Отандық анимация алға басты

Мультфильм — ұлттық рухта ұрпақ тәрбиелеудің қайнар көзі. Балаларға ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеп, тарихымызды танытатын, тағы бір отандық анимациялық сериал жуық арада көрермен назарына ұсынылмақ. «Қазақия» деп аталатын мультфильмді оңтүстікқазақстандық аниматорлар жасап жатыр. Қазір олар туындының бірнеше сериясын аяқтап үлгерді.
«Қазақияның» басты кейіпкерлері — Асық пен Қамшы. Оқиға желісі Сырдария бойындағы «Асқабақ» ауылында өрбиді. Әрбір серия белгілі бір тақырыпты қаузайды. Көңілді, әрі білмекке құштар қос кейіпкер саяхат жасай жүріп, балаларға қазақы мақал-мәтелдердің мәнін, ата-анаға ізет, құрмет жасау, салт пен дәстүрдің тәрбиелік мағынасын түсіндіреді.
Батырхан Дәуренбеков, фильмнің режиссері:
«Қазақия» сериясы Қазақстандағы алғашқы сериал болып табылады. Оның әр сериясына біз мағына беріп отырамыз. Мысалы, біріншісінде мақал-мәтелдердің мәні түсіндіріледі «Көп түкірсе көл», деген екінші серияда Наурыз мерекесін түсіндіреміз. Үшінші сериясында, Асардың не екенін түсіндіреміз.
Жалпы, кейінгі кездері шетелдіктер «Спанч-боб», тасбақа «Ниндзия», «Өрмекші адам» секілді туындылар арқылы өз таным-түсініктерін насихаттауға кірісті. «Мұндай жасырын шапқыншылыққа «Қазақия» тойтарыс береді», дейді отандық аниматорлар. Қазір, олар фильмнің алғашқы төрт сериясын жасап бітті. Оның әрқайсысының ұзақтығы 7-8 минуттан.
Нұриддин Пәттеев, киностудия директоры:
Әзірге мұны өз күшімізбен қаржыландырып отырмыз. Бір-екі арнаға ұсынып көрдік. Қызығушылық танытып жатыр. Келісім жасасақ, жұмысты бастаймыз.
Аниматорлар «Қазақияның» әр сериясына 3 миллион теңгенің төңірегінде қаржы жұмсаған. Тапсырыс немесе қаржылай қолдау болып жатса, мультфильм 20-30 сериясын шығаруға мүмкіндік бар, дейді олар.

P.S.Мен көрмеймін!Қызық емес!

9 пікір

maulen_fire
хэ ілмек))!
Zhassiko
иә, ілмек))!
followme_alik
Сүйіскілерің кел`кеттіме?… :muuuua:
Zhassiko

ИнТИМ НЕ ПРЕДЛАГАТЬ, Я — МаЛОлеТка
AKA
Нестеватсыңдар-әй?!
Zhassiko
Мультфильм көрмейтінің қызық!)))
Дереккөзді қайдан алдың? Сілтеме?!
Qarabala_95
Multfilmdi kormeidi emes koredi sen nursultan komp oinaisingoi oindardi so multfilmgoi xD
rauan
дерек көз Kaztrk.Kz
тіпті мақаланың авторының атында жазбапсыңңң ))
Aknyet99
Хахахахах екінші ілмегің ӨРТ екен:)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.