Астанада күн суық

BlogCamp /
Көктем келгенімен Алматыда әлі салқын. Қарда ерімеді әлі, жиі-жиі қар мен жаңбыр жарысып жауып жатыр. Бірақ бір қуантатыны Ұлыстың Ұлы мейрамы Наурыз бен интернет қолданушылардың жиыны Блог Құрылтайға бес күн қалды.
Анам: «Астана суық, қалың киімдеріңді алып ал, ауырып қалма, қалың киініп жүр...» деп қайта-қайта айтып қоймағандықтан Айжан Табынға ауа райын сұрап хат жаздым :)) Ол:
Astanada ali kys. Bas kiim men jyly kurtkandy da, jempir men warfyndy da ala kel :))) Bugin suyk jel boldy, kar ali erigen jok. Kadimgi Almatynyn kysy bizde kazir :))))
деп жауап берді. Анам айтқандай-ақ Астана шыныменде суық екен. Қалың киініп барыңыздар :))

Бағана Блог Құрылтайдың үйлестірушісі Талғаттан
Астанға келген кезде пайдалы болатын ақпарат. Принтерден шығарып, өзіңізбен бірге алып жүрсеңіз, Астанада адаспайсыз :)
деп мына хат келді. Кімде жоқ жазып алыңыздар, керек болып қалады :))

Осы апта ҚазҰУ студенттері үшін екінші семестрдің ең киын аптасы болды десем қателеспеспін. Себебі, осы апта бізде аралық бақылау болды. Бұл аралық бақылаудан алған балын соңғы емтиханда үлкееееееееееееен рөл ойнайды ғой. Аллаға шүкір оныда аяқтап тастап, енді Астанаға жиналып жатырмыз. ештеңкемді ұмытып кетпейін деп қазірден бастап жатқан түрім ғой :))

Сонымен қатар бұл апта менің есімде тек аралық бақылаумен ғана емес, алдыңғы күні Кербез екеуіміз Меломанда болған Радик Темірғалиевтің «Ақ Орда. Қазақ хандығының тарихы» атты кітабының тұсаукесеріне барғанбыз. Сонда тарихқа өзгеріс алып келер ойы бұл жаңа кітаппен танысып келдік.
Кітаптың баспагері «Аспандау» ғылым-білім беру қорының Президенті Қанат Нұровтың айтуынша:
«Бұл кітап оқырманды Ақ Орданың шынайы таңғажайып тарихымен таныстырады».
Екеуімізде осы кітаптың бір-бір данасынан алып-алып оқып жатырмыз енді, оқып болғанан соң кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екендігін біле жатармыз деп :))



Өткен аптада КерекИнфодағы блогыма жазған постта уәде еткенімдей, осы бейсенбіде Екпінде өте қызықты материал жарық көрді

ASh ҚаZақ Pro: «Қазақ тілі – қой бағудың тілі емес»







Айтарымды айтып болдым :)

Астанада көріскенше достар

Пы.Сы. Айтпақшы Екпін қазақ тіліндегі әдеби туындылардың үздік ондығын құруға шақырып жатыр. Өзіңіздің сүйікті кітабыңызды ұсынсаңыз болады :))

21 пікір

erke_ky3
Астанада әлі күн суық екееееееееееееееееен… :((
MSHERIMBEK
Жақын қалды блогқұрылтайғааааааааа:)))
qyrmyzy
сенің нұрлы жүздеріңді ыскайп емес, реалда көретін болдық
erke_ky3
Ияяяя, Садықты та сағынып қалдық қой :)))
qyrmyzy
не болды? Бүгін бәріміздің қате жазатын күніміз ба?
erke_ky3
Түнгі бірден кетті, ұйқымыз келіп отырған шығар мүмкін :)))
erke_ky3
Жаконай! Жаконай! Сені де көрмегелі бірааааааааз болды. Сағынып қалдым ғооооооооооооооой…
qyrmyzy
маған шуба емес, куртка киіп келе бер деді
Zevs
енді қайттәк! Өзімше жеңіл киімдерімді алам деп дайындап қойған едім! туй
erke_ky3
Менде де сол :)))
Zevs
Ерке қыз ау! Кітап қанша тұрады екен???????????????????????????????????????????????????
erke_ky3
Кітап 1650 теңге тұрады екен.
Zevs
Садық сіз келесіз бе Блог құрылтайға???????????????????????????????
qyrmyzy
Сақал келмесе, құрылтай өтпейді
kuka097
Өзім бармасам да, баратын баршаңызға сәттілік!
Abylai
қап қап, жеңіл киімдерімді алып, уже ақтөбеге кетіп қалып едім. бірдеңе қылармыз енді. тоңдырмассыңдар ;)
Moldir_96
Шынымен де Астанада күн қатты суық(( «Көктем келді!» деп қуанып жүрсек, Астанада қыс әлі аяқталмаған сияқты...Әсіресе бүгін күн ерекше суыыыық! Жел қатты соғып тұр, аяз да қояр емес(( Сондықтан да, blogcamp-ке келетіндеріңіз жылы киімдеріңізді алуды ұмытпаңыздар! Әйтпесе, тоңыыыып қаласыздар! blogcamp-те кездескенше, достар!!!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.