IT FM - Астана радиосының қазақ интернетіне арналған жаңа бағдарламасы. Бүгінгі қонағы Аршат Оразов

Астана радиосында Ақпараттық Жүйелер мен Қазақ Интернетіне арналған жаңа бағдарлама ашылыпты. Қазақ тілінде екендігі қуантарлық жағдай, десек те, талқыланған мәселелері әбден көңілден шықты. Аршат Оразов — қазақ интернетінде 10 жылдан астам тәжірибесі бар азамат екенін көпшілігіміз білетін шығармыз. Мына эфирде Блогкэмптен бастап, қызықты блогплатформаларға кішігірім шолулар жасалып өтілген. Жүргізушілері де көңілден шықты. Жалпы, тыңдап көруге кеңес беремін. Жоқ, міндетті түрде тыңдап көріңіздер.

Плеер ашпай жатқандар мына сілтемеге өтіп тыңдаса болады:
soundcloud.com/arshat-orazov/it-fm

p.s. Қасиетті шаңырағымыз «Айтабер!» туралы да айтылыпты:) Ощм, радионың бұл жобасына сәттілік:)

10 пікір

qyrmyzy
жақсы бастама!
qyrmyzy
Айтабер, алғааааа!!!
pari
Айтаберді айтқанда қуанып кеттім жарайсың АЙТАБЕР
Arhun
бірінші болсадағы жүргізуші қызардың кәсібилік деңгейлері /қайнар көзі/ бар екен =)
Аршат аса сөзшең емес екен, бірақ онда нағыз блогердің характері бар
Но нише, тамаша радио жоба, маған ұнады…
MSHERIMBEK
Сейсенбі және Сәрсенбі күндері сағат таңертеңгі 11-12 аралығында болады:)
Jako
Негізгі идея САДКО ҒМ-дікі сияқты көрінбейді ма?
beko
Аха Архун, айтқаныңа қосыламын. Тәжірибелері бар екен, Аршатта өзін жаман емес ұстады.
Сәттілік тілеймін IT FM радио жобасына! Айтқандай, ол радионы қайдан тыңдасақ болады? (толқыны, сайты...)
Енді уақыты белгілі екен, Сейсенбі және Сәрсенбі күндері сағат таңертеңгі 11-12 аралығында
AL-ASTER
:)))

Бәсекелестік керек, бәсекелестік сауатты қазақша сайттар арасында.
bitanazamat
``Қасиетті шаңырағымыз «Айтабер!» туралы да айтылыпты`` Қасиетті дегеніңіз артық енді
Jako
bitanazamat, неге олай дейсіз,қасиетті деген сөзді де діни ұғымға кіргізіп жібермекшісіз бе? Меніше сайтта жаман нәрселерді жарнамалау, болмаса моральге кері әсер ететін жарияланымдар жоқ, бұл жақсы қасиеттер емес пе? Демек «Айтабер» сайтын жақсы қасиеті бар,қасиетті деп атауда тұрған еш өрескелдік жоқ деп білемін.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.