Тікелей эфирде веб-камерадағы көріністерді көргің келе ме?

Сәлем, Айтаберліктер!

Ғаламтор шарлап отырып керемет сайтқа кезіктім. Бұл сайтқа кіріп тікелей эфирде веб-камерадағы тіршілікті көруге болады. Яғни, көшеде тұрған веб-камерадағы көріністерді ғаламтор арқылы онлайн бақылап көруге болады. geocam.ru сайтына кіріңіздер. Қалай көруге болады? Сурет арқылы түсіндірейін.

Алдымен сайтқа кіреміз, кіргенде сайт ашылады.



Мысалға сайттың жоғарғы жағында қалалар, елді-мекендер көрсетілген. Соны шертеміз. Қалағанымызды шертейік.



Шерткенде мынадай терезе ашылады. Мысалы: Украйнадағы Майдан алаңында орналасқан веб-камерадағы көріністі онлайн көрейік. «Смотреть веб-камеру» дегенді шертеміз.



Шерткен мезгілді мынадай терезе ашылады. Оны толық көлемде көру үшін веб-камера көрсетілген ойнатқыштың төменгі оң жағындағы «толық экран»-ды шертеміз.



Міне онлайн қарай беруге болады.





Жалғыз Украйна емес басқа да мемлекеттердің қалаларындағы веб-камерадағы көріністі тікелей эфирде яғни онлайн көруге болады.

10 пікір

pari
Жалғыз жоғарғы жағында емес веб-камералар сайттың сол жақ оң жақ бөлігінде көрсетілген. Очм кірсеңіздер түсінесіздер
User
Көшеге веб-камераларды қойып басына ит тепті дейсің ба!
Nursultan2002
Мадрид қаласы бар ма?
pari
інім ішін қара мүмкін болар
Nursultan2002
Мадридке барғым кеп жур ед!
rauan
Мүлдееем қызық емес айдаладағы танымайтын жерді қарап отырған
pari
қызық емес болса да қарап отыр мүмкін төбелестер орын алып қалар
Aknyet99
Қой мен Нарутомның туған елі Жапонияға барып келейін.
Sabions
бұндайды бұрын көргем, но арнайы сайттан емес взлом веб-камера арқылы ")
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.