1 ай өте шығыпты!

Ал, құрметті қолданушылар! Әне-міне дегенше 1 ай да өте шығыпты. Абылай ескертпегенде есіме де түспейді екен:) Осы уақытқа дейінгі жалпы статистикамен таныстыра кетсем!

Адамдар
Тіркелгендер: 351
Ер: 99
Қыз: 40
Жынысы белгісіз: 195
Банға кеткен немесе өшірілгендер: 15


Блогтар
Ашылған блогтар: 76
Посттар: 702
Пікірлер: 7755


Негізгі келушілер
Уникалды кірушілер(күніне):550-600
Жалпы кірушілер(айына): 8000-10 000
Сайтта орташа отыру: 8-9 минут
Елдер: Қазақстан, Германия, Малайзия, Қытай, Түркия, Моңғолия
Қалалар: Алматы, Шымкент, Атырау, Астана, Ақтөбе, Қарағанды


Ал, біз мұнымен тоқтаған жоқпын! Басқалар, бірнеше ай мен жылдап жеткен нәрселерге, біздің бұлай тез жетуімізде ең әуелі тұрақты қолданушыларымыз үлкееен еңбек сіңірді және кішігірім администрацияның еңбегін да айта кетейік:) Алар асуымыз алда! Біздермен бірге болыңыздар! Қызықтың көкесі енді басталады:)

Құнды да қызықты ақпаратың немесе ұтқыр ойың болса, Айта бер!

35 пікір

Korkem
Құттықтаймын! Қанатың талмай шарықтай бер Айтабер! Жасасыыыын)))) +1
Abylai
Құтты болсын ал. бір ай болса да бірәз цифрларды көрсетіп тұрғаны қуантты. шығармашылық табыс, басқа да табыс тілеймін. өйстіп өйстіп айтаберде айтаберейік. бір ай эхх ностальгия кетіп жатыр )) бірәз болған сияқты )) жіләп алдым
(ендігіде толығырақ әрі одан да қызықты мәліметтер болса деймін)
Қүттықтаймын Айтабер көп жыл айтсын жасай берсін.!
Неғой қалалар ішінде Құлсары қайда???)))
Abylai
тіпті Ақтау жоқ, Құлсары енді әй білмейм ау
mairosh
ммммм дұрыс екен ))) Жалпы көрсеткіш жаман емес екен ++1
beko
Керемет керемет…
Daka_sss
ал құтты болсын қолданушылар)) олай болса айта берейік, айта берейік))
Madi
1 айлығы құтты болсын.Белсенді Қолданушылары көбейсін.
hunter94
1 айлығың құтты болсын Айтабер!!!
менде бір өтініш бар сайтқа онлайн ойындар салса екен деймін мысалға сұрақ жауаптағыдай пернетақта ойыны секілді жақсы болар еді!!!
KILYZAMAN
біздің бұлай тез жетуімізде ең әуелі тұрақты қолданушыларымыз үлкееен еңбек сіңірді және кішігірім администрацияның еңбегін да айта кетейік:)
— Айта беретініміз көөөп болсын. Бөліскен жүгіміз жеңіл болып, ал қуанышқа келсек — ұшан теңіз болғай!
KILYZAMAN
Айта беретініміз көөөп болсын. Бөліскен жүгіміз жеңіл болып, ал қуанышқа келсек — ұшан теңіз болғай!
— дейікші мейлі.
Мынаны айтуды ұмытыптым: білгішсінгеннен гөрі — бір бірімізден(ге) үйрене жүрейікшілігіміз бен біле жүрейікшілігіміз, айта жүрейікшілігіміз (қайталансада мейлі...) көбейсінші. Жеті ата, жетпіс пыштымызға шейін түгелдесекте мейлі,
жүзге бөлінсекте мейлі… Бәрі мейлі — бауырымыз бүтін болсыншы. Кең(пейілділігіміз)қолтығымыз өзімізге дегенде тарылмасыншы :-( :-( :-( :-(
qyrmyzy
Қилеке, жілявалдым…
pari
Құтты болсын! ИНШАЛЛА Айтабер сайты Қазақстандық ең мықты сайт болғай! тфә тфә көз тимесін!!! +1
Moldir_96
Әне-міне дегенше, көзді ашып-жұмғанша 1 ай да өтіп кетіпті) ҚҰТТЫ БОЛСЫН, АйтаБерліктер! Тек қана алға! АйтаБер сайтының ғұмыры ұзақ болсын деп тілейміз, шын жүректен)
Arhun
7755 пікір — керемет екен! содан кейін жетіден екеу бар екен — өте керемет!
Jako
Құтты болсын! Бірақ ТАРАЗДЫ ұмытпай қосып қойсаңдар риза болып жүрер едік, Тараздан да біраз мүшелер бармыз.
MSHERIMBEK
Орныңыз бөлек қой, аға:)
Jako
Рахмет!
dimash
сондада Таразды көріп тұрған жоқпын, негізі қалаларды жазудың қажеті жоқ еді бақталастық туғызып… бастапқы үш қала не үшін бірінші тұрғаның ішім сезіп тұр да
Korkem
Ешқандай да бақталастық жоқ, қайдан боласың деген жерге баттыйтып Қызылорда, Құлсары деп жазғандарыңда шығар еді. Әдетте адамдар тұрғылықты жерін құпия ұстайды да сосын жата қап өкпелейді-ау…
dimash
мммммммм иа! тек соңғы кездері ашуланшақ болып кетіп едім… Көктем келмей жатып әсер етіп жатыр ау… "қашайын деп тұрған түлкінің құйрығынан басқан сон не болсын" дегендей өз облысымды көрмеген сон ғой ашуланып кеткенім…
qyrmyzy
Бір айлығыңмен, Айтабер!
AKA
Қалалар тізімінен өз қаламды көре алмадым. Аттаныңдар, уа, халқым менің!
AKA
Айтпақшы, сайт менде өте жәй жұмыс істеп тұр, не себепті? Тым жәй… бірақ, интернетімнен емес.
Korkem
ия, менде де сол жағдай((((
qyrmyzy
бізде де сол, не го сайттан шығып, былай шығып кетші, әңгіме бар
dimash
ХхХхХХХ Қызылорданы қоссаңыз артық болмас еді ғой, Мұндада Ордалықтар баршылық ғой, соның ішінде мен! ашуланып кеттім!
MSHERIMBEK
Мұны мен қосып отырған жоқпын!))) Google Analytics деген үлкееен статистикалық жүйе осылай шығарып беріп отыр:)
dimash
«сөз тапқанға қолқа жоқ», проехали…
Jako
Өй,үйткен статиканы ұрайын…
AKA
Жә, енді менің қалам аталмады екен деп дау шығармай-ақ қоялық ағасы. Мен жәй Қарасақалға әзілдеп жазғам, еш өкпе жоқ, ол да әдейі Сіздің қалаңыз бола тұра жазбай кетпейтін болар. Сондықтан, осы уақытқа дейін жеткен жетістігімен құттықтап қоялық, мамадес жігіт өзі! :))
MSHERIMBEK
Мына сөзіңіздер кейін статистика өкілдеріне арыз жазамыз:)))
Togzhan
Кешелі бері 1 тәуліктің ішінде сандық көрсеткіш алға жылжыған-ақ шығар, әлбетте) Сайттың мәртебесі өсе берсін, сапалы жазбаларға тола берсін)Алғааааааааа)
MSHERIMBEK
Келесіде жаңа статистика жасау керек:)
Ұлы жүзден мынанша, Орта жүзден мынанша, Кіші жүзден мынанша, Қожа, Төре, Төлеңгіттен мынанша кірді деп:))))))))
Korkem
))))))))) олай болса қосауыз мылтығымызды дайындып қою керек екен...)))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.