Айта салдым.

Анонимді Флудерлер Клубы /
Есімін білгеніңмен, оның телефон нөмірінде ойы жазылмайды.
* * *
Жігіт қортық қыздарға ғана бас иеді.

* * *
Еркектің жалғыздығы — ас бөлменің ластығы.

* * *
Әйеліңмен 7 наурызда ұрысып қалсаң, кө-ө-ө-өп ақшаны үнемдейсің.

* * *
Сен звондағанда ешкім жауап бермесе, үйдегілер жоқ екен деме, әлдебіреу трубканы көтермей тұр деп ойла.

* * *
Көршім үйленген қызды басқа жігіттер мақтап жүр.

* * *
Ішімдік ішкиімді де жыртқызады.

* * *
Еңкейе берсең, иіліп қаласың.

* * *
Қызды жақсы көрсең де, қызылды жақсы көрме. Себебі көшенің арғы бетіне өтеріңде, өмірдің арғы бетіне өткізіп жіберуі мүмкін.

* * *
Еденді ауыстырғың келмесе, үйдің төбесін жап.

* * *
Арақ ішудің екі тиімді сәті: қияр бар кезде және жоқ кезде.

* * *

Кейде адамның өмірін бір үтір (,) де шешеді. Мысалы: Атуға болмайды, босатуға! Атуға, болмайды босатуға!

* * *
Біздің көшеге де Камаз анашамен аударылар.

* * *
Мас еркектің аузында сау әйелдің ойындағысы тұрады.

* * *
Қызды қанша тойдырсаң да, ішкізбесең болмайды.

* * *
Түсіңде байып жүрсең, оянбай-ақ қой.

* * *
Дүниеде ең тез және оңай болатын нәрсе — әйел болу.

Дереккөз: Мәссаған.кз.

19 пікір

AKA
Көршім үйленген қызды басқа жігіттер мақтап жүр.
Түк түсінбедім?
Күле алмадым…
Jako
Әй, сондай қыздар болады, түсінбегенің жақсы шығар.
AKA
Пікіріңіз жазбадан өтімдірек болды, сонда да түсіндірсеңіз?
Korkem
Көршім үйленген қызды басқа жігіттер мақтап жүр.
ары да ойлап, бері де ойлап түк миыма сыйғыза алмадым. О не?
Jako
Көршісінің келіншегін басқа жігіттер мақтап жүрсе жақынырақ көрген болар, болмаса қайдан біледі.
mairosh
Әйеліңмен 7 наурызда ұрысып қалсаң, кө-ө-ө-өп ақшаны үнемдейсің
ық ық әйелдерде ақмақ емес қо 7 наурызда ұрысып, қайта жағдайын жасап кететін шығар))
Daniar_alan
мәссағаннан көшіре салғаның болмапты енД… бірақ ішіндегінің бәрі дәл ей дәл…
Jako
Дәл көшірмегенде енді қате көшіруім керек па еді, келесі жолы ойда болсын құрметтім!)))
Uleke
айтабер осылай баска сайттан коширме жасап елеули роль аткара алмайды екен, казак тилди интернет когамында…
Uleke
олай болса такырып «кошире салдым» болуы керек-ау… жалпы, биреуге сын айтканда озимизди байкамаймыз, озимизге айтканда кандай болады екен?!
Jako
Тақырыбын да дәл көшіріп алдым, өзгертсем ұрлық болады.
AKA
Аға, басқа сайттан көшіріп әкелудің қажеті жоқ дейді мұндайларды. Өзіңіздің өмірлік әзілдеріңізді жазсаңыз деген ниет.
Jako
Ааа, түсіндім, бірақ неге басқаларға болады, ал маған болмайды?
Uleke
себеби, сиз — осы жайында пост жазган бирден-бир колданушы ари бетке устар атамызсыз:)
Jako
Еее, мен адамдар білмей копипас жасайды ма десем, біліп-ақ жасай береді екен ғой. Мен дереккөздің сілтемесін қойдым, ал сол сілтемені де қоймайтындарды қайтеміз.
qyrmyzy
Ағасы, жәй жазбадыңыз ба, жәй! Маған басқаша әсер етті…
zhomart
Мас еркектің аузында сау әйелдің ойындағысы тұрады.
дәл-ей, дәл
dimash
Көшірмегеніңізде мен бұны оқымаған да болар едім) Кейбіреулерін көшіріп тұрған да дұрыс па деп қоям.

Қызды қанша тойдырсаң да, ішкізбесең болмайды.

Қызды жақсы көрсең де, қызылды жақсы көрме. Себебі көшенің арғы бетіне өтеріңде, өмірдің арғы бетіне өткізіп жіберуі мүмкін. Керек кезінде айтып қалатындар екен))
qwenchi
Атуға болмайды, босатуға! Атуға, болмайды босатуға!

Қазақшасы как всегда келіспейді
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.