Ғашықтық сезім, істетпейтін нәрсені істетеді екен. Шіркіііін!

Айтеберде соңғы кездері лириктер мен пәлсапашылар көбейіп кетіпті, әрине бұл өте қуантады.Сол пәлсапашылардың бірі өзім. Дегенмен көңіліміз бір көтерілсін деген оймен, ғашықтық сезімнің қоғамдық меншікке келтірер зияны жөнінде жазғанымды қабыл алсаңыздар! Әзіл-қалжың деп түсініңіздер, кезінде өз басымнан өткені де бар еді! Адам баласы ғашықтық сезімімен уланса, өзін-өзі басқарудан қалатындай.
Мына сурет сөзіме дәлел болсын!

Байқауымша мына жұп өз есімдерін қайда жазып жатқанында шаруасы да жоқ сыңайлы!

Ғашық болғандары өте жақсы, алайда мына ағаштың не кінәсі бар еді!



Партаға жазбасақ та болар еді ғой!


Осы қасиеттер ата-бабабыздан жұққан сияқты!:)

І/Н Айналайын ғашықтар, сезімдеріңізді сөзбен жеткізуге тырысыңыздар :))! Балаларымыз сызылмаған партаға отырсын десеңіздер :!
Өмірлеріңізде осындай жағдайдар болды ма?!

17 пікір

qyrmyzy
ық ық, сезімімді тек қойын дәптерлеріме жазыппын
akil_kalta01
Жарайсың qyrmyzy парта, ағаштарға сызып кетпегенің жақсы екен! "Қойын дәптерлеріме жазыппын" депсің, қанша қойын дәптер толтырдың?! :)
qyrmyzy
Төмен курс оқыған кезімізде ең жақын құрбыларыммен бір қойындәптер бастағанбыз. Сондай қызық оқып отырсаң
akil_kalta01
Охо онда сенен үйренетін нәрсе көп екен ғой!:)" Өмірде болған оқиға" блогынан «Сезім сырлары» атты пост күтеміз сенен! :)
qyrmyzy
оо, ноу, уәде бере алмаймын. Сандібекке палау қарызбын, есіме түссе, жүрегім ауырады
akil_kalta01
Қызығушылығымды артыра түстіің ғой! Палауын ұрлап жеп қойп педің:)))
qyrmyzy
жоооқ, палау пісіріп беремін деп едім…
akil_kalta01
ммм Сосын не болды! Пісіріп жалғыз өзің ұрып алдың ба? :)))
Manas
Терезенің жақтауына ойып жаздым атыңды.........</
десем аааа
ardak1996
баяғыда жігіттер қағаздан ұшақ жасап, ішіне хат салып ұнатқан қызының отырған партасына бағыттап ұшыратын.Егер ол қыз ашуланса, ой саған емес басқа жаққа ұшып кетті дей салатын.
akil_kalta01
Қап осындай нәрсені енді естіп тұрғанымды қарашы! Кезінді сыныптасым ғашық болып едім, аузымды аша алмай кетіп едім! :)) Жақсы ой екен інілеріме айтатын болдым!
ardak1996
хэхэх айтыңыз, айтыңыз. Кезінді сыныптасым ғашық болып едім осы жайлы толығырақ, ең алғашқы махаббат па? кушті)
ereke_enu
Қайыңға жазған едік, бірнеше айдан соң ол қайыңды да, жазбаны да таппай қалдық)))
akil_kalta01
Қайың отынға айналып кетті ма? :)) Ендеше бүгінен кешіктірмей сол орынға көшет отырғызу керек деп ойлаймын!:))
ereke_enu
Саябақта қайыңдар көп еді)))
Zhanat
ағашқа жаз, қағазға жаз, қайда жазсаңда аспанға жазғанға жетпейді ғой
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.