Үнді драмасы (Қазақ философиясымен:( ) #1

Анонимді Флудерлер Клубы /
Акт 1: Ғашықтар
— Арундхати, жаным, — деп бастады сөзін Нараьян, — кеше түнде қайда болдың? ауылдың Сумрат Раджи клубында біздің балдар сені Наджендрамен көргені рас па?! Ал, сен маған үйде мамаңмен бірге Чопатиге дайындалып жатқаныңды айттың емес пе?
— Нараьяааан, сенің достарың мені жақтырмайды. Үнемі екеумізді ажыратқысы келіп, осындай қыңыр әңгімелерді ілестіре жүреді. Қой мен қыздың жүрмейтін жері жоқ емес пе, Нараьян?! Барсам барған шығармын, бірақ, Наджердраның өзі артымнан қалмай жүріп алды ғой, — деп мақалдатып жіберді Арундхати.
— Енді, Наджендра өзінен көрсін, әкесінің… баласы! — деп Нараьян ашуға булықты.
— Туууй, қойшы Нараьян?! Жап-жақсы жігіт, ештеңе демей-ақ қойшы, жаным… — деп сызыла көзін бұлаңдатқан Арундхатидің сөзінен кейін Нараьян жіби кетті:
— Жарайды, Арундхати! Еркектік намысым тасым, құтым қашып тұрса да, бір жолға кешірдім.
— Сөйтшіііі, күнім сол ©, — деп сариымен Нараьянның бетін желпуді жалғастыра берді.

Акт 2: Тойдан алдын
— Лакшми, жаңа құдаларыңа китін қайдан алып жатырсың? — деп көрші әйел Джаянти үлкен құдаға алынған дхотидың материалын тексеріп.
— Былтыр, үлкен қызым Падмаватидің төркіні Уттар-Прадеш жақтағы бір таныстарынан барып алған екен. Өткенде құдағиға бір ауыз айтып едім, әлгі кісіні тауып берді. Өте арзан екен. Сатушыға "Өзіміздің бала екенсің" деп тағы да түсіріп, 25 данасын алып кеттім, — деп күліп, бір жадырап алды Лакшми.
— Жарайды, құдалық мың жылдық болсын, Лакшми-ау — деп Джаянти кетуге ыңғай білдірді.
— Әй, тамақ дайын болып қалды ғой, ауыз тиіп кетсеңші — деп Лакшми қонақжай мінез танытып қойды.
— Қоя беріңіз, күйеуім жұмыстан келіп отырған шығар, кейірірек кірермін деп, Джаянти есікке беттеді.
— Аман бол, айналайын...!
«Біреудің китінде не жұмысы бар екен осы қатынның?! Қашан көрсең де сумаңдағаны, сумаңдаған. Өткенде Прияның тойында қойылған балық пен тандурилерді шарасына салып зуылдап есіктен шығып бара жатқанын көрмегендей сөйлейді-ау...! Бұл жұртқа той жасасаң да...»
— Апа, көкем, сізге Радханың дүкенінен алған 550 рупияны бере салсыншы деп жатыр, — деген қызының даусы Лакшмидің ойын бөлді.
— Қызым, мынаны ал да, Радханың қарызын өтеп, келер кезде сүт ала сал…

25 пікір

alikona
түсінбедім, бұл қай киноларынан алынған?
Korkem
муахахахах
alikona
не болды Көркем?
MSHERIMBEK
Мұны Қазақстан арнасынан болып жатқан Келін сериалына протест ретінде жазылып жатыр деп ойлаң берсең де болады:) Ұзақ, қызық емес, әрі жүйкені максимал дәрежеде жұқартады:)))
Korkem
Ayala
А… дың снегурочкасына ұқсап кеттіғой мына 2-ші суреттегі қыз...
Korkem
муахахахах тссс Қызмызы естімесін.)))
pana
максимал дәрежеде))
AKA
Мынадан кейін көру керек болды, «Келін» сериалын. :)
MSHERIMBEK
көрдің ба???
AKA
Жоқ, енді көремін, ұмытып кетіппін :)
qyrmyzy
вахахаха, үнді сериалдарымен өстім де: ) Қайдан тауып аласың осындайды, епті.
"Құда  мың жылғы"
Үндістанда
qyrmyzy
күнім сол ©
вахаха, таныс, өте таныс… сағындым:(
AKA
Орысша араластырмай жазуға қалай қарайсыз, әлде қиындау ма? :)
MSHERIMBEK
Ну, Айнура, ты попала, муахахааха (қазақша күлдім)
AKA
Енді түсіндім ғой «Келін» сериалы маған ұнап келеді.
Abylai
Аннандииии =*
AKA
Иии, ят болаД мұнда, Жагдишия :)))
Abylai
:) Сабағымды орындап бересің ба? Жағырапия (:
AKA
Качори пісіріп әкелдім, сен жей тұр, мен сабағыңды орындап берейін. Тек әжем көріп қоймасын :))
Abylai
елестетіп кеттім
Ais_97
АКА Анандидың сөзін жаттап алыпсыңғоо, Жағдишия тентектік жасап қоймасын)))
AKA
Киноға түсу оғай емес, қалқатай. Қазір Садық көкең ұрсады, басқа жаққа кеттік.
BARBOSSA
Қалай боватыр, Келіндерің?:)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.