Неге мен?

Уимбэлдон (Wimbledon) жарысының алғашқы афроамерикандық чемпионы атанған теннис ойыншысы Артур Эш (Arthur Ashe) қан құю кезінде СПИД жұқтырып, өлім төсегінде жатқанды. Жанкүйерлерінің біреуі:

―Осындай ауыр ауру үшін Құдай неліктен ғана сені таңдады?! — деп сұрайды.

Сонда Артур былай деген екен:
―Күллі дүниеде 50 миллион бала тенниске қызығады, 5 миллионы теннис ойынын меңгереді, 500 мыңы ғана кәсіби теннисші болады, 50 мыңы түрлі сайыстарға қатысады, 5 мыңы үлкен жарыстарға дейін жетеді, солардың ішінен 50 шақтысы ғана Уимблдонға кіреді, 4-і жартылай финалға жетсе, 2-і ғана финалда ойнайды. Қолымда чемпиондық кубок болғанда Құдайға «Неге мен?» деп еш сұраған емеспін. Қазір өлім төсегінде жатып, Құдайға қалайша «Неге мен?» деп айта алам...?

суретте: Артур Эш(peoples.ru)

12 пікір

Sabions
базар жоқ, жақсы айтыпты
rauan
Күшті айтыпты ))
nurgazina
тенниске қатысушы немесе… солардың сандары шынымен сондай ма?Әлде жәй айта салған ба?
followme_alik
alemde tenniske kyzygatyn 10-ak myn adam, zhartylai phinalga 1-ak adam, phinalga 3 adam otpeityn shygar endi) ia, solai Aliya.
nurgazina
аааа… солай ма? қалай дәл айтад дим да Эш деген кісіні…
followme_alik
сонда да жобалап айтыпты)
Korkem
Базар жоқ…
Nursultan2002
angimeler.wordpress.org осы сайтта болған
Ak123
оны білмеймін, мен бұны орысшадан аудардым)
Nursultan2002
Сол сайт жабылды ма? Бірдеңе
Ak123
иа жабылды дейді ғой
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.