Виртуалды әлемде кең таралған қате.

Бәріңе сәлем. Қалдарың супер шығар)) Әрі қарай айта берейінші ойымды:
Осы виртуал әлемнің бір кемшілігі — эмоцияны толық жеткізе алмауында екен. Неше түрлі күлген, жылаған, ашуланған, ренжіген смайликтер, қиыннан құрастырылған сөздер де бәрі жабылып виртуал досыңызбен бетпе-бет сөйдескенде алатындай әсер туғыза алмайды. Себебі, досыңыз өз көңіл-күйін символдарға айналдырады, ал сіз сол символдардан не ұқтыңыз, солай қабылдап қаласыз.
Мысалмен айтсақ, мен ,өз басым, көңіл-күйім көтеріңкі кезде смайликтерді тым жиілетіп жіберемін. Кейде қалжыңдасқым келгенін керісінше белгілеймін. Әңгімелесімнің шағып айтқан әзілі ұнаған болса, бірдеңе деп жаза салам, типа ашуыма тиген сияқты мәтінді келтіріп + артынан жынданған смайликтерді ұра салам да ойланбастан энтерді тарс еткіземін. Мұным біреулерге жақсы көңіл-күй сыйлап, әзілдеріне демеу тауып жатса, кейбіреулердің бетін қайтарып тастайды екен. Ендігі түсініп қойған шығарсыздар не айтпағымды?
Жақсы сөз сөйлей білу аз, айтылған сөздерді де жақсы қабылдай білу керек.
Мысалымызды жалғастырайық. Сіз: -Сәлем!
Ол: -Иә, сәлем. Не болды?

Не деп ойлауға болады?
Тез-тез сөзін аяқтауға асығып отыр.
Сіз ол кісі үшін қызықсыз: сізден қызықты жаңалық, тәтті әңгімелер /свежий өсек/ күтіп отыр.
Ол кісіні ренжітіп алдыңыз жақын арада, сонысын сездіргісі келіп отыр.
Ол кісінің қолы бос емес жәй ғана))
Ол кісі «агентщиктердің» көбісі сияқты, тез жазады да қалай әсер ететінін ойлап жатпайды.
Сізді өзіне тым жақын ұстайды, бауыр баса бастаған. Сол себепті қалай жазса да сізді қанағаттандырамын деп шешті.
… тағы да көп ойларды тізе берсек болады екен /шынымды айтсам, ойым таусылғасын осылай дей салдым))/. Қандай сөз айтылса да жақсыға жориық ;)
Көп дау-дамайдың басы «сен сонда былай дегің келіп тұр ма не?», «жоқ, өзің дұрыс ұқпай жатсың»-мен басталып «да, ладно, ақталмай-ақ қойш», «е, ладно өзің білш»-пен аяқталатынын көзіміз шалып қалады кейде. Тағы да сондай сәт туып жатса оптимизммен қарайсыз ғой дегім келген.
Онсыз да барлығыңыз керемет білетін тақырыпты талқыға салып жіберген болсам...қай блогқа жазғанымды да ескересіздер ғой :-))

ҚТҚ/МТҚ: Мына сайтты жек көремін… тағы да жұмысыма ұйқым қанбай баратын болдым ғо! десем қалай??))

14 пікір

Jako
Тамаша пост, кейбірімізге осының, яғни, сөзді дұрыс қабылдай білудің жетіспей жататыны рас.
nurgazina
ИЯ!!! менде агентте осындай жағдайлар көп кездесетін! мен тіпті бір жәй ғана смайликтің кесірінен қаншама адамдардың көңіліне тиіп алатынмын.Әрине, бұны мен әдейі істемеймін! Мен керісінше басқа нәрсе айтқым, білдіргім кеп тұрад! Ал, ол как всегда дұрыс қабылдамайды! Сондай жиі болатын ұрыстардан шаршап, талай достарымды игнорға салып тастағанмын, немесе олар МЕНІ!!!
AKA
qyrmyzy
Сізге қатысты пост екен
AKA
Бүгіннен бастап тек салмақты жауап беремін. Ойын түсінбейтін адамдар жетерлік…
— Привет!
— Сәлем!
— Қалай жағдай?
— Жақсы, өзің?
— Мен де жақсымын. Не жаңалық?
— Жаңалық жоқ. Сенде?
— Менде де.
— Нестеватсың? немесе Әңгіме айт.
(ашу шақыратын сәт)
… (осымен бітті, мәңгілік үнсіздік, 2-3 күннен кейін тағы осылай)
Осындай стандартты жазудан шаршамайтын да адамдар болады екен. Қызық болсын деп түрлі жауап беруге тырысамын, бірақ соңы түсінбеушілікпен аяқталады. Жәәә, «игнор»дегенді мен де қолданып көрмесем.
qyrmyzy
Игнорым тола! Қолданып көр, кучт нәрсе.
qyrmyzy
кетқалдым, уаще, слм, отшиш, намайд
дегендерге қатысты пост па екен десем… Тақырыптан кейін нүкте БОЛМАЙДЫ!
Karakulov
Тақырыптан кейін нүкте БОЛМАЙДЫ!
хоп хоп)) ұқтым
banzaika1990
мирымда 80 адам бар, соның 10мен ғана күнделікті сөйлесемін! қалғандары қалжың түсінбейт Мен не жазсам да, олар не жазса да артын бағып, жақсы әзіл-қалжыңға айналдыруға тырысамын үнемі. Агентте түсінбеушіліктер болған емес.
aibek_mazhit
тастаған ойың орнды… ғаламторға кіргенде қалай әлеуметтік желіде отыратындарға түсінбеймін ,,, басқада қызықты сайттар көп емес пе ?!?!?!
Albina97
Сіз ол кісі үшін қызықсыз: сізден қызықты жаңалық, тәтті әңгімелер /свежий өсек/ күтіп отыр. хе хе

өте жақсы жазылған әңгіме))))))))
Rustem
ТУсинбеушилик бомасын десен оширип таста агентті!
Karakulov
агентті не үшін өшіресің? оның еш қатысы жоқ қо.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.