Блогкемп-2012-ге Шымқаладан шығатын блогшылар мен Қазақ тілді интернет қолданушыларына құлаққағыс.

BlogCamp /
Бүгін Керекинфо сайтында Талғат Блогкемп-2012 туралы соңғы жаңалықтармен бөлсіп жатыр. Оны мына жерден оқи аласыздар.

Мен енді Шымкенттен Астанаға барып қайту үшін қажетті ақпараттармен бөлісе отырсам. Пойыздардың жүру уақытын бағамдай келе Шымкенттен 21 наурыз күні сағат 18:21-де Сарыағаш-Астана пойызы шымкентке тоқтап 18:41-де жүріп кетеді. Астана қаласына бір күн жүріп 22-ші наурыз күні сағат 19:12-келіп тоқтайды. Билет бағасы 3100 теңге(Плацкарт). Сосын кері қарай пойыз 24-не таңғы сағат 6:20-да кері қарай пойыз бар. Немесе Астана қаласын көріп бір-екі күн боламын десеңіз 26-на тағы 06:23-да кері пойыз бар.

Төбеде көрсеткен сілтемеде ұйымдастырушылардың ескертуі бойынша қолдаушылар табылмай жатқандықтан барып қайту жол шығыны, пәтер жалдайтын болсаңыз тоқтайтын жер өзіңіздің қалтаңыздан болады. Астанаға барып қайту үшін 6200 теңге, пәтер жалдайтын болсаңыз бірнеше адам болып жалдайсыз. Оған 2 күнге 4000 теңге көлемінде шығын кетеді. Жалпы Шымкенттен баратын болсаңыз 24-не кері қайтамын десеңіз 10000 теңгедей қаражат жеткілікті. Ары бері жүру, тамақтануыңыз жалпы 15000 теңге бір адам басына шаққанда жетіп қалады. Егер 26-на дейін боламын десеңіз 25000 теңге көлемінде жетіп қалады. Шымкенттен шығатын богшылар өздеріңіз туралы ақпаратты пікір ретінде қалдырсаңыздар. Мүмкін біреулер таныстарының үйінде тоқтаймын, қасыма бір адам ала 3-4 күн қондыра аламын десе онда тек жол шығынымен яғни 6000 теңге көлемінде кетіп еш қиналмастан барып қайтуға болады. Өздеріңіздің пікірлеріңізбен тезірек бөлісе кетсеңіздер. Себебі ұйымдастыру алқасына толық нақты ақпарат керек болып тұрғаны. Шымкенттік Астанаға баратын Блогшылар, Қазақ тілді интернет қолданушылары тезірек мән жайды шешіп Астанаға барған соң қайта тоқтай алатындарын анықтап алып Наурыздың 2-сі күні Жеке куәліктеріңізді алып Темір жол вокзалында сағат 17:00-де жолығайық. Сіздірдің пікірлеріңізді оқып кездесу күнін нақтырақ белгілерміз.

21 пікір

yerbol89
Мен тез арада Астанада жұмыс істеп жүрген сыныптастарыма хабарласып мені 3-4 күнге қондыра аласыңдарма-ей деп хабарласып көрмекпін. :))) Шымкенттен баратындар ниче жататын жер тауып аламыз басты мақсат тез арада Астанаға билет алу. 2-наурыздан қалдырмай билет алып қоюымыз керек. Себебі мереке қарсаңында билет қалмай қалады.
MSHERIMBEK
Оооо, дауайте! Маңызды тақырып!!!
Abylai
жиырма төртінде таңда кейін қайтқаны нес? мен сендермен баратын шығармын. билет ертең ақтөбеге аламын. сендер алып болғасын сол ертесі күні алармын астанаға (үшінде) а оэбу шымкентке қалай жетем ақтөбеден? басым қатып кетті, ақтөбеден тіке бара берем ау деймін. проста адасып кетем ба деп қорқам да )))
MSHERIMBEK
Сен Ерболдардан дәл қайсы поезд екенін анықтап, Ақтөбеден ала сал! Барлығы бір желі ғой, Жезқазғанда жүріп Шымкенттен алсаң да болады:)))
Abylai
ЖИЫРМА ТӨРТІ ТАҢДА КЕЙІН ба? ақтаудан ақтөбеге, ақтөбеден бәлен деген жерге, бәленнен шымкентке, шымкенттен астанаға ма? оданда біротала кругосветка жасай салғаным дұрыс шығар :))) хабарын беріп отырарсыңдар )
(сайт жаман қуып тұр ішті жағып)
qyrmyzy
кучт ғой))) саяхаааттааааап
Abylai
көкем АО «Казахстан Темiр Жолы» ның бір қабырғасын тіреп түрса күшті бола еді )) әттең
qyrmyzy
онда батыс жақа барып кайтар ем, қыста аққу көруге
AKA
Уа, шымкенттіктер! Жиналыңыздар, Сіздерге құлаққағыс.
qyrmyzy
Алматылықтар 24не кешкі 9да қайтуға билет алдық,егер қыдырамыз десеңдер билет ауыстыра аламын
Arhun
Cонымен қай уақытта құрылтай басталмақ және қанша уақыттқа созылады? Мен өзінің бұл мәліметті таппай қойдым әлде дұрыс оқымай отырмын ба, түсініксіз…
madlen
Архун, привет!
Бағдарлама

22 наурыз.

18.00-20.00. Қатысушыларды күтіп алу, қонақ үйге орналастыру. Бейресми танысу (кафе)

23 наурыз.

9.00 Қатысушыларды тіркеу. «BlogCamp: Блог Құрылтай-2012» ресми ашылуы.

9.30. – 11.00 Баспасөз маслихаты (бас аудитория)

11.00-11.30 Кофе-брейк

11.30-13.00 Қатысушылар презентацияларын көрсетеді

13.00 – 14.00 Түскі үзіліс (Назарбаев Университетінің асханасы)

14.00 – 16.00 Қатысушылар презентацияларын көрсетеді

16.00-16.20 Көже-брейк

16.20-17.00 Қатысушылар презентацияларын көрсетеді

17.00-18.00 Ең үздік презентацияларды (Pecha Kucha) мен старт-аптарды таныстыру

18.00-19.00 БлогҚұрылтай қорытындысы, байқау жеңімпаздарын марапаттау, жабылу

19.00-21.00 Кешкі ас. Бейресми жабылу

24 наурыз

Бурабай тобы (Барайық десеңіздер :) )

7.00 Автобуспен Щучинскіге жолға шығу (жолға 4 сағат шамасында уақыт кетеді!)

11.00 Таңғы және Түскі ас

12.00-15.00 экскурсия

15.00-18.00 шаңғы, ойын

18.00-19.00 кешкі ас

20.00 Автобуспен Астанаға жолға шығу

Астана тобы

10.00-13.00 экскурсия

13.00-14.00 түскі ас

14.00-16.00 ойын (боулинг, каток)

16.00 қатысушыларды шығарып салу

Мына жерде Құрылтай туралы толық инфо.
Arhun
«Привет», Мадлен! Инфоңызға үлкен рахмет!
AKA
Жиналдыңыздар ма? Көркемді міндетті түрде суретке 5-6 рет түсіріп алыңыздаршы, билет алуға барғанда.
qyrmyzy
Ерболдан күшті фото/видео репортаж күтеміз
Korkem
Ааарамдар, маска киіп барамын
qyrmyzy
неги??
Korkem
келіңдер Блогкэмпке, бірге түсеміз да)))
qyrmyzy
түсеміз ғой ол кезде міндетті түрде, пыросто ертен репортаж жасасандар не болады??
AKA
Не ғой… билет алдыңыздар ма?
Korkem
Алдық, скайпқа жүршиш, баріміз сондамыз…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.