Blogcamp-қа кім келеді?

BlogCamp /
Бүгін Алматы мен Астанада қазақ блогерлері жиналып 2012 жылдың 22-24-наурыз аралығында Астана қаласы Назарбаев Университетінде өтетін BlogCamp 2012-ні талқыладық.

Біз СИТИДЕ:


Астаналықтар КЕРУЕНДЕ: жиналдық.


BlogCamp 2012-інің жалпы жоспары жайында талқылап біраз ой қозғадық. Алматылықтарға Астаналық блогерлердің берген тапсырмаларын барынша бөлісіп алдық.

Пы.Сы.-1: Алматы мен Астанадан примерно кім келетінін білдік. Шымкент пен ҚР-ның өзге де қалаларынан кімдер келеді?

Пы.Сы.-2: Блог Құрылтайға тіркелудің жабылуына небары бірнеше ғана күн қалды. Тіркелмеген блогерлер, журналисттер, коментшілер, интернет күнделік жүргізушілер, ИТ мамандары, трольдер мен анонимдер және жәй ғана қазақ блогосферасының қамын ойлайтын адамдар тіркелу жабылып қалмай тізімге жазылып қалыңыз.

65 пікір

Abylai
мен Абылай, Маңғыстау обл. Ақтау қаласынанмын. Бұйырса барамын деп жоспарлап отырмын. Тіркелген жоқпын, презентация тақырыбын дайындап алайын, сосын ұялмай тіркелетін боламын ))
yerbol89
Абылай ертерек тіркел! Тіркелу 2 күннен кейін жабылады. Соңғы тіркелу күні 20 ақпан!
Abylai
маған десе қазір ақ тіркелер едім, тіпті тақырып таба алмай отырмын. бірақ міндетті түрде тіркелемін. (тақырыпсыз тіркелуге ұялам )))
yerbol89
Абылай сені сол Блогқұрылтайда міндетті түрде көргім келеді! Сондықтан сенің қолыңнан барлығы келеді. Бізге математикалық формулаларды пхп бағдарламалау тілінде арнайы амалдарды қолданып қарапайым есеп шығаратын сайт жасау тақырыбында презентация істесең риза болар едім.
Jako
Біз сияқты «шәйнек»тер керек емес шығар ол жаққа?
madlen
Абылай, презентацияңның тақырыбы әлі анықталмаған болса, бос қалдырып қоя сал. Ештеме етпейді, сәл кешірек айтарсың. Қазіргі мақсат — тіркелуге үлгеру. Ұйымдастырушыларға қатысушылардың жалпы санын білу керек.
Abylai
жәрәйді тіркеліп жатырмын
erke_ky3
Күтеміз сізді Абылай! Астанада — Блогкемпте көріскенше
Abylai
рахмет, кездескенше сау сәләмәт болайық )))
yerbol89
Рахмет Еркеқыз! Жаңа қадамын бастап келе жатқан Айтабер Танымдық блогтұғырында осы істің, бас қасында жүрген жігіттер құлақтандырмайды деп едім. Мына жаңалықты оқып бір қуанып қалдым. Шымкенттен құдай қаласа 5-6 таныс жігіт шығамыз деп әзірленіп отырмыз. Уақыт көрсетеді. Ат терлетіп барып қаламыз!
erke_ky3
Салем Ербол Жаңа Қарасақалмен скайппен сөйлестім. Шымкенттік делегаттармен Алла бұйыртса өзіде келеді екен қуанып жатырмыз. Кстати сенің екі презентациянды көруге асықпыз, мықты тақырыптар таңдапсың. Блогкемпте көріскенше.
yerbol89
Екі тақырыпты істейтін шығармын деп отқан жайым бар еді. АлтыГрадус Жанна ханым да ақпараттық қауіпсіздің болғандықтан сол кісіге тапсырдым. Ал өзім мейлінше СЕО оптимизациялауды мысалдармен мейлінше толық түсіндіріп шығуға тырысамын! :)
tonukok
Boeing ұшағын терлетіп келгелі жатырмыз, біз де)))
rauan
аға сіз бара алмайм Малазиядамын деп едіңіз мынауыңыз жақсы жаңалық қой… Блогқұрылтай басталғанда Керекинфо, Айтаберден шықпай сурет, видео сіздерден күтіп отырамын )))
Abylai
айтпақшы мен наурыздың ондарында ақтөбеге барамын, сол жақтан астанаға кететін шығармын. ақтөбеліктерден кім бар екен мен де солармен бірге барайын деп едім )))
Jako
Біз сияқты «шәйнек»тер керек емес шығар ол жаққа?
erke_ky3
Турасын айтсам сіз блогқұрылтайға емес, блогқұрылтай сізге керек. Өйткені, жалпы қазақ блогосферасы туралы, оның проблемалары жайында мағұлымат аласыз, тағыда басқа көптеген қызықты жобалар жайында білесіз және тәжірибе жинайсыз. Сондықтанда
Біз сияқты «шәйнек»тер керек емес шығар ол жаққа?
демей, келіңіз, күтеміз
Jako
Жарайды, осы жердегі жігіттер не ақыл айтар екен, байқайық.
yerbol89
Тамаша болады. Көптеген сіз сөйлесіп ой пікірталасып жүрген азаматтар мен азаматшалармен шынайы түрде танысып бір жасап қаласыз. Егер сәтін салып жатса келіңіз. Сізбен шынайы танысқымыз келеді. Және сізден осындай жаста интернеттің құлағында ойнап, қалай игеріп жүргендігіңізді білгіміз келеді. Осы тақырыпта ой бөліссеңіз рза болар едік. Қалай интернетке келгендігіңіз жөнінде.
Turekhan
Астанада бола ма ол?
erke_ky3
Иә, Астана қаласында болады. Мәтіндегі сілтеме арқылы өтіп толық мағұлымат алсаңыз болады. Келетін болсаңыз тіркеліп қойыңыз :)
Turekhan
Барғым келеді-ақ))). Қайда-а-ан… Бір жағынан НУ-дың ішін көріп қызығып отырмын). Болып өткен соң видеосы жариялана ма?
erke_ky3
Алла бұйыртса web-трансляция болады. Одан кейін видиосыда, фотосуреттеріде, көптеген посттар мен мақалаларда болады. Келе алмасаңыз онлайн арқылы бақылап отырарсыз :)
Korkem
Мен барар-ақ ем, тек бұл алғашқысы. Ештене түсінбеймін. Тақырып неге керек? Жәй көрермен ретінде барса бола ма? Маған өте қарапайым тілмен түсіндіріп беретін адам бар ма?
erke_ky3
Сәлем Көркем! Мәтінде көрсетілген сілтеме арқылы өтіп сонда тіркелесін. Ол тіркелу ұйымдастырушылардың шамамен қанша адамға арналған жиын болатындығын біліп отыру үшін. Егер сенде ешқандай презентация болмаса тіркелу парақшасындагы сол жерлерді тастап кет. Презентация жасау міндетті емес. Биыл келіп көрсен, Алла бұйырса келесі жылы қаласаң презентациянды қорғарсын. Бұл жолы тек қонақ ретінде келіп-кет, бірақ тіркелу міндетті. Астанада блог құрылтайда кездесейік :))
Korkem
Салеметпе! Рахмет, тіркелдім.
Abylai
Көркем кездескенше күн жақсы ))) міндетті түрде келетін бол
Korkem
Abylai
«атамнан да қаштым, әжемнен де қаштым, енді сеннен құтылу, қиын емес бұл маған» — деген смайл ма?
Korkem
Abylai
жәрәйді жәрәйді, ренжіме блогқұрылтайда
Abylai
:) деп құтыла салайыншы )) смайлигың таусыла қоймас )) сен жеңдің
Daka_sss
не ғой, бұл тек қазақ блогерлер құрылтайы ма?
erke_ky3
Сізде келуіңізге болады. Тек тіркелуді ұмытпаңыз :))
Оған қанша жас аралығында қатысады.? Және қалай тіркеледі жалпы блог жайында мағұлмат берсеңіз.!
erke_ky3
сіздің жасыңыз маңызды емес, келгіңіз келсе өзгелермен ой бөлісіп, тәжірибеңізді бөліскіңіз келсе немесе тәжірибелі блоглерден кеңес алғыңыз келсе, жалпы қазақ блогосферасындағы қазақ блогерлермен шынайы өмірде танысқыныз келсе келіңіз.
Блог құрылтайға http://www.blogcamp.kz/?p=87 сілтемесі бойынша өтіп тіркелесіз. Сондағы кестені толтырасыз, Уеб ресурс деген жерге осы айтабердегі блогынызды корсетесіз (басқа жерде болса соны, қайда көп жазасыз солысын),
Презентация тақырыбы мен Презентацияңыздың қысқаша сипаттамасы деген жерлерге бірінші рет қатысқылы тұрсаңыз толтырмайақ қойсаңыз болады. Осы жолы келіп, көріп кетсеңіз келе жылы жасай жатарсыз презентациянызды. Қалған графаларды да қажетінше толтырып өтіңіз.Толтырып болғанан сон «submit» дегенді басыңыз. Өткен жылы қалай болғанына қызықсаңыз гуглга «блог құрылтай», blogcamp деп терсеңіз көптеген мағұлыматтар ала аласыз. Сонымен қатар өзгеде толық ақпаратты блогқұрылтайдың ресми сайты www.blogcamp.kz ала аласыз. Келетін болсаңыз тіркеліңіз! Тіркелу міндетті. Астанада көріскенше :)
Abylai
презентациям дайын болмаса да, жап жаңа тіркелдім, (тақырыпты бүгін ертеңнен қалдырмай ойластырып қоямын)
енді жалғыз өзім барғым келіп отырған жоқ )) жиналып баратын кім бар? Ақтөбеден баратын шығармын. нағыз ешкімді таппай жатсам, шымкентке де аялдай аламын ))
Korkem
аха, кел кел құшааақ жая қарсы аламыз
Arhun
Мен бара алмаймын..=( алдын ала айтып қояын Маған сол құрылтайдың боладысын видеодан тамашағанымның өзі жеткілікті, қуаныш =)
yerbol89
Өкінішті ағасы! Сізді сол жақтан көремін ба деп едім. Қылқаламыңызды ұштап келеді деп ойлап отқан едім. ((((
Arhun
О, әрине, не бір ұшталған түрлі-түрлі қарандаштарымды алып келер едім (дөп айттың) )) Но нише, Ереке, еліміз аман, жеріміз тыныш болса — шүкіршлік деп, әлі талай алда қатыса жатармын.
Korkem
Айтаберлікткрдің жиынына қатысарсыз, бәлкім?
qyrmyzy
Айтаберліктердің жиыны????
qyrmyzy

Шымкенттің серілері
konvict
Ортадағы мігіт, тойыс 5-қауымдастық өкілі келмесе нур.кз үстіне намба.кз болар еді
Ияя, Шымнан біраз адамдар бар екен ғой. Мен бара алмайтыным өкінішті, барсам да қатыса алмаймын(.
erke_ky3
Келесі жылы келерсіз :)
AKA
Мен әлі тіркелгенім жоқ, алдын-ала нақты білмей отырмын. «Тіркеліп қойып, бара алмай қалсам» деген ой да бар. Тіркелмей-ақ, аяқ-астынан барып қалатын болсам мені кіргізе ма? :)
Korkem
тіркелу 20.на аяқталады, тіркеле берсеңші. Келе алмайтын болсаң кешірер, бірақ келетін шығарсың?
AKA
Не ғой… Сен нақты баратын болдың ба?
tonukok
Иә, жаңа ғана маған барам деп айтты. Тееез тіркел бар! Не жүріси әлі созылеееееп?!))
erke_ky3
Сәлем! Тіркеліп қойғаның дұрыс. Көркем айтпақшы:
Келе алмайтын болсаң кешірер, бірақ келетін шығарсың?
qyrmyzy
АКА, тіркелгенің дұрыс.
Baha_07
Мен мұны бүгін ғана оқып отрмын ғо, барсам бола ма екен??? Астанадамын ғо, баруға ниетім жақсы ше… Біреу ақыл айтса ааа???
tonukok
Давай ұш та тіркел! www.blogcamp.kz сайтында
madlen
Айнур, Ербол, Айтаберде барлығына ерінбей түсіндіріп, Құрылтайдың сілтемесін беріп жүргендеріңе рахмет! Қызықты кездесу болады деп үміттенем!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.