Кешегі мен бүгінгінің блогшылары

Осыдан 3-4 жыл бұрын қазақ блогшылары белсенді түрде қазақша контентті арттыра бастаған болатын. Ол уақытта саны аз болған блогшылардың тырнақалды туындылары жетерлік еді. Малагент модаға еніп, қазақ жастарын сауатты жазу тұрғысынан мал қылып үлгермеген уақытта казакша дурыстап жазу улкен маселе емес еди.

Қазір блогшылардың саны артты: жасы бар, кәрісі бар. Бірақ блогтағы посттарын және пікірлерін қазақша емес, казакша жазатын атамандар отряды қалыптасты. Өкініштісі, қазақша сөйлеуге шорқақ жастарымыз қазақша сауатты жазудан да қалып барады. Осы жерде «бес саусақ бірдей емес» деп қояйыншы жабылып кетпей тұрғандарыңызда.

Блогшы болудың қатып қалған ережесі жоқ. Сондықтан еркіндікті сезінуге толықтай құқылысыздар. Бірақ кез келген тілде грамматика, тіл ережесі, тағысын тағылар бар. Сол ережелерді сақтап, тілді бұзбауға тырысайық. Қазақтар казакша жазып журсе, орыстар калайша казакша сойлейди, жазады?

11 пікір

qyrmyzy
тіл мен дін…шаршатты
Zako
тіл мен дін…шаршатты
Өтірік. Олардың шаршатуы мүмкін емес. Тек сондай тақырыпты орынсыз қозғайтындар шаршата алады.
MSHERIMBEK
Блогшы болудың қатып қалған ережесі жоқ. Сондықтан еркіндікті сезінуге толықтай құқылысыздар. Бірақ кез келген тілде грамматика, тіл ережесі, тағысын тағылар бар. Сол ережелерді сақтап, тілді бұзбауға тырысайық.
Мынауыңыз өте орынды айтылды
kema
казакша дурыстап жазу улкен маселе емес еди.
negizi bulai jazudyng sebebi, kompiuterdin pernetaktasyndagy kazal alipbiinign ornalsuy yngaisyz ba dep oilaimyn. Jeke oz basym, sol kiril alphabetinen kori, latyn alphabetimen jazgandy kalaimyn, ote yngaily. Al endi tildik grammatika men katelikterge keler bolsak, arine, Jako aga, siz ote durys aitasyz. Sizben 100 paiyz kelisem)))))
qyrmyzy
шатасып кеттің, Jako аға емес бұл кісі...
Zako
Jako мен Zako екі адам :)
kema
Kewirim, Zako eken go))) ulkeeeeen kewirim
Meirzhan
Дұрыс айтасыз, Жако! :)
Zako
Z-ға ұқсас әріпті Ж деп оқитын да халықтар бар әлемде :)
dimash
Ендігіде "грамматика, тіл ережесі, тағысын тағылар" қате жазып жатқанды көрсек үндемей минустап тастайық. Өзі біліп ұялар бәлкім… Мен де қатесіз жазамын деп толықтай айта алмаймын, ендігіде барынша қатесіз жазуға тырысамын, жазамын да. Бір жаза ойлап табайық та сол «грамматика, тіл ережесі, тағысын тағылар» сақтамаған адамға.
Zako
Иә, ешкім айта алмайды "қатесіз жазамын" деп. Бірақ көзге бірден түсетін сериалы қателермен жазу дегеніміз қателік емес, сауатсыздық.
Үндемей минустағанмен ол адамның сауаттылығы артып қалмайды. Не үшін минусталғанын да білмеуі мүмкін. Оғаштау қателерді айтып, жазып, ескертіп отыру керек.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.