Блогқұрылтай 2013 бағдарламасы

BlogCamp /
BlogCamp: Блогқұрылтай 2013 бағдарламасы

Ассалаумағалейкүм!

Наурыздың 23-24 наурызында өтетін «Блогқұрылтай 2013. Шымкент» шарасының бағдарламасы (қаралай нұсқа:

БЛОГҚҰРЫЛТАЙ 2013
Бағдарлама

1-күн
(М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті.
2-мәжіліс залы)
9.00. – Тіркелу
10.00-10.30 – Ашылуы, пресс конференция
10.30-11.30 – 1-сессия
11.30-12.00 – кофе брейк
12.00-13.00 – 2-сессия
13.00-14.00 – түскі ас
14.00-15.30 – 3-сессия
15.30-16.00 – кофе брейк
16.30 – «Бәйшешек» лагеріне жиналу, автобустарға отыру.
18.00 – «Бәйшешек» лагеріне жайғасу.
19.00 – кешкі ас.
19.30 – 23.00 – еркін уақыт.

2-күн
«Бәйшешек» лагері
9.00-10.00 – таңғы ас
10.00-11.00 – 4-сессия
11.00-12.00 – көже брейк
12.00-13.00 – 5 сессия
13.00-14.00 – түскі ас
14.00-19.00 – еркін уақыт
17.30 – кофе брейк
18.00 — қорытындылау, марапаттау
19.00 – қалаға қайту

Ескерту: бағдарламаға біршама өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

Неге сессиялар арасы 1-сағаттан? Оның екі себебі бар:
1) Адамдарды жалықтырмау.
2) Тәжірибе көрсеткендей адамдар іс-шаралардың бейресми бөліктерінде араласуы, танысуы, сөйлесуі жақсарады. Яғни, ынтымақтастық артады. Бағдарламадағы кофе-брейктердің уақыттарының ұзақтығы және жиілігі сондықтан.

Еркін уақыт дегеніміз не? Блогшылардың оффлайнда бір-бірімен жақынырақ танысуы, жақынырақ араласуы үшін сұхбат құруы, спорттық ойын түрлерін, жарыстар ұйымдастыру, тауға шығу т.б., яғни, ұйымдастырушылардың емес, блогшылардың өздерінің инициативаны өз қолдарына алып, өздеріне қызықты нәрселерді ұйымдастыруы.

Құрылтай 23-і күні басталатын болғандықтан, 22-ші наурыз не онан да ерте келетіндерге бір қонақүйді немесе пәтерді барынша арзан бағаға бронь жасап қоямыз (әлі нақтыланады). Бірақ, ол келушілердің өз қаржысымен жүргізіледі. Яғни, келушілердің өздері төлейді. Ол үшін алдын-ала 8 778 302 73 88 (Данияр) номеріне хабарласып, нақтыласаңыздар жеткілікті.

34 пікір

Korkem
Неге Бәйшешек? Біргөлік емес пе еді?
rauan
“Бәйшешек” сауықтыру лагері осы Біргөлікте орналасқан емес пе?
Daniar_alan
бірколікке 120 гана адам сидыра алады. Ал бәйшешекке 240 орын бар. Сол үшін таңдалынды.
pari
тууу келесі құрылтай Атырауда болсыншыыыы))))
Daniar_alan
егер ұсыныс тастасаңыз негізі өзім де сол қаланы мақұл көріп отырмын. Құрылтайға келер алдын неге ол қалада өту керек, барлық талаптарға жауап беретін мүмкіншіліктер жасай аласыздар ма, потенциалды ұйымдастырушылар жеткілікті ме т.б. сұрақтарға іштей дайындалып келіңіз :)
qyrmyzy
Ақтауды ұсынар едім. Атырау емес. Ақтауда орыстілділер көп :(
erke_ky3
Менде келесі жылы Ақтауда өткенің қалар едім…
ZevsKO
Сессия барысында спикерлер кімдер болатындығы жөнінде білгіміз келеді. Презентация қорғаушылар кімдер?
Daniar_alan
спикерлер әлі нақтылану үстінде. Апта соңында бағдарлама толығады.
jalyn
Блогқұрылтайға бізге де баруға бола ма осы?
Daniar_alan
әрине, барлығы тегін, тек жол қаржысы ғана өздеріңізден.
Abylai
Айтаберліктер Аттаныңдар!
Бәріңізді осы блогкұрылтайда күтемін! Кеттік, барып келейік құрылтайға!
Кім барғалы жатыр? Пікір ретінде жаза кетіңдер!
jalyn
Егер бізге баруға болса, әбизок барамыз ғой! Кеттік
ZevsKO
ООО менің брои келеді екен ғой!
Abylai
Бұйыртса деп отырмыз
AL-ASTER
Әбизөк бару керек… Достар, барлықтарыңыз келіңіздер. Көрісейік, жүздесейік. :)
zhomart
Бізге орын жоқ шығар)
Abylai
Жомарт сен Шымкенттің емессің ба? сенің бармауың кешірімсіз!
Daniar_alan
Жомарт егер Шымкентте болсаң, жұма күні ұйымдастырушылар жиналамыз. сағат: 19.00-де. келсеҢч. Карл маркс аялдамасы, Гипер хауспен іргелес здание, офис №1. Байланыс: 8 778 302 73 88
zhomart
Рахмет Данияр, бұйыртса жүздесіп қалармыз деген ойдамын.
qyrmyzy
Тәк, үш айтаберлікті үйге қонаққа шақыра алам. Лимит қойғаным, машинаға сыймаймыз :)
qyrmyzy
Шымкентте пәтер, қонақүй арзан, уайымдамаңыздар. Жол ақысы, тамақ та арзан. Такси, боулинг, кино енді Алматының бағасымен бірдей. Саябақтар өте көп. Егер күн күшті болса, дендропарк жақа баруға болады. Нгізі наурыз айында Шымкент жап-жасыл болады. Оңтүстікті, неше түрлі стереотип қалыптасқан Шымкент, шымкенттіктерді өз көздеріңізбен көріп қайтыңыздар.
4o4
зоопарк ше?)
Korkem
«біліп тұрсаң да сұрап ал» дедек-дедек-детектет
4o4
оның барын білем, но наурызда жұмыс жасай ма жоқ па сонысы белгісіз)
mairosh
шымкенттіктерді өз көздеріңізбен көріп қайтыңыздар.
ахаха айырмашылық бар ма?
rauan
ИншАллах баратын шығармыз…
Botash
23*24 бул жакта болмайтыным қандай жаман
Nurbergen
барғым келіп тұр, әттең жұмыс кедергі.
оралда өтсе барар ем.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.