Қыз қылығы!!!

Қыздар жұмбақ, іштері сырға толы жандар ғой. Сіздерге қыздардың ешкім түсінбейтін, кей кезде тіпті өздері де түсіне алмайтын қылықтарын айтқым келеді.
1. Шаштарын қол жетерлік жерде жатқан кез-келген затпен қыстырып жинай салу.
2. Сұрақты нақты естіп тұрса да бәрібір қайталап сұрау.
3. Ұялы телефон зарядкасын қуат көзінен (розеткадан) суырмай қалдыру.
4. Еріндерін үнемі тістелеп жүру.
5. Будильникті тұрар уақыттан 10мин ерте қойып қойыпбәрібір осы уақытты ұйықтап қалу. Нәтижесінде барар жеріне бәрібір кешігіп барады.
6. Шығар алдында міндетті түрде тағы бір рет айнаға қарау.
7. Ең бірінші ұнамайтын нәрселерді жеу, ең тәттілерін соңына қалдырады.
8. Колготкилерін носкимен бірге шеше салу, артынан осы колготкиді шатаспай носкиімен бірге кие алуы.
9. Машиналардың қара(тонированный) терезесіне қарап сәндену.
10. Ұялы телефонын «без звучный» режимге қойып алып, артынан СМС келіп қалмады ма екен деп 10рет алып қайта қайта қарау.

16 пікір

pari
муахахаа хахаха өштім тамаша өзім қыз болмасамда қыздардың қылықтарын біліп алдым
"Қыз қылығымен"
деп атам қазақ бекер айтпаған екен)))
alikona
тап мен туралы айтылғандай)))
Zhassiko
Қыздардың бәрі осындай емес ғой, маған біреуі ғана сәйкес келді..))
AL-ASTER
8. Колготкилерін носкимен бірге шеше салу, артынан осы колготкиді шатаспай носкиімен бірге кие алуы.

Мен қыста гамажды осылай шеше салам ))) қайта кие де алам)
dimash
7. Ең бірінші ұнамайтын нәрселерді жеу, ең тәттілерін соңына қалдырады.
Қыз болмасам да мен де осындаймын))) +!
ardak1996
1, 4, 7 менің қылықтарым) тағы қосатын нәрселер бар екен) Қосып отыршы уақыт өте келе бірдеңелер есіңе түссе
banzaika1990
жарайды міндетті түрде
Yasin
кейбір қылықтар ер балалардан да табылады
2.Сұрақты нақты естіп тұрса да бәрібір қайталап сұрау.
3. Ұялы телефон зарядкасын қуат көзінен (розеткадан) суырмай қалдыру.
5. Будильникті тұрар уақыттан 10мин ерте қойып қойыпбәрібір осы уақытты ұйықтап қалу. Нәтижесінде барар жеріне бәрібір кешігіп барады.
6. Шығар алдында міндетті түрде тағы бір рет айнаға қарау.
Uleke
11. Ұялы телефонды уақыт қарау үшін сөмкеден алу, қараған соң не үшін алғанын ұмытып қалу;
12. Газет-жорналдарды соңғы бетінен бастап оқу;
13. Сағат пен минут саны сәйкес келгенде тілек айту (мыс., 14:14);
14. Кірпікті бояғанда міндетті түрде ауызды ашып тұру, жапсаң жағылып кетеді;
15. СМС-терді керек болар деп өшірмей сақтау, бірақ кенеттен 100-ін бірден өшіре салу;
16. Жол көрсет дегенде оң мен солдың қайда екенін ұмыту;
17. Жарықты өшіріп алып, есіктегі құлып жүрекшесін іздеу;
18. Автокөлік нөміріндегі 3 әріптен қызықты сөз құрастырып қиялдау;
19. Қарсы шыққан ағашты немесе кез келген бөгетті жолсерігіңмен бір бетте өту не сәлемдесу, олай етпесең ұрысып қаласың;
20. Қасыңдағы құрбыңмен бірдей адымдау (әдемі көрінеді-міс сырт көзге)))) ал ары қарай жалғастырыңдар)))
m170785
Қыздар ұйықтап қалсада жігіттерде ұйықтап қалады ғой
calendula
6. Шығар алдында міндетті түрде тағы бір рет айнаға қарау.
осы ғана сәйкес келеді маған.
torpedaip
еркектерден асып түспесе, түк айырмашылығы жоқ екен қыздардың ))))
banzaika1990
Осы постты жазарда жігіттеріміз «Иә, қыздар сондай ғой» деп күлер ме деп едім, өздерінің бойында да осындай аңғалақтық қасиеттер кездесетінін мойындап жатқандарына қуаныштымын. Жарайсыңдар Жігіттер! ))))))
pana
21 тырнақты үйден шығарда бояу
22 таксидің артында отырып,
қай жаққа бұрылам деген сұраққа ана жаққа деп айту))(мен солай жасай беремін үнемі)
23 ұйықтар алдында ертең не киерін жоспарлап қойса, таңертең кешірек тұру
24 өзіне көңілі толмау
25 бұйра шаштар түзулеп, түзу шаштылары бұйралап қою
26 сумкасыз жүре алмау
27 жігітінің фамилиясын өзінің атына қойып көру (өзім жасамасам да, жиі кездесетін сияқты)
28 мир-да онша көп адамдарың жеке бетін ашпауға тырысу
29 басқа әлеуметтік желіде "қонақтар"-дың жоқ екеніне қуану (комментсіз)
30 көңілінен шығатын киім таппаған кезде «туһ, жігіттерге қандай рахат»деп айтып қалу
Zhanat
қылықтарыңа қызықтырып, қырмызы қызғалдақтай қыдыратын қыздар-ай
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.