Әлемдегі ең дәмді тамақ

Сәлем! Сәлем!

Бір мықты пост бастап жатырмын. Тақырыптан байқап тұрғандарыңыздай, бүгін біз сіздермен әлемдегі ең дәмді тамақ жасауды үйренеміз. Үйрететін кім дешиш)) Демалыс күн бітіп бара жатыр, сонда да ештен кеш жақсы дегендей, болмаса келесі демалыста асықпай жасарсыздар!

Негізі рецепттерімді тегін таратпайтын едім, сіздер үшін итке аяғанымды… қалай еді өзі)) Вощм, түсінсеңіздер бопты…

Ендеше, басталық. Керекті нәрселер, олар көп те емес:
1. Тостаған(Кастрюля)*1 дана
2. Тұз * 1-2 қасық
3. су — краннан жарай береді
4. қасық * 1дана
5. Темір сым жуғыш деп атайды бізде * 1дана
5. шамамен 500тг дей қаражат

Ең алдымен азық-түлік дүкеніне барамыз, онда бізге қажетті ең маңызды нәрсе бар. Өзі әр түрлі қорапта болады. Кейде түссіз, кейде сары, аттары да әр түрлі. Және ол, сіз ойлап отырғандай сөрелерде емес, тоңазытқышта, көлденең орналасқан балмұздақ салатын тоңазытқышта болады. Атын айтсам ба екен? Қимай тұрғаным Жоқ, болмайды. Өздеріңіздің тауып аласыздар, керек болса. Құпия құпия болып қала берсін. Қысқасы сол нәрсені сатып аласыздар. Мен оған қоса нан және шемішке ала салдым. Қарным жаман ашып тұр еді. Тамақ пісем дегенше бірдеңемен алдай тұру керек та)

Екінші жасайтын нәрсеміз, тостағанға су құйып, ысытамыз. Алдын ала оның тазалығын тексеріп алу керек. Кешегіден қалып кеткен тамақ болуы мүмкін. Оларды ырымын жасап, тазалап тастаймыз. Кетпей жатса, қоя бер. Үш жыл болды жүрік қой аман-есен))) Буланба))

5-10 минуттан соң су бұрқылдап қайнайды. Міне, сол кезде манағы пакетиктің ішіндегі нәрселерді сала қоямыз. Осы сәттен бастап, бүкіл қиыншылық артта. Енді асықпай, агенттегі кісілерге жауап беріп, не Айтаберге пост жаза беруіңізге болады. Айтпақшы, ұмытып бара жатыр екем. Тұз!!! Ас қасықпен бір қасық сала салуға болады, егер тілім күйеді деп қорықсаң. Негізі, сала отырып, судың дәмін көріп отырасың ғо…

… Біршама уақыттан соң

Блогқа жазып қоймай, агенттің гүлі боп отырғаныңда асханадан бір иіс келеді. Еттің ба, қамырдың ба бір жағымды иіс. Осы сәттен бастап тамақ жасаудың екінші кезеңіне көшеміз. Бұл кезеңде плитканың қызуын басамыз(2-3). Жаңа ғана үстіне жуа(пияз, сарымсақ) турап жіберсе не болады екен деген идея келіп кетті. Тіпті, ет тамаққа ұқсап кетеді екен))) На всякий пожар Тұзын тағы бір көре салу керек. Әлі де кеш емес.

Сонымен бітті. Түн ауа, ұйқы кеп, маза кете бастағанда тамақты құйып іше беруіңе болады. Ол кезге дейін анық піседі. Кешірерсіздер, майонез сатып алу керектігін айтуды ұмытып кетіппін. Тамақ әр кезде әрқалай піседі ғой. Сақтықта қорлық жоқ дегендей…

Тамақты құйып болған соң, статус отошел, телефон переадресация, есікті мықтап жабамыз) Әзіл, бір-екі жақсы таныстарыңды, әсіресе бұрын қонаққа шақырған жігіттерден шақырып жіберсең болады. Немесе статусында «грустно»,«тамак жок» деп отырғандардан.

Осымен постты аяқтайын… Назарларыңызға рахмет!!! Ас болсын! Хат жазып, ақыл-кеңес алып тұрыңыздар!

11 пікір

AKA
КүЧт! Дүкеннен дайын тұшпараны алып, пісіргенбісіз? :)
ereke_enu
))) Шамалы кешірек жазсаң да болушы еді ғой
banzaika1990
керемет!!! қарапайым тұшпараның өзін осындай сезіммен, әсермен дайындағаннан кейін қайтіп ол әлемдегі ең дәмді тамақ болмасын?!
ereke_enu
Тұшпара десем ше???)
banzaika1990
әрине тұшпара болады да))))))))
qyrmyzy
1. Тостаған(Кастрюля)*1 дана
2. Тұз * 1-2 қасық
3. су — краннан жарай береді
4. қасық * 1дана
5. Темір сым жуғыш деп атайды бізде * 1дана
5. шамамен 500тг дей қаражат
alikona
сіздер үшін итке аяғанымды… қалай еді өзі))
Сіздерден аяғанды ит жесін! дейді
ereke_enu
Рахмет, әйтеуір сондай сөз бар тұғын.
ereke_enu
Өзімше не тамақ екенін ешкім таба алмай қиналатын шығар. Мен керім боп көпке дейін жасырам, аяқ жағын жарайд, аяп кеттім деп айта салам ба десем)) Қап… Құрығанда бичпакет, не жаймамен шатастырмағандарыңа таңмын
followme_alik
Тұшпараны жемеуші ем, аппетит ашылды. Рахмет.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.