің :) Біраз шулы болдың ғой)))
көбіне ағылшын және орыс тіліндегі интернет кеңістігінде көп отыратындықтан, қазақ тілді қазнетте қандай қызықтар болып жатыр екен деп келдім, yvision-де бір күні қазақ тілді сайттар деген жазбаны көзім шалып қалды, солардың арасында айтабер де болған, барлық сайттарды жаймен ашып қарасам, тек бес-алтауы ғана жаңа жазбалармен салыстырмалы түрде жиі жаңарып отырады екен. Алайда оқитын қызықты жазбалар көп болса ғой деймін, өйткені кейде кіріп қалсаң, баяғы жартас сол жартас дегендей бұрынғы жазбалар ғана ілініп тұратыны өкінішті.
MSHERIMBEK
Админіңіз үйленді, шетелден енді келді :) Енді өздеріңізге қызмет етеміз))
Mirjakip
02-12-2021 Айтаберге қалай келгенімді қазір айтпасам кейін ұмытып қалармын! Көбісі секілді СҰРАҚ ЖАУАП арқылы кірдім, оның өзінде СҰРАҚ ЖАУАПТЫҢ шетінде, ұқсас сұрақтар деген бар ғой! Сол себеп болды біреулер айтаберде,өз аккаунтымды қалай өшірсем болады деген екен, мен соны байқап, АЙТАБЕР деген сайт бар екен ғой, аты жақсы екен деп кіріп едім,zhano_almuhambet деген кісінің блогын оқып пікір қалдырайын десем сайтқа тіркелу керек дейді сөйтіп тіркелдім, бірақ пікір қалдыруға ұмытып кетіппін.
MSHERIMBEK
Қош келдің Мәке :) Белсенділігің қуантады :)
Ainamatai
Айтаберге нақты қашан келгенім есімде жоқ бирақ кім арқылы келгенім есімде.Шамамен осыдан бір ай бұрын Ерланнын жеке парақшасына кіріп бір мақаласын оқығанмын «Ақтауға Астаналық көз қарас» деген содан Айтаберге тап болдым.
MSHERIMBEK
Қош келдіңіз :) Тоқтамай келіп тұрыңыз)
aijan_adok
Мен Айтабер айдарына массагет сайтында отырып калай киргенимди байкамай калдым. Массагеттің сайтына ұқсайды екен. Маған ұнады, тіркелдім
MSHERIMBEK
Сіздердей көркем қыздардың келуі одан сайын сайттың көңілін жақсарта түспек :)
Kan
Сұрақ-жауап сайыты арқылы келдімау
KUANYSHBEK
Қысқа да нұсқа: сұрақ жауап сайты арқылы!
Yeld
Есімде жоқ, қазақша сайттар қарап отырып келдім ғой деймін, біреудің блогында сілтеме болды ма екен… Басында тек оқып жүрдім, одан кейін тіркеле салдым сайтқа. Сол осы.
MSHERIMBEK
Шымкентке қашан келесіз?
Jako
Yeld, Шымкентте осы жазда болып қайтты емес пе?
Yeld
Наурыз мерекесіне баратын шығармын, күн ыстық болмай тұрғанда.
Begimzhan
Googl.kz арқылы келдім. Басында күнде кіретінмін. Жұмыстан қол тимей кетті ғой…
Баршаңызға шығармашылық табыс тілеймін!
Мен де кейбір көпшілік сиякты гугл арқылы бір материал іздеп отырып, аяқ астынан осы сайтпен таныстым.Әрі-бері аударып біраз қарап шықтым да, тұрақты қолданушы ретінде бүгіннен бастап тіркелдім.
Feruza
Графикалық редактор туралы мәлімет іздеп отырып Айтабер-ге кездестім. Қызық, егер уақытың болса ұзақ отыра бергің келеді…
87758970202
көбісі Сұрақ-жауап арқылы келген сияқтығой менде дәл солай
saryqazaq
«Сектаға қалай келдің?» дегендей болды ғой)))
Керек пен массагетте жүргесін айтебер туралы әйтеуір білетінмін.
Бірақ алғаш назарымды аудартқан «Абылай, мен екіқабатпын...» жазбасы болды. Сілтемесі фейзбукқа шыққан еді. PR өтіп кетті. Және де іле-сала шыққан "Ақтаулық Айтаберліктер сайттың бір жылдығын тойлауда" жазбасы болды. Кейін оффлайнда qyrmyzy айтаберге жарнама жасап жібергенде кіріп кеттік байқамай)
Соңғы өңделген уақыты:
jurnal_still
Айтаберге кіріңдер деп Жаңылай әпке бір жыл бұрын айтқан. Сосын келесі жылы тіркелудің сәті түсіпті)))
htumar
қызыға оқып тамаша ойларға көз жіберіп сайттын коптеген қызықты оқиғаларға куә болдым. Осылай осы сайтка кірдім.
maulen
Мен марқұм Айдос Әріпбаевтың айтуы бойынша келіп едім! Садық есімді бауырымның ықпалымен ашылған керемет сайт деп сілтеме берген еді. Дос таптым, достастым! Алғысым шексіз барша қолданушыларға!
ulzhankzz
Мен блогтық журналистика сабағында осы қазақ тіліндегі танымдық блог тұғыры туралы сабақ айтқан болатынмын. Сол кезде е-желісінде айтабер бірінші шыққан.Осыдан бір жыл бұрын тіркелгенмін. Алайда ешқандай да жазба жазбадым.Өйткені ол кезде массагетпен ауырып жүргенмін. Мені массагет өкпелетіп алды. Содан бері айтаберге көштім)))
Madina94
Қазіргі кездегі жаңадан ашылып жатқан неше түрлі сайттар, блогерлер жайлы интернетжурналистика пәнінен деректер жинап дайындалған едім, сол уақытта айтабер сайтына тап болдым. Жазбаларымды жариялап көрейінші деп жариялаған едім, содан бері осы сайтқа жиі кіретін болдым. Керемет! Маған ұнады!)))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.