Қыз өссе елдің көркі

Қызын “қонақ” деп қадірлеген қазақ халқы оған төрден орын беріп, босағада отырып қалмауын қадағалаған. Бар жақсыны қызына арнап, құтты орнына қонғанша құрметтеген. Меніңше, қазақтан өзге ешбір ұлт қызын бұлай қадірлеген емес.
Бүгінде мені қазақ қыздарының қазіргі жәйі алаңдатады. Деректерге сүйенсек, қазіргі таңда жігіттерден гөрі темекі шегетін қыздардың саны көп. Кез-келген мекеменің бұрышында темекі шегіп тұрған аруларымызды көргенде жүрегім ауырады. Қазақтың әдемі қыздарының ешкімнен именбестен, керісінше мақтан көргендей темекі шегіп тұрғаны көзге оғаш көрінеді. Соған қарап болашақ ұрпағымыз қандай болады екен деп ойға шомасың. Ішімдік пен темекіге жаны құмар анадан қандай дені сау ұрпақ дүниеге келсін
Күнде көріп жүргендіктен бе, ішімдікке тойған немесе темекі шеккен қыздарға ешкім таңданбайтын болған сияқты. Қоғам болып мұндай аурудың алдын алу керек. Негізі осындай жүгенсіздіктің пайда болуының түп-төркіні тәрбиеге келіп тіреледі. Алайда ата-анасы қыздарының жаман жолға түсуін, жеңіл жүріске салынуын тілемейтіні бесенеден белгілі. Кімде-кім балаларының оқу оқып, білім алып, елінің ертеңгі білімді де беделді азаматы болуын қалайды. Бірақ ол үшін бала тәрбиесіне айрықша мән беру керек. Бүгінгі ата-ана балаларын әлеуметтік жағдаймен қамтамасыз ету басты парыз деп түсініп қателеседі.
Бала тәрбиесіне мән берейік, ағайын!

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.