Қабан

Анонимді Флудерлер Клубы /
Ауылдық жерде кешкісін балалардың жиналып ойнайтын ойындарының бірі — ҚАБАН. Бұл ойын қараңғы түсе, кешкісін ойналады. Балалар теңдей екіге бөлініп, екі топ болып ойнайды. Бірінші топ — іздеуші, екінші топ — жасырынушы болады. Яғни жасырынған топты іздеп тауып "Қабан,қабан" деп айқайлап жардағы дөңгеленіп сызылған спукты басу керек. Ал ол спукты жасырынған топ іздеуші топтан бұрын барып басса, (яғни жарды алақанымен соғады) жасырынушы топ екінші мәрте жасырынуға мүмкіндік алады.
Іздеуші топ ойынды бастарда, былай деп тақпақтатады:
"Қабан,қабан,
Отқа піскен қара нан,
Қара нанды жемейсің,
Қарным ашты демейсің,
10,20,30,40,50,60,70,80,90,100
Жүзден асқан сұлу қыз,
Сұлу қыздың бағасы ноль, ноль, ноль,
Таудан құлап ӨЛ!"
,- дейді де, жасырынған топты іздеуге кірісіп кетеді. Бұл ойынды алты оқып жүргенімде ойнағанмын. СОндай қызық ойын еді…

11 пікір

Ak123
Пари, сен ұйқыдан тұрғанда: «Бүгін мен Айтаберге мынанша пост жазуым керек» деп жоспарлайсың ау дим...
pari
жоқ, ойыма түскенін жаза берем.
User
Жақсы пост ұнады, Пари сен кереметсің! Осындай пост көбейе берсе екен.Сайтымыз дамып, оқырмандардың айызын қандырып келе жатырсың ДЕЕЕЕП айту қиын дааа.
Ak123
йо мықтысың ғое
Ak123
Сұлу қыздың бағасы ноль, ноль, ноль,
мәәәә, Сұлу қыздың бағасын ниже плинтуса қып тастапсыңдар ғой
User
Әлі де ойнайтын сияқтысыңдар…
qyrmyzy
Пари, ойындарда анадай сөз айтпауға болмай ма???
pari
жоқ ойынның тақпағы осындай типа гимні. қыздарда айтқан бұл тақпақты:)
AKA
Ойын жазғы демалыспен аяқталған шығар, сабағың туралы жазшы одан да…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.