Қайырылымдылық шарасына қатысамыз!

Блогқұрылтай-2013. Шымкент /
Құрметті айтаберліктер, постты оқымас бұрын мына жерге бас сұғып кетіңіздер !



Сонымен, Баханың да туған күні жақындап қалды. Алматылық айтаберліктер жиналғанда осы жобамыз жайлы ақылдасып едік. Бахаға Месси деп жазылған футболка (астына Баха деп жаздырамыз) мен Барсаның шарфын сыйлайтын болдық. Тортты да арнайы жасататын болып келістік. ЗефсКо плакаттарға жауап беретін болды. Енді қаржы жағы сіздерге байланысты, егер ақша көп жиналса, тағы басқа варианттарды қарастырамыз.

Фотошопта «ойнайтындар» Бақытжанға ашықхат жасауына болады. Біз сапасы мен мағынасына қарай таңдап алып, ламинаттап сыйлайтын боламыз.

Тағы да ұсыныстарыңыз болса, пікірге қалдырыңыздар.

Кездесуді Баханың әпкесімен ақылдасамыз.

Реквизиттер:

Жанылай Базарбаева

РНН: 581221288748

БИН: 4667 2061 0230 0588

Банк: Centercredit

Байланыс: +7 707 681 14 73 (хабарласудан бұрын смс жазыңыздар)


ПЫСЫ: қанша ақша салсаңыз да өз еркіңіз. Мейлі 200теңге, мейлі 2000 теңге…
Ақша салғаннан кейін жекеге жазсаңыздар жақсы болатын еді… очм, өз еркіңіз. Бірақ бірлік салам, ақша қоса салыңызшы демеңіздерші… бірлік керек емес, қажет болса, салып аламын. Рахмет!

Іске сәт:)

27 пікір

mairosh
Саған АРБ
qyrmyzy
:) Бір жеңнен қол…
AKA
Енді ғана көрдім, қашан жиналамыз? Бос уақыт белгілейік, хабарлап айтарсың басқаларына да. Уақытын жазып жіберсең болды, келем!
mairosh
Аха. Сенбі немесе Жексенбі күндері белгілеу керек. Сол кезде ордадан кім басқарып ақша жинап салатынын айтармыз)). Айтқандай мен сені ұсындым, басқалар не айтар екен?(:
AKA
Өзің жинай бер, мен бәрібір қашанға дейін жинау керектігін, қалай банкоматпен жіберу керектігін білмеймін. Сенбі/жексенбі түске дейінгі уақыт болса жақсы болар еді.
AKA
Хабарсыз кеттіңіз ғой, әпше? Жиналмадық та, уақыты қашанға дейін еді?
mairosh
өздерін бірдене қылып жиналмасандар менің қолым тимей кетті ғой((((( если че мағанда хабар беріндер қосыламын
Daniar_alan
Мейлі 200теңге, мейлі 2000 теңге…
былай ғылайық…
жасы үлкендер 81-лер мысалы, 200 тг. салып тұруға сәл қысылады ғо. сондықтан 1000 деп белгілик. жасына да кәрісіне де.
сонан соң барлық жерге сал постта. теріскей, төрлет, керек т.б.
Daniar_alan
жеке жеке мес, жиналып салса.
әр өңірде жауапты 1-1 адам болса. мысалы, шымнан Көркемді ұсынар ем. Астанадан Айжантабын таптырмайтын кандидат. Алматыдан өзің.
жиналып салғанның пайдасы, адам счетқа теңге салғанда, снимать еткенде білуімше проценттері аздау болады.
qyrmyzy
Оған қарсы емеспін, бірақ әрбірімен кездесуге уақыт та жоқ шығар. Әркімнің өз қалауы. Ақшаны туған күні таяғанда снимать етем.
Daniar_alan
сосын не ғо… тел. нөміріңді де жазп қойсаҢч. мүмкін банкте сұрақ туып қалар. уд.номерің керек боп қалар мысалы…
qyrmyzy
Рахмет:) Сіз болмасаңыз… АРБ!!!
qyrmyzy
Қызылордалықтар Майрошқа, Шымкент Көркемге берсе екен… Тараз, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Астана, Өскеменнен координаторлар керек.
Zhanat
Өскеменнен мен өзім саламын. менің соткамды өзің білесің
banzaika1990
Өскемендіктер сізге қалай жіберсек екен??
qyrmyzy
Кімде қандай ұсыныс бар?
ereke_enu
Мынадай ұсыныс бар:
Бір папка файл жасайсың: ішінде іс-шараның мақсаты, сіздер жайлы, т.б. ақпарат және қажетті қаражаттың сметасы міндетті түрде болады. Соны құшақтап, Алматыдағы «менмін» деген коммерц/қоммерц емес ұйымдардың директорларына кіріп шығасың. Сен журналистсің ғо, оларға «Сіздерді газет бетіне шығарам, өйтем бүйтем» деп(PR) уәде бересің. Таныс/туыстарға да өтіп шығуға болады.
Вобшым, өтіп кетеді):
Астанада «Милана гүлдер дүкені» Первомайка аудандық балалар үйіне жаңа жыл мерекелік іс-шараға әрбір балаға бір дана жұмсақ ойыншық(25) сыйлады. Осы жолмен Ақтөбе Алға аудандық балалар үйіне ~1 млн теңге жинағалған. Біраз бөлігін мұнай компаниясы берді, қалғаны қарапайым қала тұрғындарынан.

Сосын, сосын: Берілген уәдені міндетті түрде орындау керек.
Daniar_alan
сен түсінбедің. бұл блогшылар акциясы. сәйкесінше блогшылар теңге жинап, блогшылар сыйлық жасауы қажет!!!
ereke_enu
аа дұрыс онда. Мен жәй сайт қолданушысымын ғой
Jako
Мен блогшымын ба?
ereke_enu
Ол жағын нашар біледі екем. Гуглдап көріңіз.
ereke_enu
Сосын «Блогшы кім» деген тақырыпта зерттеулеріңізді жариялап жіберсеңіз мен сияқтыларға көп пайдасы тиер еді
Jako
Менде сізбен келісемін.
Delfina
Жақсы шара екен. Ақтөбеден аз ғана адам өзі білуімше. Ал кім жинайды?
dimash
Шынымен өзім өмірдің қараңғы бұрышын білмей, күліп ойнап, кейде балалыққа салынып доп қуалап кетемін. Ал мына жақта… 1 курстағы ең алғаш барған өндірістік практикам «Ақыл-есі кем балалар интернаты» болып еді, сол көшеден өткен сайын есіме түседі сол балалар. Кебір балалардың уақытқа байланысты қозып кететіні болмаса басқа уақытта жасы 18-ге толмаса да сөйлеген сөздерінде үлкен ой бар деп таңқалушы едік. Тіпті өлең де айтып бергендері бар, «ақыл-есі кем» болса да әуенге еліктеуі ешкімнен кем емес.
Жақсысына жақсы бастама, идея авторларына респект.
Daniar_alan
уа, мүміндер. мынау пенделік тірліктерім көбейіп кетіп, почти еш жерге бас сұға алмай қалғам. мынанын уақыты таяпты. тойыс ертең. бүгін няғып жерик мүмкін болса. Қырмызы демалысқа туралап, Алматылықтармен алып барып берер.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.