Жаңа терминдер =)))

Салем барлық айтабер блогтұғырдың қолданушылары! Бүгінгі жазбам жалған ғылым (псевдонаука), өзімнің зертеулеріме сүйенеді)))
Қазіргі таңда ғаламтор дамығаннан кейін форумдар, порталдар т.б. адамдар бір бірімен сөйлесе алатын мүмкіндіктер көбейді. Ғаламторда хабарламалар өте жылдам тарағасын, тез жауап беру үшін аббревеатуралар қолданады.
Ғаламтор бөлек әлем болғасын оның өзіне тән терминдері бар, солармен таныстырайын:

«Нуб» — көбінесе онлайн ойындарда қолданылады, ағылшын сөзі «newbie», аударғанда "үйренбеген н/е жаңа келген" деген мағынаны білдіреді.

«Лол» — бұл сөз біреуге күлген кезде қолданады, ағылшын сөзі «laughing out loud», аударғанда «дауыстап қатты күлу» деген мағына береді. Кейбіреулер мазақ деп ойлап қалуы мұмкін, бірақ қателеспеңіздер)))

«Фэйспалм» — ағылшын сөзі «face palm» аударғанда «бетін қолмен жабу» деген мағына береді, бұл сөзді бір нәрседен үмітін үзгенде жазады, «фп» деп қысқаша жазса да болады))

«Фэйк» — ағылшын сөзі «fake», аударғанда «жалған» деген мағына береді, бірдеңеге сенбеген кезде жазылады.

«Флуд» — ағылшын сөзі «flood», «су тасқыны» деген мағына береді, адамдар форумдары н/е басқа сөйлесетін жерді өзінің мағынасыз сөздермен былғағанда жазылады. флдудты таратушы адамды — флудер дейді.

«Бан» — ағылшын сөзі «ban», «тыйым салу, рұқсат етпеу», интернет қорларына тікелей шектеу деген мағына береді.

«Баг» — ағылшын сөзі «bug», "қоңыз деген мағына береді, сайт н/е бағдарлама қателіктерін баг дейді.

«Юзерпик» — ағылшын сөзі «user pic», қолданушы суреті дегенді білдіреді, аватар деген сияқты.

«ОМГ» ағылшын аббревеатурасы «Oh my god», «о құдайым» аудармасы, көбінесе таң қалған кезде қолданады.

«ВТФ» — ағылшын аббревеатурасы аудармай мағынасын жаза салайын))) «не болды» деген мағынада айтылады.))

P.S. Бұл сөздерді терминком аудармаған, әдеби сөздер емес, шығарма жазғанда қуыып кетіп жүрмеңдер)))
P.P.S. «P.S.» — постскриптум, ағылшын сөзі, «ақырғы сөз, соңғы сөз», деген мағынада айтылады.))

23 пікір

dimash
осы «постскриптум» әлде «паст скриптум» қайсы дұрыс екенін ажырата алмай-ақ қойдым.


П.С: «флуд деген не?»-деп сұрауға ыңғайсызданып жүр едім, рахмет)
Daka_sss
постскриптум дегені дұрыс, паст болғанда өткен деген мағына болады, ал пост кейін деген мағына болады сол дұрыс
qyrmyzy
Ағылшын тілінен білім базам біраз сөздермен толықты, айнолайеееееен, күнде бір-екі сөз жазып тұршы, ана сөздікті ашуға уақыт жоқ па бірдеңе.
P.S: «Постскриптум» деген фильмді кім көрді? Көруге кеңес беремін.
dimash
мен бұрын көргенмінн, «Постскриптум Я тебя люблю» деген емес па? мен соны көрдім, қызық мелодрамма, аянышты…
qyrmyzy
аха, дәл өзі
qyrmyzy
лол, мына сөздерді комментке жазып жүретін болам, лол, лол, лол
AL-ASTER
Лолик?
qyrmyzy
laughing out loud-дауыстап қатты күлу
AL-ASTER
Лолик, мен оны оқыдым. :)
qyrmyzy
фп, маған тағы бір ат қойылғаны ма???
AL-ASTER
qyrmyzy
охх, гүл беретін адам табылды, рахмет!
AL-ASTER
Рахмет маған кәмпит те болмайд, тым болмаса 50 единица берші…
qyrmyzy
берген гүлің гүл боватқандай айтпашы
AL-ASTER
қаз жекеге шығам)
AL-ASTER
Жазбаға рахмет. Бірақ, бұлар жаңа терминдер емес көрінеді. Компьютер және интернет әлемі үшін бұлар тізесі шыққан шаблондар. Сөздер аз және астына әрі қарай толығырақ оқу үшін, декеркөзін тастай кету де жөн болар, бәлкім.
qyrmyzy
аха, білім базамызды жаңартайық
Daka_sss
бұл сөздер жаңа емес, ең көп қолданатын сөздер осы болғасын жаздым, декеркөзін?
Azamat
«Нуб» «Лол» терминдерін Контрда көп қолданамыз =)
Daka_sss
толықтыратының болса жаза кет))
ardak1996
тек флуд дегенді естідім, қалғанының мағынасын жаңа білдім.Рахмет Дака ағай!
мен нуб
Daka_sss
хехех)) әрі барлығы алда, барлығын біліп туылған адам жоқ)))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.