Мен сені күтудемін

Қақ төбеден түскен күн миды қайнатып, шөлді шақырып, әлсіретіп барады. Күн көзі саған ерегісе батпайтындай болып көрінеді. Ойлар сан саққа жүгіріп, біресе тау басынан құлай аққан сарқырамаға барып келеді, біресе ну тоғайлы, шөбі шалғын, қоңыр салқын самалы есіп тұрған жасыл алқапты, біресе суы мөлдір тұңғиығы түпсіз терең теңізге шомып кетеді…
Міне, аз ғана уақыт қалды… Бірер минуттан кейін көптен күткен асыға күтіп отырған сәт келеді… Үш минут… Екі минут… Бір минут… Ифтар)… Жүзге күлкі үйіріліп, көзіміз бал-бұл жанып, бар екпінмен суға қарай қарай ұмтыласың. Ораза ұстаушының екі қуанышы болады, бірі ауыз ашар уақыты, бұл ораза ұстаған жанның жалған фәнидегі сөзбен айтып жеткізе аймалтын ең бақытты мезеті. Екіншісі ақыретте Аллахпен қауышқан сәтінде. Бізді жоқтан бар еткен мейірімі мен шапағаты өте шексіз Аллах Тағала ораза ұстаушының сауабын беруді Өзіне қалдырған. Егер маған құрдастарымның қатарынан сыйлық беретінін естісем, әрине олардың қал-ахуал деңгейіне сай сыйлықты күтемін, ал ел басқарған әкім, президенттен сыйлық келетін болса, сөзсіз ел ағаларынан жоғары деңгейлі сыйлықтан дәмелі боласың. Аллах Тағала намазаның он сауабы бар екенін айтқан, ал оразаның сабауын Өзім берем деген бүкіл ғаламдардың Иесінен ақыретте бізге қандай сый дайындағанын елестету мүмкін емес.
Рамазан айы — айлардың сұлтаны, бір жылда жіберіп алған кемшілік-қателердің орнын толтыруға мүмкіндік болатын, сауаптарды көбірек жинап, ақыретке алып барар игі істер қоржынымызды толтырудың таптырмас мүмкіндігі. Рамазан айы — Қасиетті Құран Кітабының түскен, жұмақ есіктері ашылып, тозақ есіктері жабылып, Аллахтың Рахымынан үмітсіз қалған ібілістің кісенделетін мерзімі. Рамазан айының соңғы он күнінде мың айдан да қадірлі Қадір түні бар. Пайғамбарымыз Мұхаммед (Оған Аллахтың игілігі мен сәлемі болсын) әсіресе Рамазан айында өте кеңпейіл болатын. Тіпті, берер еш нәрсе жоқ болса да, бауырыңның жүзіне қарап күлу арқылы садақа беруден де аянып қалмау керек.
Рамазан айының кіруіне ин ша Аллах бір аптадай уақыт қалды… Қатты қобалжып, алыстан келе жатқан ардақты қонақты күтіп жүргендей жүрегім кейде тулап кетеді. Мүмкін, менің өмірімдегі соңғы Рамазан айы шығар бәлкім, барлығы да Аллахтың қолында… Сол күнге барлығымызды жеткізсін, салиқалы амалдарды көптеп жасап, тыйым салынған істерден аулақ болып, Жұмақтағы ар Райян есігінен кіруді барлығымызға нәсіп етсін. Амин.

Айтабер! - танымдық блогтұғыры: Мен сені күтудемін

3 пікір

Ai_fariza
Амин. Алла билип билмей истеген куналарымызды кеширсин. Ораза айы ен кадирли ай. Устаган жан оразаларыныз кабыл болсын, иншалла.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.