Ұсыныс (Блогкэмп-2013)

Блогқұрылтай-2013. Шымкент /
Кіріспе:
негізі бұл пост КерекИнфода шыққан: алайда алдыңғы посттағы сілтемеге көпшілік кірмеген секілді. сондықтан мында көшіруді жөн деп шештім…

Құрылтай-2012 де аяқталды. Кеше соңғы қонақтармен қимай-қимай қоштастық.
..Құрылтай аяқталған соң Көкбөрімен билайнның зонтигін ұстап суретке түсіп тұрғанбыз… Алдекең өтіп бара жатып: "-Ұрсысып-ұрсысып алып зонтиктің астында суретке түсіп жатыр мыналар.." деп бір қағытып өтті. Көкбөрінің құрылтайды Атырауда жасайық деген ұсынысына мен Шымкентте жасаймыз деп сәл сөзге келгенімізді айтқаны ғой…
Менің ойымша блогшылардың, керекшілердің қасиеті осында. Ар жақтағы сөздер мына жақта жүрмейді. Бір-біріне еш артық ойы жоқ (одан артығын айтайын 3-күн бойы Көкбөрімен бір шаңырақ астында жаттық. уот так-то). Құрылтай керемет өтті. Өзіме ұнады. Алайда Гаста, Абзал, Салта, Әбіләкімдердің жоқ болғанына, олармен жақынырақ араласа алмағаныма өкіндім. Келесі жылы міндетті түрде келеді деген ойдамын. Гастаның келуі үшін вахтасы болмайтын күнге ауыстыруға ұсыныс та айтамын
В обшым, сентимент бітті. Енді тірлікті айтайық.
ҰСЫНЫС: КЕЛЕСІ ҚҰРЫЛТАЙ ШЫМКЕНТТЕ ӨТСІН.
Бағдарлама жобасы:
көз алдарыңызға елестетіңіздер: 1-мамыр. Таудағы лагерьлер. Блогшылар.
Шымкентке таяу маңда (20-30 шақырым) лагерьлер бар. Мысалы, «Тау самалы». 7-8 корпусы бар. Әр корпусқа 30-40 адам сияды. Медпункт, Асхана, темекі-пемекі сататын апай в обшым барлық жағдай жасалған. Таза ауа, өзен, тау. және… тыныштық. Машиналардың шуынан шаршаған шығарсыздар. Әрі ыстық аудитория да емес презентациялар ашық аспан астында өтеді. сосын әрине Шымкенттік палау, шашлық, қалағандары шымкенттің салқын сырасынан да көруге болады
1-күн. 3-4 автобус 11-лерде шығамыз қаладан (негізі 9-да деп айтылад, бірақ қазақпыз ғой, екі сағат обизательно кешігіп шығамыз).
12-лерде жетеміз. Жарты сағат кімнің қай корпусқа баратынын, тауда өзін қалай ұстау керектігін, қауіпсіздік туралы… в обшым әңгіме болад… и жайғасу
13.00. обед.
14.00-18.00 — ашылу. танысу. кофе брейк (мүмкін баспасөз мәслихатын өткізіп жіберерміз. в общем доработка керек.
18.00-19.00 ужин. сәндену, әтір себу, галстук туралау т.б.
19.00-21.00 дискотека.

2-күн.8.30.-9.00 жуыну, зарядка (Қисық үйретед )
9.00-10.00 заптрак.
10.30-13.00 — алаңқайлардағы презентациялар.
13.00-14.00 — обед
14.00-15.00 — спорттық киімдер кию.
15.00-кешке дин тауға дитіндер тауға, доп тебетіндер алаңқайға (айтпақшы «Тау самалында» өз алаңы бар, бассейн бар), суға түсетіндер суға.
арасында ужин.
21.00.-жатқанша — от жағееееппп, гитара тартееееппп отрамыз.

3-күн.
8.30.-9.00 жуыну, зарядка (Қисық үйретед )
9.00-10.00 заптрак.
10.30-13.00 — алаңқайлардағы презентациялар.
13.00-14.00 обед.
15.00-17.00 жабылу, қоштасу т.б.
17.00 қайту.

ескерту: столобай күні түні жұмыс истид.
доработка әлі де керек. «Тау самалы» емес, басқа лагерь боп қалу мүмкін.
БҰЛ ӘЛІ ЖОБА КҮЙІНДЕ. СОНДЫҚТАН НАҚТЫ ШЕШІЛГЕН ЕШТЕҢЕ ЖОҚ.

ЕГЕР ҰНАСА, ШЫМКЕНТТЕ ЖАСАУДЫ ХОШ КӨРСЕҢІЗДЕР ОНДА ЕРТЕРЕК ҚИМЫЛДАУ КЕРЕК.
биыл жаңа жылдан кин басталды дайындық. келесі жылды күзден бастап кету керек. сентябь-октябрьде уже біраз нәрсе шешіліп қалу керек. сондықтан АСЫҒАЙЫҚ АҒАЙЫН.

18 пікір

Daniar_alan
Нұрғиса-бырат: «Дауай сөйтейік, разрушая все границы болсын» дегенін қалай ұмытайын… эххх…
zhomart
Дәкеңмен келіспеске амалым жоқ, бірауыздан қолдаймын. «Бұл блогкэмп, бұрынғы блогкэмптен өзгерек» болғаны дұрыс.
Jako
Жақсы ой екен, ниеттеріңе жетулеріңе тілектеспін.
qarasaqal
Shymkentte jasaimyz. Univerlermen kelisilip qoiylgan. Tort kozimiz tugeldenip elge oralyp alaiyq. Sol jaqta jaqsylap aqyldasa jatamyz. Azirge oilaryndy jaza otyryndar.
Aueli, uiymdastyrushylar alqasyn anau mynau kerekti faktorlardyn barlygyn qarastyrsaq. Jpgarydagy jospardy aqyldasa otyryp qaita qarap shyqsaq. Negizi tauda otkizu jaman emes qoi. Biraq, jaqynda gana tauga baryp seminar otkizip keldim. Negizi, ol jaqqa bargan son tek demaluga baru kerek syaqty. Oitkeni, adamdar tauga barganda sabaq oquga (! resmilikke) qulyqty bolmasy haq. Al, presentacialardy qalada-aq otkizsek bolady. Oshm, ali uaqyt bar. Oilana jurelik!
Jako
Мына былдырығыңды біз түсінетіндей қылып жазсаң нұр үсіне нұр болар еді.
Daniar_alan
дауай өзгертейік сол ойды… басқаша форматта… кретивпен өткізейік… істей аламыз оны. көр де тұр…
balgalym
қарасақал дұрыс айтад, презентацияларды қалада өткізген дұрыс, ал қалада тек презинтациямен ішті пістірмеу үшін, бір флешмоб ұйымдастырса болады, кейін 2-ші әлде 3-ші күні табиғатқа барса болады.
Ademi
Егер тауда болатын болса, өз басым, презентация да жасамас ем, презентация тыңдамас та ем....қашып кетіп, тауға шығып, демалатын ем… Сонсон тауда презентация жасау үшін ҚОМАҚТЫ қаражат пен МЫҚТЫ жүйке керек. Мысалы, кәдімгі аудиторияның өзінде презентацияға кірмей жатады. Қазірше, бағдарлама жасау ерте. Мүмкіндігінше, Шымкентте қанша блогшы бар, олардың қаншасы ерікті волонтер болғысы келеді соны анықтау керек. Демеуші қарастыру, жататын жер, тамақтанатын жер, сосын биылға құрылтайдың ерекшелігін ойластыру керек. Тағы да презентациялардың деңгейін көтеру қажет. Более есейген тақырыптағы сабақтар өткізілсе, қазірден жобаларға қойылатын талап, презентацияға қойылатын талап сияқтылар қарастырылу қажет. Ал, жоғарыдағыдай режиммен елдер отпускта демалуларына болады, блогқұрылтайға қарап қалған жоқ.
Daniar_alan
… осы Сіздің нигіңізді көрсем Еркіннің "Әдемі-ау, әдемі ақ бұлттааааннн жасап алғанмыыыыыыын" деген өлеңі есіме түсіп кете береді шы…
Daniar_alan
айтақЧ как раз соны тыңдап отырм… жЪлап…
Ademi
… шы болғанда, пікір айтыңыз
Daniar_alan
«Ақ бұлт» әдемі өлең… ияяя…
пікір?.. а ия пікір…
сосын биылға құрылтайдың ерекшелігін ойластыру керек.

ерекшелік қылып жоғарыдағыны алайҚч… өтініш… қуатын адам әуезовте де қуа беред… тыңдайтын адам тауда да тыңдайд ғоо…
Ademi
НЕт, нет! Екі күн аудитория, екі не бір күн жоғарыдағы режим — қарсы емеспін.
Daniar_alan
шашылып кетед адамдар… ал жоғарыдағыдай болса рухани да былай да демалад… қаржы жағын шешуге болад менің ойымша…

не ғой… аваңызды өзгертіҢч
Ademi
Керісінше, жоғарыдағыдай болса, шашылып кетеді. Тауда кім презентация тыңдағысы келеді? Басты мақсаты — Қазнеті дамыту. Ызнашит сондай тақырыптағы презентация дайындайтын блогшы табың одан да. Өз блогы мен сайтын жарнамалайтын презентация емес, танымдық бағыттағы презентация табың.
не ғой… авам найд та
Daniar_alan
қазнетті дамыту дейсіз бе?.. былай ғой… дамытып тастайтындай әлеует жоқ бізде… мен былай ойлап отырмын. адам көбейту керек, адам көбейту керек және адам көбейту керек. адам ккккөөөөөппп болсын, онан соң ғана саннан сапаға өтеді. ойлап көріңізші қазір қанша блогшы бар. аз. мардымсыз… ал адамдар қай кезде тартылады? егер, қызық болса. сол қызық менің ойымша аудиторияда емес, тауда болатын секілді… аудиторияға тығып қойып Сіз айтпақшы әр сайттың презентациясын көруге ешкім келе қоймас… ал егер, тегін үш күн тауға барып демалып әрі білім жинақтап қайтамыз кеттік десең, адам көбейеді… мен жеке пікірім осы… қалай болғанда да мен тек ұсыныс білдіріп отырмын…
Ademi
Қазір қарастырылатын мәселе: (Шымкенттіктер үшін)
1. Бастық (өз араларында сайлау керек және бәрі сол кісіге бағыну керек)
2. Негізгі ұйымдастыратын команданы жинақтау;
3. Жиналған команданы тағы да командаға бөліп, жұмыстарды тапсыру;
4. Алматылық, астаналықтарға да жұмыс беру;
5. Басқа да облыстардан команда құрып, солармен жұмыс істеу. Ну олар пиарға жауап береді
6. Кітап, футболка, ручка, блокноттарды қайдан шығарамыз, қай жер тиімді… сұрастыру
7. Тапсырыспен (ну енД тегін) жақсы презентацияларды көбейту;
8. интернет мәселесі;
9. Шымкенттіктер жиналатын орын табу(блогқұрылтайға дейін жиналатын орын)
User
Қарастырылатын мәселе.

1-мықты ұйымдастыратын адамдар керек.
2-блогшылар келу керек.

Болды.!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.