«Төрт жақтан төрт әйел алар едім»

Анонимді Флудерлер Клубы /
«Агент» арқылы танысып, отбасылы болу қалыпты жағдайға айналғаны қаша-а-ан! Мәссаған, басқа-басқа енді буыны бекіп, бұғанасы қатпаған жүгермектер де әйел алу мәселесін сөз қылып, армандарын блогына жазып қоятын әдет шығарыпты.

«Тоқал алуды заңдастыратын болса, төрт жақтан төрт әйел алар едім. Үйге отын-су тасуға Қызылордадан, көмір жағуға Қарағандыдан, тойға баруға Шымкенттен, тамақ істеуге Жезқазғаннан әкелемін». Бір шүйкебасқа қолы жете алмай жүріп Бейбіттің қиялдамайтыны жоқ-ау! Әйел алғышымыздың сөзін Әмірхан түрлендіре түсіпті: «Жамбылдық қыз, астаналық пәтер, Атыраудың жалақысы, Алматының ауа райына не жетсін, шіркін!»

Блогына болашағын жазғандардың арасынан Бегімнің күйеу таңдаудағы ұстанымы бізге ұнап қалды: «Өз ұлтымды өзгешелеу сүйемін. Сондықтан да, қазақ болсын күйеуім!». Әп-бәрекелді! Қазақтың әр қызы Бегімдей ойласа, басқа ұлттың етегінен ұстайтын қыздар азаяр ма еді?..

Маржан есімді ару қыз былай дейді: «Агентте махаббат деген болмайды. Осы агент махаббатты қорлайды. Анкетадан бір-ақ фото көріп алып, Жалғыз сені сүйемін деп қоймайды». Ау, Маржан, ғашық болуға бір сурет жеткілікті ғой. Қасын керіп, мықынын таянған сұлуды көргенде жігіттің жүрегі езіліп кетпей ме.
«Қарап отырмай, ойын ойнайық. Маған бір смайл жібер...» (Айжан) деп басталып, ары-қарай жалғасып кететін спамдардағы әр смайлдың өз орны бар. Біреуін жіберсең бәлеге қалғаның. «Үйленемін, сүйемін, ғашықпын» дегені таусылмайды. Алайда, іш пысып, блог оқып отырғанда керек екен. «Спам» жіберіңдерші, плиииз» (Талшын).

15 пікір

konvict
Қызықты блог көрсең, атым қазитке шықсын десең маған жазып тұр
Daniar_alan
Нұрлы Ацсотононы мында да пихать етватсың ба бырат :))
Korkem
Тормыздардың әрекеті
konvict
Кетшәй, өзің. Тастап кеткесін көре алмай жүрмісің?
Korkem
мен сені өмірімде көрмеппін әлі, жүдә көрмегеніме қуанам ше
kozy
тойға баруға Шымкенттен
алындар бiздiн жактын кыздарын. боковой, прямойды жаксы менгересiндер:)))
Zhanat
Шымкентің қыздарына реклама күшті екен)))
mairosh
Үйге отын-су тасуға Қызылордаданқандай отынды айтасыз?))))
ereke_enu
Орталық, Батыс, Шығыс, Оңтүстіктен алар ем. Және арасына 5-6 жыл салып))) Бірінші Батыстан, сосын… )
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.